[:kz]«Жасыл даму» АҚ Жезқазған қаласындағы «DD-jol» ЖШС-нің қалдықтарды қайта өңдеу жобасын қолдады[:ru]АО «Жасыл даму» поддерживает проект по переработке отходов в г. Жезказган компании ТОО «DD-jol»

[:kz]Экологиялық ахуалды жақсарту және қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат аясында «Жасыл даму» акционерлік қоғамы Жезқазған қаласындағы полигон аумағында қайта өңдеу цехтарын салу жобасын жүзеге асыру үшін «DD-jol» ЖШС-нің өтінімін мақұлдады.

«DD-jol» ЖШС 2019 жылдан бері Балқаш және Жезқазған қалаларындағы өндірістік алаңдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласында жұмыс істеп келеді. Жаңа жоба аясында әрқайсысының ауданы 600 шаршы метр болатын төрт арнайы цех салынады. Бұл цехтарда қағаз қалдықтарын, резина-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру Жезқазған және Сәтбаев қалаларында қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өңірде аталмыш мәселе өзекті болып отыр.

«Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жылдық 3% мөлшерлемемен, 15 жылға дейінгі мерзімге, 2 жылға дейінгі жеңілдік кезеңімен қаржыландыру ұсынады. Қаржыландыру еліміздің ірі қалаларында қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға бағытталған бағдарлама шеңберінде утилизациялық төлем қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда әкімдіктер ұсынған 67 жоба мақұлданып, олардың 43-і тікелей қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.

Жоба аясында «DD-jol» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен лизингтік мәміле жасасуда. Жобаның жалпы құны — 705,5 миллион теңге. Қаражат мынадай жабдықтар мен арнайы техникаларды сатып алуға жұмсалады:

  • Қағаз қалдықтарын қайта өңдеу кешені;
  • ҚТҚ сұрыптау желісі;
  • Резина-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу кешені;
  • Фронтальды және жүк көтергіш тиегіштер.

 Жобадан күтілетін нәтижелер:

  • Ұлытау өңіріндегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсарту;
  • Өңір экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесінің өсуі;
  • 24-тен астам жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту.

«Жасыл даму» АҚ утилизациялық төлем есебінен қаржылай қолдау алған кәсіпорындардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жалғастырады.[:ru]В рамках государственной политики по улучшению экологической обстановки и развитию инфраструктуры переработки отходов АО «Жасыл даму» одобрило заявку компании ТОО «DD-jol» на реализацию проекта по строительству перерабатывающих цехов на территории действующего полигона в г. Жезказган.

ТОО «DD-jol» с 2019 года осуществляет деятельность в сфере переработки и утилизации твердо-бытовых отходов на промышленных площадках городов Балхаш и Жезказган. Новый проект предусматривает строительство четырех специализированных цехов площадью по 600 кв. м каждый, где будет осуществляться переработка бумажных отходов, резинотехнических изделий, а также сортировка и утилизация ТБО. Реализация проекта позволит значительно повысить уровень переработки отходов в Жезказгане и Сатпаеве, где данный вопрос стоит особенно остро.

АО «Жасыл даму» через АО «Фонд развития промышленности» предоставляет финансирование в виде займа под 3% годовых сроком до 15 лет с отсрочкой до двух лет. Финансирование осуществляется за счет утилизационного платежа в рамках программы поддержки строительства мусороперерабатывающих заводов в крупных городах страны. На сегодняшний день одобрены 67 проектов, представленных акиматами, из которых 43 направлены непосредственно на переработку отходов.

В рамках проекта ТОО «DD-jol» также заключает лизинговую сделку с АО «Фонд развития промышленности». Общая стоимость проекта составляет 705,5 млн тенге. Средства будут направлены на закуп следующего оборудования и техники:

  • Комплекс для переработки бумажных отходов;
  • Сортировочная линия по ТБО;
  • Комплекс по переработке резинотехнических изделий;
  • Фронтальные и вилочные погрузчики.

Ожидаемые результаты проекта:

  • Существенное улучшение экологической ситуации в регионе Ұлытау;
  • Рост доли перерабатывающей промышленности в экономике региона;
  • Создание более 24 новых рабочих мест, что положительно скажется на социально-экономической ситуации.

АО «Жасыл даму» продолжит информационную поддержку предприятий, реализующих экологически значимые проекты при содействии утилизационного платежа.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх