[:kz]Қар барысына ұзын құйрық не үшін қажет?[:ru]Зачем снежному барсу такой длинный хвост?

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1294422?lang=kk

Қар барысының ұзын әрі қалың құйрығы — жай ғана сыртқы ерекшелік емес. Оның таудағы тіршілігінде бірнеше маңызды қызметі бар.

Тепе-теңдікті сақтайды. Құз-жартастармен қозғалып, секірген кезде ұзын құйрығы денесін тең ұстауға және бағытын өзгертуге көмектеседі.

Суықтан қорғайды. Демалған кезде қар барысы қалың құйрығын денесіне орап, жылуын сақтай алады. Таудағы аязды ауа райында бұл — табиғи қорғаныс.

Байланыс құралы. Құйрық қимылы арқылы жануар өзінің күйін білдіріп, басқа қар барыстарымен байланыс жасай алады.

Бір қарағанда жай ғана ерекше белгі сияқты. Ал шын мәнінде, ұзын құйрық — қар барысының биік тауда өмір сүруге бейімделуінің маңызды бөлігі.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1294422?lang=ru

Длинный и густой хвост снежного барса — не просто заметная особенность. В условиях высокогорья он выполняет сразу несколько важных функций.

Помогает сохранять равновесие. Передвигаясь по скалам и совершая прыжки, барс использует хвост для балансировки и изменения направления движения.

Защищает от холода. Во время отдыха снежный барс может оборачивать пушистый хвост вокруг тела, сохраняя тепло в условиях низких температур.

Помогает в общении. Движения хвоста могут служить одним из визуальных сигналов при взаимодействии с другими особями.

То, что кажется просто красивой особенностью, на самом деле является важным приспособлением снежного барса к жизни высоко в горах.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх