[:kz]«Жасыл даму» АҚ орман өрттерінен қорғауды күшейтуге 16,9 млрд теңге бағыттады[:ru]АО «Жасыл даму» направило 16,9 млрд тенге на усиление защиты лесов от пожаров

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1255390?lang=kk

Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ-ы орман қоры, мемлекеттік табиғи аумақтар мен ұлттық парктерді өрттен қорғауды күшейтуге кәдеге жарату төлемі қаражаты есебінен қаржы бағыттады.

Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 16 916 552 707 теңгені құрады. Қаражат орман өрттерін ерте анықтаудың заманауи жүйелерін енгізуге, ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) сатып алуға, бейнебақылау, байланыс және деректерді беру жабдықтарын жаңартуға, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымды дамытуға жұмсалды. Бұл жүйелер бағдарламалық және техникалық шешімдерді біріктіріп, қорғалатын аумақтарды тәулік бойы бақылауға және өрт белгілері анықталған жағдайда ақпаратты жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған жоба Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Себебі еліміздегі орман алқаптарының үлесі салыстырмалы түрде аз, ал оларды қалпына келтіру ондаған жылдарды талап етеді. Сондықтан өрт ошақтарын ерте анықтау және жедел әрекет ету табиғи байлықты сақтаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Жоба аясында өңірлерге ЕАЖ-1 орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің 14 кешені жеткізілді.

Қаржыландыру өңірлер бойынша төмендегідей бөлінді:

Ақмола облысы – 4 838 441 450 теңге;

Қостанай облысы – 1 354 086 800 теңге;

Қарағанды облысы – 3 043 492 747 теңге;

Павлодар облысы – 1 045 995 589 теңге;

Алматы облысы – 3 337 277 304 теңге;

Түркістан облысы – 1 661 830 639 теңге;

Шығыс Қазақстан облысы – 1 635 428 178 теңге.

ЕАЖ-1 – қорғалатын аумақта өрттің алғашқы белгілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен. Жүйе тәулік бойы жұмыс істеп, түтінді, жану өнімдерін, температураның көтерілуін, сондай-ақ жалынның инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленуін тіркейді. Қауіп расталған жағдайда ақпарат жедел түрде диспетчерлік пунктке немесе өртке қарсы қызметке жіберіледі. Бұл әрекет ету уақытын қысқартып, өрттің кең таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жекелеген нысандарда тәулік бойы жұмыс істейтін шолу бұрышы кең автоматтандырылған бейнекамералар қолданылуда. Мұндай технологиялар өртті көзге анық байқалмай тұрып-ақ, бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.

Өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану және заманауи байланыс құралдарын қолдану орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың тиімділігін арттырады. Бұл тәсіл өртке жедел әрекет етуге ғана емес, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, адамдар үшін туындайтын қауіп-қатерді азайтуға, экологиялық және материалдық шығындарды барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру Қазақстанның табиғи аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және ормандарды төтенше жағдайлардан қорғаудың тұрақты әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1255390?lang=ru

В рамках экологической инициативы Президента Республики Казахстан «Таза Қазақстан» при поддержке Министерства экологии и природных ресурсов РК АО «Жасыл даму» направило средства утилизационного платежа на усиление защиты лесного фонда, государственных природных территорий и национальных парков страны от пожаров.

Общий объем финансирования составил 16 916 552 707 тенге. Средства направлены на внедрение современных систем раннего обнаружения лесных пожаров, приобретение дронов, обновление оборудования для видеонаблюдения, связи и передачи данных, а также развитие необходимой инфраструктуры. Такие системы объединяют программные и технические решения, которые позволяют круглосуточно контролировать охраняемые территории и оперативно передавать информацию при выявлении признаков возгорания.

Проект имеет особое значение для Казахстана, где леса занимают сравнительно небольшую часть территории страны. Их восстановление требует десятилетий, поэтому своевременное обнаружение возгораний и оперативное реагирование становятся ключевыми условиями сохранения природного богатства.

В рамках проекта в регионы передано 14 систем раннего обнаружения пожаров СРО-1.

Финансирование распределено по следующим регионам:

Акмолинская область – 4 838 441 450 тенге;

Костанайская область – 1 354 086 800 тенге;

Карагандинская область – 3 043 492 747 тенге;

Павлодарская область – 1 045 995 589 тенге;

Алматинская область – 3 337 277 304 тенге;

Туркестанская область – 1 661 830 639 тенге;

Восточно-Казахстанская область – 1 635 428 178 тенге.

СРО-1 представляет собой программно-аппаратный комплекс, который позволяет автоматически выявлять первые признаки возгорания на охраняемой территории. Система работает круглосуточно и фиксирует дым, продукты горения, повышение температуры, а также инфракрасное или ультрафиолетовое излучение пламени. При подтверждении угрозы информация оперативно передается в диспетчерский пункт или противопожарную службу, что позволяет сократить время реагирования и предотвратить распространение огня.

На отдельных объектах применяются автоматизированные решения с камерами кругового обзора, работающими в режиме 24/7. Такие технологии позволяют обнаруживать возгорание на ранней стадии – еще до того, как пожар станет визуально заметен или примет масштабный характер.

Внедрение систем раннего обнаружения, использование беспилотных летательных аппаратов и современных средств связи повышает эффективность охраны лесного фонда и особо охраняемых природных территорий. Такой подход позволяет не только быстрее реагировать на пожары, но и усиливать профилактическую работу, снижать риски для людей, минимизировать экологический и материальный ущерб.

Реализация проекта направлена на повышение общего уровня пожарной безопасности природных территорий Казахстана и создание более устойчивой системы защиты лесов от чрезвычайных ситуаций.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх