[:kz]Қалдықтарды бөлек жинау үйден басталады: «Таза үй – Таза Ел» жобасы Астанадағы тұрғын үй кешендерін қамту аясын кеңейтуде[:ru]Раздельный сбор начинается с дома: проект «Таза үй – Таза Ел» расширяет охват жилых комплексов Астаны

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253156?lang=kk

Елордада көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына қайталама шикізатты өз аулаларында сұрыптап, тапсыруға мүмкіндік беретін «Таза үй – Таза Ел» экологиялық жобасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Жоба «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде «Жасыл даму» АҚ мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Zero Waste» ЖШС, «Astana Qagazy» ЖШС, «ReClaim» ЖК және EcoQolday цифрлық платформасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жобаның алғашқы кезеңінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер «Көктал 2», «Ақтілек», «Бақыт Премиум», «Crocus City», «Бұқар Жырау», «Республика», «Sat City», «Степной» тұрғын үй кешендеріне орнатылды. Қазіргі таңда жоба инфрақұрылымы кезең-кезеңімен кеңейтіліп, тағы 42 тұрғын үй кешенін қосу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар пластикті, макулатураны және шыныны өз аулаларындағы арнайы контейнерлерге тапсыра алады. Қайта өңдеуге жіберілетін қайталама шикізат алдын ала сұрыпталып, таза күйінде өткізілгені маңызды. Жиналған қалдықтардың барлығы отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіліп, жаңа өнім өндіруге пайдаланылады. Бұл өз кезегінде полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтып, қайта өңдеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба тұрғын үй кешендерінің өзіне де нақты пайда әкеледі. Тапсырылған қайталама шикізат үшін ақшалай қаражат есептеледі. Бұл қаражат тұрғындардың және үйді басқару органдарының шешімімен аулаларды абаттандыруға, қажетті жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алуға, сондай-ақ қалалық ортаның сапасын жақсартуға бағытталған өзге де бастамаларды жүзеге асыруға жұмсалуы мүмкін.

«Таза үй – Таза Ел» жобасы қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және азаматтарды «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді тартуға ықпал етеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253156?lang=ru

В столице продолжается расширение экологического проекта «Таза үй – Таза Ел», благодаря которому жители многоквартирных домов могут сортировать и сдавать вторичное сырье прямо у себя во дворе. Проект реализуется в рамках общенациональной экологической инициативы «Таза Қазақстан» по инициативе АО «Жасыл даму» и Общенациональной социал-демократической партии при поддержке Министерства экологии и природных ресурсов РК, акимата города Астаны, ТОО «Zero Waste», ТОО «Astana Qagazy», ИП «ReClaim» и цифровой платформы EcoQolday.

На первом этапе специализированные контейнеры для раздельного сбора отходов были установлены в жилых комплексах «Коктал 2», «Ақтілек», «Бахыт Премиум», «Crocus City», «Бухар Жырау», «Республика», «Sat City», «Степной». В настоящее время инфраструктура проекта продолжает расширяться – еще 42 жилых комплекса находятся на стадии подключения.

Жители могут сдавать пластик, макулатуру и стекло непосредственно во дворе своего дома. Для дальнейшей переработки вторичное сырье необходимо предварительно отсортировать и сдавать в чистом виде. Все собранные отходы направляются на отечественные перерабатывающие предприятия, где используются для производства новой продукции. Это позволяет сократить объем отходов, направляемых на полигоны, и увеличить объемы переработки.

Проект приносит практическую пользу и самим жилым комплексам. За сданное вторичное сырье начисляются денежные средства, которые по решению жителей и органов управления домом могут быть направлены на благоустройство дворовых территорий, приобретение оборудования и инвентаря, а также реализацию других инициатив, направленных на улучшение качества городской среды.

Проект «Таза үй – Таза Ел» способствует развитию культуры раздельного сбора отходов, повышению экологической ответственности населения и вовлечению граждан в реализацию экологической инициативы «Таза Қазақстан».

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх