[:kz]Қазақстан өңірдегі климат бойынша күш-жігерді біріктірмек[:ru]Казахстан объединяет климатические усилия региона

Орталық Азия елдері COP 26-да бірыңғай мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр. COP 26 – климаттың өзгеруі бойынша әлемдегі ең маңызды және жоғары деңгейлі іс-шара болып табылатынын естеріңізге саламыз. Биыл БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 26-сессиясын Ұлыбритания мен Италия ұйымдастырып жатыр. Іс-шара 31 қазан мен 12 қараша аралығында британдық Глазгоның Шотландиялық конгресс-орталығында өтеді.

Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күрес және өңірдің климаттық мақсаттарының өршілдігін арттыру бойынша  Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіруде маңызды рөл атқарады. Осы жұмыстардың шеңберінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 2 қарашада COP26-дағы Орталық Азия елдерінің павильонында «Климатты сақтау үшін күрестегі өңірлік бірлік» тақырыбында өңір үшін маңызды іс-шара өткізеді. Павильонның өзін Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығы ұйымдастырады.

Өңірдің экологиялық проблемалары мен климаттық күн тәртібінің маңыздылығы 2021 жылғы қыркүйекте «С5+1» саяси диалогы форматында өткен Орталық Азия елдерінің табиғат қорғау ведомстволары басшыларының конференциясында жан-жақты талқыланды. Митигация және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелеріне арналған кездесуге АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри қатысты.

Орталық Азия климат өзгерістерінің салдарларын соңғы бірнеше жылда қатты сезінуде, мұндағы экологиялық проблемалар осы өңірдегі барлық елдерге әсер етіп отыр. Осыған байланысты, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан атынан Орталық Азия елдеріне COP26-да климат өзгерістерімен күрес жүргізу үшін күш-жігерді біріктіруді ұсынуға ниеттеніп отыр. Орталық әлемдік қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың Орталық Азия өңірінің тұрақтылығын дамытуға көрсететін көмегінің маңызды екенін атап өтті.

Ұлыбританияның мәліметтеріне сәйкес, биыл 120-дан астам елдің көшбасшылары COP26 саммитіне қатысатынын растаған. Жалпы, Глазгода әлемдік көшбасшылар, сарапшылар мен журналистерді қосқанда 25 000-ға жуық адам бас қоспақ.[:ru]Страны Центральной Азии планируют выступить с единым заявлением на COP26. Напомним, COP26 является самым важным и высокоуровневым мероприятием в мире по вопросам изменения климата. В этом году 26-я сессия Конференции сторон Рамочной конвенции ООН об изменении климата организуется Великобританией и Италией. Мероприятие будет проходить с 31 октября по 12 ноября в Шотландском конгресс-центре в британском Глазго.

Казахстан играет важную роль в объединении усилий стран Центральной Азии в борьбе с изменением климата и наращивании амбициозности климатических целей региона. В рамках этой работы Международный Центр зеленых технологий и инвестиционных проектов проведет значимое для региона мероприятие на тему «Региональное единство в борьбе за сохранение климата», которое состоится 2 ноября в павильоне стран Центральной Азии на COP26. Сам павильон организован Региональным экологическим центром Центральной Азии.

Значимость экологических проблем и климатической повестки региона активно обсуждалась на прошедшей в сентябре 2021 года конференции руководителей природоохранных ведомств стран Центральной Азии в формате политического диалога «С5+1». На встрече, посвященной вопросам митигации и адаптации к изменению климата участвовал специальный представитель Президента США по вопросам климата Джон Керри.

Последние несколько лет Центральная Азия сильно ощущает последствия изменения климата и сталкивается с экологическими проблемами, которые затрагивают все страны региона. В связи с этим, Казахстан в лице Международного Центра зеленых технологий и инвестиционных проектов намерен предложить странам Центральной Азии объединить усилия по борьбе с изменением климата на COP26. Центр отмечает важность содействия мирового сообщества и международных организаций в развитии устойчивости региона Центральной Азии.

Важно отметить, что согласно данным Великобритании в этом году лидеры более 120 стран подтвердили свое участие на саммите COP26. В целом, в Глазго ожидается до 25 000 человек, включая мировых лидеров, экспертов и журналистов.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх