Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
5 қыркүйекте Владивосток қаласында жолбарысты сақтап қалуға арналған екінші халықаралық форум өтті. Онда Қазақстан жыртқышты қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды.
Қазақстан делегациясының құрамына: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әйгерім Қуат, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі Мақсат Сүйіндіков және ҚР-дағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры өкілдігінің директоры (WWF) Григорий Мазманянц кірді. Делегацияның қатысушылары жолбарысты сақтау бағдарламасы, оны жүзеге асыру кезеңдері, резерват құрылған сәттен бергі атқарылған жұмыстар мен жыртқыштың келуіне дайындық жоспарлары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, форум қонақтары үшін оңтүстік Балқаш маңы аумағының бір бөлігінің егжей-тегжейлі экспозициясы дайындалды. Көрме жұртшылықтың жолбарыстың болашақ «үйі» туралы түсінігін кеңейтуге және толығырақ танысуға мүмкіндік берді.
12 жыл бұрын, 2010 жылы жер бетінде жолбарысты сақтауға байланысты мәселелер бойынша бірінші халықаралық форум өткен, онда Қазақстан жабайы мысықты табиғат аясына қайтаруға дайын екенін жариялады. Нәтижесінде – жеті жылдан кейін, Қазақстан, Ресей және басқа да елдер ғалымдарының күш-жігерінің нәтижесінде халықаралық табиғатты қорғау одағының жабайы мысықтар жөніндегі сарапшылар тобының қолдауымен елде жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы әзірленді. 2017 жылғы қыркүйекте Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстан Үкіметі арасында оны елде іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды.
2018 жылы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылған сәттен бастап төрт жыл бойы экожүйені қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Шалабекова жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасының бірінші кезеңі және оңтүстік Балқаш маңындағы жүргізілген жұмыстың барысы туралы: «Жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы кемінде 35 жылға есептелген және үш негізгі кезеңнен тұрады: аумақты дайындау, жыртқышты шығару және популяция өсуінің мониторингі. Қазір біз бағдарламаның бірінші кезеңінің ортасындамыз, оның барысында экожүйені қалпына келтіру, аумақты қорғау және тұяқты жануарлар санын арттыру бойынша жұмыстар табысты жүргізілуде»– деп айтып берді.
Келесі жылы «Іле-Балқаш» резерватына бес жыл толады. Осы уақыт ішінде үлкен жұмыс атқарылды: кордондар салынды, байланыс қамтамасыз етілді және аумақты толыққанды қорғау ұйымдастырылды. Іле өзені мен Балқаш көлінде өрт салдарынан зардап шеккен тоғайлы ормандарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
«Резерват аумағы шөлейт, жайылма және сексеуіл ормандарынан сулы-батпақты алқаптарға дейінгі алуан түрлі табиғи экожүйелерді қамтитын табиғи кешен болып табылады. Мұндай қолайлы географиялық орналасуы және тағамға бай жерлер жабайы аңдар мен көптеген құстардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Резерваттың биоалуантүрлілігі сүтқоректілердің 40-қа жуық түрін, құстардың 284 түрін және өсімдіктердің 420-дан астам түрін қамтиды, олардың көпшілігі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, 2022 жылдың мамыр айында 15 мыңнан астам лоха, туранга және тал көшеттері отырғызылды», – деп атап өтті Әлия Шалабекова.
Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап Қызыл кітапқа енген Бұхара бұғысын реинтродукциялау жүзеге асырылуда және осы уақытқа дейін 150-ден аса бұғы ғасырдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен өздерінің тарихи отанына оралды. Сонымен қатар, жабайы қабандар мен қарақұйрықтардың саны едәуір өсті. Биыл құландарды реинтродукциялауды бастау жоспарланып отыр.
«Реинтродукция (бұрын мекендеген жеріне қайтару) процесі табиғи ортада жойылып бара жатқан жануарлардың популяциясын қалпына келтірудің немесе көбейтудің өте маңызды және сенімді әдісі болып табылады. Бүгінгі таңда әртүрлі мониторингтік мәліметтерге сүйене отырып айтсақ, Іле-Балқаш резерватында мыңнан екі мыңға дейін тұяқты жануарлар мекендейді және біз олардың санының тұрақты өсуін көріп отырмыз»,- деп ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев хабарлады.
Резерват аумағында жануарлар мен ормандарды қалпына келтіру жұмыстарымен қатар жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына да ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайынғы негізде экологиялық қауіпсіз көздер есебінен отбасының табысын қамтамасыз ету үшін жергілікті халықты қаржылық қолдау жөніндегі жобалар іске асырылуда, тамшылатып суару сияқты су үнемдеу технологиялары дамуда. Сондай-ақ, мектептерде экологиялық білім беру бойынша түрлі жобалар жүргізілуде.
«Әрине, жергілікті тұрғындарды қолдау – жолбарысты қалпына келтіру бағдарламасының маңызды кезеңдерінің бірі. Олардың көмегінсіз мұндай өршіл жобаны жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл ауылдарды экономикалық дамыту жөніндегі жұмыс жеке бағыт болып табылады. Мал өсіру және ауыл шаруашылығы отбасылардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бағдарлама бағыттарының бірі жергілікті тұрғындарға қолдау көрсету және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін басқа да табыс көздерін дамытуға мүмкіндік беру болып табылады. Соңғы төрт жылда Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры 40-тан астам шағын грант берді, жергілікті қауымдастықтарды дамыту қоры құрылды, аз қамтылған отбасылар үшін бақша дақылдарын өсіруге қолдау көрсетілді. Экотуристермен жұмыс істеуге байланысты оқулар жүргізіледі. Атап айтқанда, қонақ үйлерді құруға, гид болу өнеріне, кәдесыйлар өндіруге және т.б. көңіл бөлінеді», – дейді Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF Ресей) өкілдігінің директоры Григорий Мазманянц.
Қазақстандық делегация өкілдері алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Мысалы, резерват аумағында визит-орталық салынатын болады, сондай-ақ реитродукция орталығын құру жұмыстары басталады, оның ішінде шектен тыс уақыт ұстауға және ветеринариялық тексеруге арналған вольерлер салу да бар. Орталықта жыртқыштардың қозғалысын бақылайтын және жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлер орналасады.
Алдағы жылдары Қазақстан мен Ресей арасында Бағдарламаны іске асыруда тығыз ынтымақтастық орнату жоспарланып отыр. Жолбарысты сақтау жөніндегі екінші халықаралық форум барысында реинтродукция саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұдан басқа, Қазақстан жолбарысты қалпына келтіру жөніндегі Владивосток декларациясына қосылды.
«Меморандум жолбарысты Қазақстанға қайтарудың өршіл міндеті бойынша бірлескен өнімді жұмысқа бастама болады. Сондай-ақ, біз декларацияда көзделген шараларды іске асырудың барлық елдерде жолбарыстардың санын ұлғайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Біз Қазақстан 12 жылдан кейін өтетін келесі форумға планетаның табиғаты үшін аса қажетті осы міндетке өз үлесін қосуға дайын болады деп үміттенеміз.
Біз бұл форум барлық елдерді өзара қарым–қатынасты нығайтуға, ең басты міндет – айбынды жыртқыштың популяциясын сақтап қалуда жақындатуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті вице-министр Әлия Шалабекова.
Жолбарысты Қазақстанға қайтару бағдарламасы көптеген жылдарға есептелінген. Оны Ресейдің WWF, сондай-ақ ҚР-дағы БҰҰДБ бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жүзеге асырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
5 сентября в городе Владивосток состоялся второй Международный форум по сохранению тигра, где Казахстан представил программу возращения хищника.
В состав казахстанской делегации вошли: вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Алия Шалабекова, директор департамента международного сотрудничества Айгерим Куат, заместитель председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Данияр Тургамбаев, советник посольства Республики Казахстан в Российской Федерации Максат Суюндиков и директор представительства Всемирного фонда дикой природы в РК (WWF) Григорий Мазманянц. Участники делегации рассказали о тигриной программе, этапах ее реализации, о проделанной работе с момента создания резервата и дальнейших планах подготовки к приезду хищника.
Помимо этого, для гостей форума была подготовлена детальная экспозиция части территории Южного Прибалхашья. Выставочная конструкция позволила подробнее ознакомить и расширить представление общественности о будущем «доме» тигра.
12 лет назад в 2010 году состоялся первый международный форум по проблемам, связанным с сохранением тигра на Земле, где Казахстан объявил о готовности вернуть дикую кошку в природу. Как итог – спустя семь лет, в результате усилий ученых Казахстана, России и других стран, была разработана Программа реинтродукции тигра в стране, поддержанная группой экспертов по диким кошкам Международного союза охраны природы. В сентябре 2017 года состоялось подписание меморандума между Всемирным фондом дикой природы (WWF) и правительством Казахстана о ее реализации в стране.
На протяжении четырех лет, с момента создания в 2018 году государственного природного резервата «Иле-Балхаш», идет активная работа по восстановлению экосистемы. Вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Алия Шалабекова рассказала о первом этапе программы реинтродукции тигра и ходе работ в Южном Прибалхашье: «Программа реинтродукции тигра рассчитана не менее чем на 35 лет и включает в себя три основных этапа: подготовка территории, выпуск хищника и мониторинг роста популяции. Сейчас мы находимся в середине первого этапа программы, в ходе которого успешно ведутся работы по восстановлению экосистемы, по охране территории и увеличению численности копытных животных».
Уже в следующем году резервату «Иле-Балхаш» исполняется пять лет. За это время была проделана огромная работа: построены кордоны, обеспечена связь и налажена полноценная охрана территории. Проводятся мероприятия по восстановлению пострадавших от пожаров и недостатка воды в реке Или и озере Балхаш тугайных лесов.
«Территория резервата представляет собой природный комплекс, включающий разнообразные природные экосистемы от полупустыни, пойменных и саксауловых лесов до водно-болотных угодий. Столь выгодное географическое положение и богатые кормом места создают благоприятные условия для размножения диких зверей и большого количества птиц. Биоразнообразие резервата насчитывает около 40 видов млекопитающих, 284 вида птиц и более 420 видов растений, многие из которых занесены в Красную книгу Казахстана. К примеру, в мае 2022 года было высажено более 15 тысяч саженцев лоха, туранги и ивы», – отмечает вице-министр А.Шалабекова.
Также с 2019 года реализуется реинтродукция краснокнижного бухарского оленя и к настоящему времени более 150 оленей уже вернулись на свою историческую родину, откуда исчезли более века назад. Помимо этого, существенно увеличилась численность кабанов и джейранов. В этом году планируется начать реинтродукцию куланов.
«Процесс реинтродукции – это крайне важный и надежный способ восстановления или увеличения популяций исчезающих животных в своей естественной среде. На сегодняшний день, исходя из разных мониторинговых данных, в Иле-Балхашском резервате обитают от тысячи до двух тысяч копытных, и мы видим устойчивый рост их численности», – говорит заместитель председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭГПР РК Данияр Тургамбаев.
Помимо работы по восстановлению животных и лесов на территории резервата особое внимание уделяется жителям ближайших аулов. На ежегодной основе реализуются проекты по финансовой поддержке местного населения для обеспечения доходов семей за счет экологически безопасных источников, развиваются водосберегающие технологии, такие как капельное орошение. Также ведутся различные проекты по экопросвещению и образованию в школах.
«Безусловно поддержка местных жителей – это один из важнейших этапов программы по реинтродукции тигра. Без их содействия реализация такого амбициозного проекта просто невозможна. Отдельным направлением является работа по экономическому развитию этих сел. Разведение скота и сельское хозяйство не могут полностью обеспечить потребности семей, именно поэтому одним из направлений Программы является оказание поддержки местным жителям и предоставление возможности развивать иные источники дохода, не наносящие ущерба окружающей среде. За последние четыре года Всемирным фондом дикой природы было предоставлено более 40 малых грантов, сформирован фонд развития местных сообществ, оказана поддержка в выращивании бахчевых культур для малоимущих семей. Ведется обучение работе с экотуристами. В частности, акцентируется внимание на создание гостевых домов, на искусство быть гидом, производство сувениров и т.п.», – говорит директор Представительства Всемирного фонда дикой природы в РК (WWF России) Григорий Мазманянц.
Представители казахстанской делегации поделились планами на ближайшее время. Так, на территории резервата будет построен визит-центр, а также начаты работы по созданию центра реинтродукции, включающего строительство вольеров для передержки и ветеринарных обследований. В Центре будут размещаться сотрудники, отслеживающие перемещение хищников и обеспечивающие безопасность для местных жителей.
В ближайшие годы планируется тесное сотрудничество в реализации Программы между Казахстаном и Россией. В ходе второго Международного форума по сохранению тигра состоялось подписаниеМеморандума о взаимопонимании в области реинтродукции.
Помимо этого, Казахстан присоединился к Владивостокской декларации по восстановлению тигра.
«Меморандум положит начало совместной продуктивной работе над амбициозной задачей возвращения тигра в Казахстан. Также мы уверены, что реализация предусмотренных декларацией мер позволит увеличить численность тигров во всех странах. Мы надеемся, что Казахстан будет готов к следующему форуму, который состоится через 12 лет, представить свой вклад в эту столь необходимую для природы планеты задачу.
Мы уверены, что данный форум позволит укрепить взаимоотношения и приблизить все страны к решению главной задачи – сохранить популяцию величественного хищника», – отмечает вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов РК Алия Шалабекова.
Программа возвращения тигра в Казахстан рассчитана на много лет. Реализует ее Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан при поддержке WWF России, а также программы ПРООН в РК.
