[:kz]«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов[:ru]Инициатива Президента «Таза Қазақстан» реализуется как ключевой принцип, заложенный в Конституции — Олжас Бектенов

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253096?lang=kk

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлыққа ұқыпты қарау әр азаматтың басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ел қызметінің негізгі қағидаты. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде бірізділікпен жүзеге асырылуда. Біздің осы қағидатты ұстануымыздың жарқын мысалы ретінде экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге қоғамның барлық өкілін, еріктілер мен бизнесті тарту бойынша ауқымды жұмыс болды. Біз табиғатқа ұқыпты қарау және тазалықты сақтау Қазақстанның әрбір азаматы үшін ішкі қажеттілік пен күнделікті өмір нормасына айналғанын қалаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында елімізде 1 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 4 млн-нан астам адамның, оның ішінде 510 мың еріктінің қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Республика бойынша 76 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 413 мың тонна қалдық жиналды және шығарылды. Сондай-ақ115,7 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы бастау алған үш жыл ішінде елді мекендерде 5,6 млн-нан астам ағаш отырғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам көшет пен жас шыбық егілді.

Премьер-министр бірқатар өңір әкімдерінің есептерін тыңдады.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жыл басынан бері 900 гектардан астам аумақ тазартылып, 3,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылғанын баяндады. Биыл 30 мың ағаш отырғызу жоспарланса, көктемгі кезеңде 19 мың көшет пен бұта отырғызылды. Өңірде 2027 жылға дейін қағаз және резеңке қалдықтарын қайта өңдеу цехын іске қосу жоспарланып отыр.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің баяндамасына сәйкес, өңірде 332 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 3 мыңнан астам экологиялық акция мен сенбілікке 355 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 380 тонна қоқыс шығарылды. «Түркістан» экобағы ашылды, қуаттау стансаарымен жабдықталған 33 электр автобус пайдалануға берілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылғанын баяндады. Облыста Өскемен қаласындағы «Таза Қазақстан», «Қайыңды тоғай», «Жасыл аймақ» және «Таулы Үлбі» секілді ірі экопарктер құрылуда. Жалпы экологиялық акцияларға 330 мыңнан астам адам және 19 мың ерікті қатысты.

Премьер-министр «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бір реттік экологиялық акциялар форматынан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыру және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясатқа айналғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың тиімділігі өткізілген іс-шаралар санымен емес, елді мекендердің жағдайының, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейінің нақты өзгерістерімен және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығымен бағаланады. Бұған қол жеткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді абаттандыру, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу объектілерін дамытумен байланысты жүйелі жұмыс істеуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр:

барлық мемлекеттік органдарға тұжырымдамада көзделген барлық іс-шараның сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын, сондай-ақ белгіленген нысаналы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді;

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы іс-шараларға жастар, волонтерлік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен бизнестің қатысуын кеңейту арқылы бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

***

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында ағымдағы жағдай және қалдықтарды басқару бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Олардың ішінде қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, энергетикалық тұрғыда кәдеге жарату, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын жаңғырту, сондай-ақ энергия үнемдеу және экономиканың энергия тиімділігін арттыру салалары бар.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың баяндамасы тыңдалды:

2025 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесі 30,7%-ды құрады. 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу 40%, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу 50% болады деп күтілуде;

өткен жылы анықталған 3 828 стихиялық қоқыс орнының 3 629-ы немесе 95%-ы жойылды. Ал осы жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 1 983-тен 585 болды;

кәдеге жарату төлемі есебінен жеңілдетілген қаржыландыру шеңберінде 374 млрд теңгеге 68 жоба мақұлданып, оның 12-сі пайдалануға берілді;

2 755 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық жерлерде алаң бөлу үшін жекелеген рұқсат беру рәсімдері мен экологиялық талаптар жеңілдетілді, жаңа нысандардлың құрылысы кәдеге жарату төлемінен түсетін қаражат есебінен қаржыландырылатын болады;

«Экоқолдау» бағдарламасына 94 компания қосылған. 115 мың тоннадан астам қағаз, шыны, шина мен пластик қайта өңделді, төлем көлемі 3 млрд теңгені құрады. Бөлек-бөлек жинау тәсілін тұрғын үй секторы деңгейінде кеңейту жұмыстарына қоқыс шығаратын компанияларды, МИБ және ПИК-терді қосу пысықталуда.

Талқылауға «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Асхат Сүлейменов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина қатысты. Атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру сапасын, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін цифрлық құралдар мен ЖИ шешімдерін енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Бұдан басқа, өңірлерге кеңес беру, заманауи технологияларды енгізу және үздік халықаралық тәжірибелерді кеңінен тарату үшін «жасыл» жобаларды сүйемелдеу бойынша үйлестіру жұмыстарын күшейту ұсынылды. Премьер-министр жүргізіліп жатқан жұмыстар өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы экожүйені қалыптастыруға ықпал ете отырып, тұрғындар үшін жайлы орындарды, жаңа тарту нүктелерін құруға тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы маңызды экологиялық міндеттердің бірі ретінде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселесіне ерекше назар аударады. Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөнінде тұжырымдама бекітілді, тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа полигондар салу үшін қажетті нормативтік актілер қабылданды, саланы жеңілдікпен кредиттеу тетігі іске асырылуда. Рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Дегенмен, шешімдерді қажет ететін бірқатар мәселелер бар», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының тапсырмалары:

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бір апта мерзімде тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңа полигондарын салу тетігін жүзеге асыру жөніндегі қаулы жобасын Үкімет аппаратына енгізсін;

өңірлердің әкімдіктері рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жөніндегі жұмысты күшейтсін. Премьер-министр ағымдағы жұмыстың әлсіз қарқынын атап өтті;

қалдықтарды қайта өңдеу.

«Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде «Тұйық циклді экономика» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылды, оның негізгі қағидаты – қалдықтардың пайда болуын болдырмау. Мәселен, Швецияда қоқыстың 1%-дан азы полигондарға түседі. Бұл ел тіпті көрші елдерден қалдықтарды импорттайды. Германияда тұрмыстық қалдықтардың 67%-дан астамы айналымға қайтарылады. Тізімді жалғастыруға болады. Қалдықтарды қайта өңдеу – міне бұл біз ұмтылатын меже. Алайда, қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобаларды жүзеге асыруды кешіктіріп жатқан фактілер бар. Осыған байланысты, Экология министрлігі бір апта мерзімде қалдықтарды қайта пайдалану саласындағы жобаларға тексеру жүргізсін және оларды іске асыру жөнінде нақты шешімдер енгізсін», — деп атап өтті Премьер-министр.

***

Бұдан бөлек, энергия үнемдеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға және саланы дамыту жөніндегі жоспарларға назар аударылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп секторында ірі кәсіпорындармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде энергия сыйымдылығының 32%-ға төмендегенін баяндады. Оның айтуынша, ірі кәсіпорындар үшін энергия тиімділігі бойынша жеке мақсатты индикаторлар әзірленген. Шамамен 300 ірі өнеркәсіп нысанында энергетикалық аудит жүргізіліп, 113 млрд теңге көлемінде энергия үнемдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде салада айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. Қазіргі таңда тағы 300-ден астам нысанда осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы 5%-ға төмендеді.

Премьер-министр энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында озық тәжірибені енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы жақында Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы әлемдік орташа мәндерден 2 есе және ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерінен 3,5 есе жоғары екенін атап өтті. Халықаралық энергетикалық агенттік белгілеген жаһандық үрдіс энергия сыйымдылығының жоспарлы төмендеуі болып қала береді – жаһандық экономика аз ресурстарды пайдалана отырып, көбірек пайда табуды үйренуде. Сондықтан энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында озық тәжірибені белсенді енгізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырысқа қатысушылардың назары әлемдік тәжірибеге аударылды. Мәселен, Германия мен Жапонияда металлургиялық және химиялық зауыттардан артық жылу атмосфераға шығарылмастан жылу сорғыларымен алынып, жақын маңдағы тұрғын аудандарды жылытуға жіберіледі. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа ғимараттарды салу кезінде аса герметикалық жылу оқшаулау, энергияны үнемдейтін терезелер және ауаны қалпына келтіру жүйелері қолданылады.

«Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға қарай экономиканың энергия тұтынуы мен энергия сыйымдылығын 15 %-ға төмендету міндетін қойды. Өнеркәсіптің барлық субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі өздерінің іс-шаралар жоспарларын бекітуге тиіс. Бір апта мерзімде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының, Астана қаласының әкімдіктері тиісті Жол карталарын бекітуі қажет. Өнеркәсіп министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деді Премьер-министр

Өнеркәсіп министрлігі жауапты органдармен және әкімдіктермен бірлесіп жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет.

https://primeminister.kz/news/taza-kazakstan-prezident-bastamasy-konstituciiada-belgilengen-negizgi-kagidat-retinde-zuzege-asyrylyp-zatyr-olzas-bektenov-31602[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253096?lang=ru

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан.

Рассмотрен ход реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан».

«В Новой Конституции Республики Казахстан охрана окружающей среды, бережное отношение к природным богатствам закреплены как одна из главных обязанностей каждого ее гражданина. Основополагающими принципами деятельности страны является формирование высокой экологической культуры. В этой связи инициатива Главы государства «Таза Қазақстан» поступательно реализуется как ключевой принцип, заложенный в Конституции. Ярким примером нашей приверженности данному принципу стала масштабная работа по вовлечению всех представителей общественности, волонтеров, бизнеса в совместное решение экологических вопросов. Мы стремимся к тому, чтобы бережное отношение к природе и соблюдение чистоты стали внутренней потребностью и повседневной нормой жизни для каждого гражданина Казахстана», — подчеркнул Олжас Бектенов.

По данным Министерства экологии и природных ресурсов,  в рамках «Таза Қазақстан» с начала текущего года высажено более 1 млн деревьев, проведено свыше 200 экологических мероприятий с участием более 4 млн человек, в том числе 510 тыс. волонтеров. Очищено более 76 тыс. га территорий, собрано и вывезено 413 тыс. тонн отходов, на переработку направлено 115,7 тыс. тонн отходов. Всего с начала запуска общенационального движения «Таза Қазақстан» за три года в населенных пунктах высажено свыше 5,6 млн деревьев, в государственном лесном фонде свыше 1 млрд саженцев и сеянцев. Руководитель Правительства заслушал отчеты акимов ряда регионов.

Аким области Ұлытау Дастан Рыспеков доложил, что с начала года очищено свыше 900 га территорий, вывезено 3,5 тыс. тонн твердых бытовых отходов. Из запланированных к посадке в текущем году 30 тыс. деревьев в весенний период уже высажено 19 тыс. саженцев и кустарников. До 2027 года в регионе планируется запустить цех переработки отходов бумаги и резины.

Согласно докладу акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова, в регионе высажено свыше 332 тыс. деревьев. В более чем 3 тыс. экологических акций и субботников приняли участие свыше 355 тыс. жителей и задействовано более 1,2 тыс. ед. спецтехники. В результате вывезено 380 тонн мусора. Открыт «Экопарк Туркестан», запущено 33 электробуса с зарядными станциями.

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов доложил о вывозе свыше 22 тыс. тонн мусора. В области создаются крупные экопарки, включая «Таза Қазақстан» в Усть-Каменогорске, «Березовая роща», «Жасыл аймақ» и «Горная Ульбинка». Всего в экоакциях приняли участие более 330 тыс. человек и 19 тыс. волонтеров.

Премьер-министр отметил, что Концепция развития экологической культуры «Таза Қазақстан» уже трансформировалась из формата разовых экологических акций в последовательную государственную политику по формированию экологической культуры, повышению ответственности граждан за состояние окружающей среды и улучшению качества жизни.

«Эффективность реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан» оценивается не количеством проведенных мероприятий, а конкретными изменениями в состоянии населенных пунктов, уровне экологической культуры населения и устойчивости достигнутых результатов. Для ее достижения необходима системная работа центральных и местных исполнительных органов по благоустройству населенных пунктов, развитию соответствующей инфраструктуры, в том числе связанной с переработкой отходов, профилактикой экологических правонарушений», — подчеркнул Олжас Бектенов.

Руководитель Правительства поручил:

  • всем государственным органам – обеспечить качественную и своевременную реализацию всех мероприятий Концепции с обязательным достижением установленных целевых показателей;
  • усилить работу, расширив участие молодежи, волонтерских организаций, общественных объединений и бизнеса в мероприятиях инициативы «Таза Қазақстан».

***

На заседании Совета по переходу к «зеленой экономике» рассмотрена текущая ситуация и принимаемые меры по управлению отходами.  В частности, в области развития инфраструктуры переработки, энергетической утилизации, модернизации полигонов твердых бытовых отходов, а также энергосбережения и повышения энергоэффективности экономики.

Заслушан доклад министра экологии и природных ресурсов Ерлана Нысанбаева:

  • по итогам 2025 года доля сортировки и переработки коммунальных отходов составила 30,7%. К 2030 году ожидается, что показатель переработки коммунальных отходов составит 40%, промышленных – 50%;
  • за прошедший год устранено 3 629 стихийных свалок из 3 828 выявленных объектов, или 95%. За первое полугодие 2026 года – 585 из 1 983;
  • в рамках льготного финансирования за счет утилизационного платежа одобрены 68 проектов на 374 млрд теңге, из них 12 уже введены в эксплуатацию;
  • ведется модернизация 2 755 полигонов ТБО, для сельских площадок упрощены отдельные разрешительные процедуры и экологические нормы, строительство новых объектов будет финансироваться за счет средств утилизационного платежа;
  • к программе «Экоқолдау» подключены 94 компании. Переработано более 115 тыс. тонн бумаги, стекла, шин и пластика, объем выплат составил почти 3 млрд теңге. Прорабатывается подключение мусоровывозящих компаний, ОСИ и КСК для расширения раздельного сбора на уровне жилого сектора.

В обсуждении приняли участие директор Научно-образовательного центра «Зеленая Академия» Бахыт Есекина, председатель правления ОЮЛ «Ассоциация экологических организаций Казахстана» Айгуль Соловьева, председатель правления ОЮЛ «Коалиция за “зеленую экономику” и развитие G-Global» Асхат Сулейменов, председатель правления НАО «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов» Сакен Калкаманов, исполнительный директор Казахстанской ассоциации по управлению отходами «KazWaste» Вера Мустафина. В частности, озвучены предложения по внедрению цифровых инструментов и решений ИИ для оценки качества благоустройства, санитарной очистки и озеленения населенных пунктов, а также их влияния на окружающую среду. Кроме того, предложено усилить координационную работу по сопровождению «зеленых» проектов для консультирования регионов, внедрения современных технологий и распространения лучших международных практик. Премьер-министр подчеркнул, что проводимая работа должна создавать комфортные места, новые точки притяжения для жителей, способствуя повышению качества жизни и формированию благоприятной экосистемы.

«Глава государства уделяет особое внимание вопросу управления твердыми бытовыми отходами, как одной из важных экологических задач. Утверждена Концепция по управлению всеми видами отходов, приняты необходимые нормативные акты для строительства новых полигонов ТБО, реализуется механизм льготного кредитования отрасли. Проводится постоянная работа по ликвидации несанкционированных свалок. Однако, имеется ряд вопросов, требующих решений», — подчеркнул Олжас Бектенов.

Поручения руководителя Правительства:

  • Министерству экологии и природных ресурсов – в недельный срок внести проект постановления по реализации механизма строительства новых полигонов ТБО в Аппарат Правительства;
  • акиматам регионов усилить работу по ликвидации несанкционированных свалок. Премьер-министр отметил слабые темпы текущей работы;
  • рециклинг отходов.

«В передовых странах мира достаточно успешно реализована концепция «Экономики замкнутого цикла», главный принцип которой – предотвращение появления отходов. Например, в Швеции менее 1% мусора поступает на свалки. Страна даже импортирует отходы из соседних стран. В Германии более 67% бытовых отходов возвращается в оборот. Список можно продолжать. Рециклинг отходов – это то, к чему мы должны стремится. Однако, имеются факты, когда затягивается реализация проектов в сфере переработки отходов. В этой связи, Министерству экологии в недельный срок провести ревизию проектов в сфере повторного использования отходов и внести конкретные решения по их реализации», — подчеркнул Премьер-министр.

Кроме того, внимание уделено проводимой работе в сфере энергосбережения и планах по развитию отрасли. Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил, что в промышленном секторе достигнуто снижение энергоэффективности на 32% за счет проведенной работы с крупными предприятиями. Для них разработаны индивидуальные целевые индикаторы по энергоэффективности. Энергоаудит прошли порядка 300 крупных промышленных объектов, реализован ряд энергосберегающих мероприятий на 113 млрд тенге, обеспечивший достижение существенной экономии в отрасли. Работа на сегодня ведется еще по свыше 300 объектам. В целом энергоемкость экономики РК по итогам 2024 года снизилась на 5%.

Премьер-министр подчеркнул важность внедрения передового опыта в сфере энергосбережения и энергоэффективности.

«Глава государства недавно отметил, что энергоемкость экономики Казахстана в 2 раза выше среднемировых значений и в 3,5 раза – показателей стран ОЭСР. Общемировой тенденцией, фиксируемой Международным энергетическим агентством, остается планомерное снижение энергоемкости – глобальная экономика учится производить больше благ, используя меньше ресурсов. Поэтому необходимо активно внедрять передовой опыт в сфере энергосбережения и энергоэффективности», — отметил Олжас Бектенов.

Внимание участников заседания было акцентировано на мировом опыте. Так, в Германии и Японии избыточное тепло от металлургических и химических заводов не выбрасывается в атмосферу, а улавливается тепловыми насосами и направляется на отопление близлежащих жилых кварталов. Во многих странах Европы при строительстве новых зданий используются сверхгерметичная теплоизоляция, энергосберегающие окна и системы рекуперации воздуха.

«Главой государства перед Правительством поставлена задача к 2029 году снизить энергопотребление и энергоемкость экономики на 15%. Все субъекты промышленности должны утвердить свои планы мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности. В недельный срок акиматам Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Актюбинской и Кызылординской областей, городу Астане надо утвердить соответствующие Дорожные карты. Министерству промышленности необходимо держать данный вопрос на особом контроле», — поручил Премьер-министр

Министерству промышленности совместно с ответственными органами и акиматами необходимо принять соответствующие меры по достижению запланированных показателей.

https://primeminister.kz/ru/news/iniciativa-prezidenta-taza-kazakstan-realizuetsia-kak-kliucevoi-princip-zalozennyi-v-konstitucii-olzas-bektenov-31602

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх