[:kz]Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ауаға жоспардан тыс кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді[:ru]В Аулиекольском районе Костанайской области проведены внеплановые комплексные исследования воздуха

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

 4 қыркүйек күні өрт болып жатқан Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ҚР ЭГТРМ қарасты «Қазгидромет» РМК мен облыстық экология департаменті «Қазгидрометтің» зертханасы негізінде, ауаға жоспардан тыс бірлескен кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш жұмыс 5 нүктеде атап айтар болсақ, Новонеженка, Аманқарағай, Әулиекөл, Бағаналы және Лесное ауылдарында ұйымдастырылды. Қысқаша түрде нақты айтар болсақ, 5 ауылда азот диоксиді мен көміртегі оксидінің және күкірт диоксидінің жоғарылау көрсеткіші тіркелді.

Ауа-райының ахуалы жауын-шашынсыз болды және солтүстік-шығыс бағытта соққан желдің жылдамдығы 3-4 метрден аспады. Көру мүмкіншілігі түтінге байланысты төмен болды.

Экология министрлігі тарапынан өрт сөндіруге 25 адам, 2 өрт сөндіру машинасы, 2 жеңіл көлік және 1 ұшақ жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары Лесное мен Бағаналы ауылдарының маңында жүріп жатыр. Келтірілген шығын көлемін тілсіз жау толық ауыздықталғаннан кейін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Жалын шарпыған жер аумағы – 43 мың гектарды құрады.

Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысы бойынша алдағы 5 жылда 28,8 мың гектар жерге 168 млн түп ағаш отырғызылады. Биылғы жылдың жоспарланған 4,3 мың гектар жерге 24 млн түп ағаштың 14 млны көктемде егілді, қалғаны күз айларында аяқтау жоспарлануда.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

4 сентября в Аулиекольском районе Костанайской области, где произошел пожар, РГП «Казгидромет» при МЭГПР РК и областной департамент экологии на базе лаборатории «Казгидромет» провели внеплановые совместные комплексные исследования воздуха.

Данная работа была организована в 5 точках: c. Новонеженка, c. Аманкарагай, c. Аулиеколь, c. Баганалы и c. Лесное. В 5 селах зафиксированы повышенные показатели диоксида азота, оксида углерода и диоксида серы.

Погодные условия были без осадков и скорость ветра в северо-восточном направлении не превышала 3-4 метров. Видимость была плохой из-за дыма.

Министерством экологии в тушении пожара задействовано 25 человек, 2 пожарные машины, 2 легковых автомобиля и 1 самолет.

В настоящее время работы по тушению пожара ведутся в районе сел Лесное и Баганалы. Сумма ущерба будет определена специально созданной комиссией после полной ликвидации огня. Площадь пожара составила 43 тысячи гектаров.

В соответствии с поручением Главы государства посадить 2 миллиарда деревьев, в Костанайской области в ближайшие 5 лет будет посажено 168 миллионов деревьев на площади 28,8 тысяч гектаров. В этом году на запланированных 4,3 тысячи гектаров земли весной было посажено 14 миллионов деревьев из 24 миллионов, а остальные планируется завершить осенью.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх