[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1255333?lang=kk
2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (электр энергиясын өндіре отырып, қалдықтарды термиялық өңдеу) зауыттарын салу бойынша Инвестициялар туралы келісімдер жасалды. Тікелей келіссөздер шеңберінде аталған жобалар үшін электр энергиясына тариф 1 кВт/сағ үшін 55 теңге мөлшерінде белгіленді.
Аталған тетікті енгізудің мақсаты – қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесін арттыру, полигондарға көмілетін қалдықтар көлемін қысқарту, қалдықтарды басқару саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.
Қазіргі уақытта қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Корея Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және басқа да мемлекеттерде табысты іске асырылып келеді және қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында іске асырылатын жобалар ең озық қолжетімді технологияларды қолдануды көздейді және Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар жөніндегі директивасының талаптарына сәйкес келеді. Бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайтуды және қатаң экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі облыс орталықтарында осындай жобаларды іске асыру мақсатында әлеуетті инвесторлармен тікелей келіссөздер жүргізу және ұқсас шарттармен Инвестициялар туралы келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыруда.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниетті әрі дайын мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және ұсынылатын бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдіреді.
Өз кезегінде, Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығымен реттеледі.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1255333?lang=ru
В 2025 году заключены Соглашения об инвестициях по строительству заводов энергетической утилизации отходов (термическая обработка отходов с выработкой электрической энергии) в городах Астана, Алматы и Шымкент. В рамках прямых переговоров для указанных проектов установлен тариф на электрическую энергию в размере 55 тенге за 1 кВт·ч.
Реализация данного механизма направлена на увеличение доли утилизации и переработки отходов, сокращение объемов их захоронения на полигонах, повышение инвестиционной привлекательности отрасли обращения с отходами, а также снижение негативного воздействия отходов на окружающую среду.
На сегодняшний день проекты по энергетической утилизации отходов успешно реализуются во многих странах Европы, а также в Южной Корее, Китайской Народной Республике, Японии и других государствах, где они являются важным элементом современной системы обращения с отходами.
Проекты, реализуемые в Республике Казахстан, предусматривают применение наилучших доступных технологий и соответствуют требованиям Директивы Европейского союза о промышленных выбросах, что обеспечивает соблюдение строгих экологических требований и минимизацию выбросов загрязняющих веществ в атмосферный воздух.
В настоящее время Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан рассматривается возможность проведения прямых переговоров с потенциальными инвесторами для заключения Соглашений об инвестициях по реализации проектов энергетической утилизации отходов в областных центрах на аналогичных условиях.
Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан выражает готовность к конструктивному взаимодействию и всесторонней проработке инициатив с заинтересованными инвесторами, обладающими намерением и готовностью реализовывать проекты по энергетической утилизации отходов на территории Республики Казахстан.
В свою очередь, процедура заключения Соглашений об инвестициях регулируется приказом и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 11-1-4/113.
