2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік келісу рәсімдерін өткізу туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасы мақұлдаған «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы әзірленіп, 2021 жылғы 23 қазан Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевпен қол қойылды.
Хаттамада көзделген шаралар Каспий теңізінің экожүйесін сақтау жөніндегі бес Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығын күшейтеді, сондай-ақ жануарлардың қорғалатын түрлеріне және олардың мекендеу орындарына теріс әсер етудің алдын алу жөніндегі олардың бірлескен қызметін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте құрып кету қаупі төнген түрлердің мекендеу орындарын қорғау мақсатында теңіз ортасында және жағалау аумағында қорғалатын аудандарды бөлуге болады.
Сонымен қатар, Каспий маңы елдері теңіз ортасының ластануын болдырмау бойынша бірлесіп табиғат қорғау шараларын қабылдай алады, сондай-ақ Каспий теңізіндегі құрылыс немесе іздестіру жұмыстарына байланысты қызметті реттей алады.[:ru]По итогам Пятого каспийского саммита, состоявшегося в городе Актау
12 августа 2018 года, Главами прикаспийских государств решено провести внутригосударственные процедуры согласования для вступления в силу Протокола о сохранении биологического разнообразия к Рамочной конвенции по защите морской среды Каспийского моря.
В этой связи, разработан проект Закона РК «О ратификации Протокола о сохранении биологического разнообразия к Рамочной конвенции по защите морской среды Каспийского моря», который единогласно одобрен депутатами обеих палат Парламента Республики Казахстан и 23 октября 2021 года подписан Главой государства К.К. Токаевым.
Предусмотренные в Протоколе меры усилят сотрудничество пяти прикаспийских государств по сохранению экосистемы Каспийского моря, а также позволят регулировать их совместную деятельность по предотвращению негативного воздействия на охраняемые виды животных и места их обитания. При этом можно будет выделять охраняемые районы в морской среде и на прибрежной территории с целью защиты мест обитания видов, находящихся под угрозой исчезновения.
Вместе с тем, прикаспийские страны смогут совместно предпринимать природоохранные меры по предотвращению загрязнения морской среды, а также регулировать деятельность, связанную со строительными или изыскательными работами на Каспийском море.
