[:kz]Іле-Алатау ұлттық паркі: тау мен орман тоғысқан табиғи мұра[:ru]Иле-Алатауский национальный парк: живое наследие гор и лесов

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1252960?lang=kk

Іле Алатауының айбынды шыңдарына көз салсаңыз, алдыңыздан қар басқан биік таулар, терең шатқалдар, мөлдір тау өзендері мен табиғат өзінің тұмса сұлулығын сақтап қалған ну ормандар әлемі ашылады.

Дәл осы көркем мекенде, Солтүстік Тянь-Шаньның баурайында, Қазақстандағы ең ірі әрі табиғи құндылығы жоғары ерекше қорғалатын аумақтардың бірі — Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Іле Алатауы ұлттық паркі 1996 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды. Оның басты мақсаты — Іле Алатауының бірегей табиғи кешендерін, бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, тау ландшафттарын, орман алқаптарын және ғылыми, экологиялық әрі мәдени маңызы зор сирек кездесетін түрлерді сақтау.

Бүгінде парктің жалпы аумағы 200 160 гектарды құрайды. Бұл аумаққа әсем тау шатқалдары, орманды алқаптар, альпілік шалғындар, мұздықтар мен биік тау шыңдары кіреді. Парк шекарасы бойында аумағы 542 400 гектар болатын Алматы мемлекеттік кешенді қаумалы орналасқан.

Парк аумағы бірнеше функционалдық аймаққа бөлінген: қорықтық аймақ, экологиялық тұрақтандыру аймағы, туристік және рекреациялық аймақ, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызмет аймағы. Мұндай жүйелі аймақтарға бөлу табиғатты қорғау, ғылыми зерттеу, экологиялық ағарту және реттелген туризм бағыттарын үйлесімді дамытуға мүмкіндік береді.

Іле Алатауы ұлттық паркінің басты табиғи байлығының бірі — оның ормандары. 73 мың гектардан астам аумақ орманмен көмкерілген. Парктің ормандылығы 36,5 пайызды құрайды. Бұл ормандар тау беткейлеріне ерекше көрік беріп қана қоймай, өңірдің су қорын, топырағын, климатын және биологиялық алуантүрлілігін сақтауда айрықша маңызға ие.

Іле Алатауы ұлттық паркінің өсімдіктер әлемі ерекше бай әрі алуан түрлі. Мұнда жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің 2000-нан астам түрі кездеседі, олардың 37 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың қатарында Іле Алатауының тау экожүйелерінде сақталған Сиверс алмасы, кәдімгі өрік және басқа да сирек кездесетін өсімдік түрлері бар.

Парктің жануарлар дүниесі де сан алуан. Мұнда омыртқалы жануарлардың шамамен 270 түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілердің 48 түрі және құстардың 198 түрі бар. Олардың көпшілігі ерекше табиғат қорғау мәртебесіне ие. Тау ормандары мен шатқалдарында елік, қабан, түлкі, тиін, тас сусары кездессе, қолжетімділігі қиын биік таулы өңірлерде жабайы табиғаттың символына айналған сирек жыртқыштар мекендейді.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — жай ғана қорғалатын аумақ емес. Бұл — таулардың, ормандар мен өзендердің тірі мұрасы, жабайы жемісті өсімдіктердің бірегей генетикалық қоры сақталған табиғи зертхана. Мұнда өткен мен болашақ өзара тоғысады: ежелгі реликті түрлер тіршілігін жалғастырып, гүлдеп, жеміс беріп, адамзатқа табиғат алдындағы жауапкершілігін ұғындырады.

Іле Алатауы ұлттық паркі — Іле Алатауының жүрегі, Қазақстан табиғаты байлығының айқын символы. Бұл — асқар таулардың айбыны мен орманның нәзік сұлулығы үйлесім тапқан қасиетті мекен. Оны сақтау — болашақ ұрпақ алдындағы ортақ парыз. Біз келер ұрпаққа мөлдір өзендерді, жасыл шатқалдарды, гүлдеген алма бақтарын және жабайы табиғаттың тірі үйлесімін аманат етуге тиіспіз.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1252960?lang=ru

Если поднять взгляд к величественным вершинам Заилийского Алатау, перед вами откроется удивительный мир снежных пиков, глубоких ущелий, прозрачных горных рек и лесов, где природа сохранила свою первозданную красоту.

Именно здесь, у подножия Северного Тянь-Шаня, расположен Иле-Алатауский государственный национальный природный парк — одна из крупнейших и наиболее ценных особо охраняемых природных территорий Казахстана.

Иле-Алатауский национальный парк был образован 22 февраля 1996 года постановлением Правительства Республики Казахстан с целью сохранения уникальных природных комплексов Заилийского Алатау, его богатого растительного и животного мира, горных ландшафтов, лесов и редких видов, имеющих большое научное, экологическое и культурное значение.

Сегодня площадь парка составляет 200 160 гектара. Его территория охватывает живописные горные ущелья, лесные массивы, альпийские луга, ледники и высокогорные вершины. По периметру парк охраняется Алматинским государственным комплексным заказником, площадь которого составляет 542 400 гектаров.

Территория парка разделена на несколько функциональных зон: заповедную зону, зону экологической стабилизации, туристскую и рекреационную зону, а также зону ограниченной хозяйственной деятельности. Такое зонирование позволяет сочетать охрану природы, научные исследования, экологическое просвещение и регулируемый туризм.

Одним из главных природных богатств Иле-Алатауского национального парка являются его леса. Площадь земель, покрытых лесом, составляет более 73 тысяч гектаров. Лесистость территории — 36,5 процента. Эти леса не только украшают горные склоны, но и играют важную роль в сохранении водных ресурсов, почв, климата и биологического разнообразия региона.

Флора Иле-Алатауского национального парка отличается исключительным богатством. Здесь произрастает свыше 2000 видов сосудистых растений, из которых 37 видов занесены в Красную книгу Казахстана. Среди них — яблоня Сиверса, абрикос обыкновенный и другие редкие растения, сохранившиеся в горных экосистемах Заилийского Алатау.

Животный мир парка также разнообразен. На его территории обитает около 270 видов позвоночных животных, в том числе 48 видов млекопитающих и 198 видов птиц. Многие из них имеют особый природоохранный статус. В горных лесах и ущельях можно встретить косулю, кабана, лисицу, белку, каменную куницу, а в труднодоступных высокогорных районах — редких хищников, являющихся символами дикой природы.

Иле-Алатауский государственный национальный природный парк — это не просто охраняемая территория. Это живое наследие гор, лесов и рек, природная лаборатория, где сохраняется уникальный генофонд дикоплодовых растений. Здесь прошлое встречается с будущим: древние реликтовые виды продолжают жить, цвести и плодоносить, напоминая человеку о его ответственности перед природой.

Иле-Алатауский национальный парк — это сердце Заилийского Алатау, символ богатства казахстанской природы, место, где величие гор сочетается с хрупкой красотой лесов. Его сохранение — важный долг перед будущими поколениями, которым мы должны передать чистые реки, зелёные ущелья, цветущие яблоневые сады и живую гармонию дикой природы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх