[:kz]Миф па, шындық па?[:ru]Миф или правда ?

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292597?lang=kk

БІР БАТАРЕЙКА ҮЛКЕН АУМАҚТЫ ЛАСТАЙ АЛАДЫ.

Бір батарейка үлкен аумақты ластай алады деген тұжырым — шындық, бірақ мұнда бір маңызды нақтылау бар.

Батарейкаларды дұрыс кәдеге жаратпаған жағдайда, олардың құрамындағы зиянды заттар мен ауыр металдар қоршаған ортаға бөлінуі мүмкін. Топырақ пен суға түскен кезде олар экожүйелерге кері әсер етіп, қоршаған ортада жиналуы ықтимал.

БІР БАТАРЕЙКА 400 ЛИТР СУДЫ ЛАСТАЙДЫ

Бұл — ваннаны толтыруға немесе бір адамды бірнеше ай бойы сумен қамтамасыз етуге жететін көлем.

БІР БАТАРЕЙКА 20 М² ТОПЫРАҚТЫ ЛАСТАЙДЫ

Бұл — өсімдіктер мен ағаштар өспейтін аумақ.

БҰЛ НЕГЕ ҚАУІПТІ?

Батарейкалардың құрамында қорғасын, кадмий, сынап, никель және басқа да зиянды заттар бар. Қоршаған ортаға түскен кезде олар су мен топырақта жиналып, тірі организмдерге зиян келтіруі және сумен немесе тағаммен бірге адам ағзасына түсуі мүмкін.

Сондықтан тіпті бір ғана батарейканың да маңызы бар. Әсіресе күн сайын қанша батарейканың тұрмыстық қалдықтардың құрамына түсетінін ескерсек.

Пайдаланылған батарейкаларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз. Оларды қауіпсіз қайта өңдеу немесе кәдеге жарату үшін арнайы жинау орындарына тапсырыңыз.

Қоршаған ортаға қамқорлық қарапайым әрекеттерден басталады. 

[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292597?lang=ru

ОДНА БАТАРЕЙКА СПОСОБНА ЗАГРЯЗНИТЬ БОЛЬШУЮ ТЕРРИТОРИЮ.

Утверждение о том, что одна батарейка способна загрязнить большую территорию, — правда, но с уточнением

При неправильной утилизации батарейки могут выделять в окружающую среду вредные вещества и тяжёлые металлы. Попадая в почву и воду, они способны негативно воздействовать на экосистемы и накапливаться в окружающей среде.

ОДНА БАТАРЕЙКА ЗАГРЯЗНЯЕТ 400 Л ВОДЫ

Этого объёма достаточно, чтобы наполнить ванну или обеспечить водой одного человека на несколько месяцев.

ОДНА БАТАРЕЙКА ЗАГРЯЗНЯЕТ 20 М² ПОЧВЫ

Это территория, на которой ничего не будет расти: ни растения, ни деревья.

ПОЧЕМУ ЭТО ОПАСНО?

Батарейки содержат тяжёлые металлы: свинец, кадмий, ртуть, никель и другие вредные вещества. Попадая в окружающую среду, они накапливаются в воде и почве, отравляют живые организмы и могут попадать в наш организм с водой и пищей.

Поэтому даже одна выброшенная батарейка имеет значение. Особенно если учесть, сколько батареек ежедневно оказывается среди обычных бытовых отходов.

Не выбрасывайте использованные батарейки в обычный мусор. Сдавайте их в специальные пункты сбора для последующей безопасной переработки или утилизации.

Забота об окружающей среде начинается с простых действий. 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх