[:kz]4 мың гектар: Жоңғар Алатауы ұлттық паркіндегі Сиверс алма ағаштарының гүлдеуі[:ru]4 тысячи гектаров: цветение яблони Сиверса в Жонгар Алатауском нацпарке

[:kz]Жетісу өңіріндегі Жоңғар Алатауы ұлттық паркі аумағында генетикалық материал ретінде әлемді мойындатқан Сиверс алмасы орман алқаптары 3800 гектар жер көлемін алуда, бұл еліміз бойынша қызыл кітапқа енген жеміс түрінің ең көп шоғырланып өскен аумағы.

Бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі ұлттық парк территориясында ерекше қорғауға алынған.

«Биіктігі 6-8 метрге жететін жеміс ағашының гүлдері ірі, түсі ақ немесе сұр-қызғылт. Бұл өте әдемі көрініс. Орман қоры үлкен аумақты алып, тау бөктерінде орналасқандықтан, құдды бір қызғылт кілем төселгендей көрінеді. Сиверс алма ағашының гүлдеуі сәуір-мамыр айларына келіп, осы уақытта керемет табиғат көрінісін тамашалау үшін ұлттық парк туристер саны артады. Шетелдік азаматтар да келеді. Гүлдеу кезеңінің орта  уақытында, шамамен мамыр айларының басында 2018 жылдан бері фестиваль өткізіп келеміз. Мақсатымыз қорғауға алынған жеміс түрімен таныстыру», – деп атап өтті Жоңғар Алатауы ұлттық паркі директорының орынбасары Т.Қасымханова.

Аязға төзімді, климаттық жағдайларға бейімді. Дәл осы ерекше қасиеттеріне қарай, Сиверс алмасы генетикалық қор ретінде өте бағалы. Жабайы ағаш түрін сақтау үшін ұлттық паркте арнайы ғылым бөлімі қызмет етеді, сондай-ақ Алматы және Талдықорған қалаларындағы ғылыми институттармен бірлескен жұмыстар атқарылады. Сиверс алмасының өсетін аумақтарында қорықтық күзет режимі белгіленген, яғни жеміс ормандарының табиғи экологиялық тепе-теңдігін бұзатын барлық шаруашылық қызметке тиым салынған.

Ал, көрем деуші туристерге арналған арнайы «Ғылыми-танымдылық туры» маршруты құрастырылған. Бұл бағыт жабайы жемісті Сиверс ағашының өсетін жерлерімен өтеді.

Фото: Ернұр Манапқан[:ru]Весной в Жетысуском регионе на территории национального парка «Жонгар-Алатау» начинается одно из самых красивых природных явлений — цветение яблони Сиверса.  Фруктовые деревья занимают 3800 гектаров, что делает данную территорию крупнейшим местом произрастания яблони Сиверса в Казахстане. Вид занесён в Красную книгу страны и считается ценным генетическим ресурсом мирового уровня.

«Деревья достигают 6–8 метров в высоту, а их цветки — крупные, белые или розово-серые. Во время цветения вся горная местность будто покрывается розовым ковром. Это зрелище особенно популярно среди туристов. В апреле и мае парк посещают не только казахстанцы, но и гости из-за рубежа. С 2018 года в начале мая на территории парка проходит фестиваль цветущей яблони, цель которого — познакомить посетителей с редким и охраняемым видом, а также привлечь внимание к вопросам его сохранения», – отметила заместитель директора национального парка Т.Касымханова.

Яблоня Сиверса устойчива к морозам и хорошо приспособлена к местному климату, что делает её особенно ценной как генетический ресурс. Для её сохранения в парке работает научный отдел, а также ведётся сотрудничество с научными институтами Алматы и Талдыкоргана.

В местах произрастания яблоневых лесов действует режим строгой охраны — здесь запрещена любая хозяйственная деятельность. А для туристов разработан специальный маршрут «Научно-познавательный тур». Он проходит по местам, где растёт краснокнижное дерево.

Фото: Ернұр Манапқан

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх