[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1256302?lang=kk
Қазақстан–Қытай қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының трансшекаралық өзендер суларының сапасын мониторингтеу, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобының 13-отырысы және сарапшылардың 9-бірлескен семинары аясында «Қазгидромет» РМК Қытай Халық Республикасының делегациясы үшін таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
Сапар барысында қонақтар Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысымен танысып, Гидрометорталықта болды. Мұнда мамандар ауа райы болжамын әзірлеу үдерісі, гидрометеорологиялық жағдайға тәулік бойы жүргізілетін мониторинг және ауа райы процестерін талдауда қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтып берді.
Сондай-ақ делегация зертханаға барып, заманауи зертханалық жабдықтармен, жерүсті сулары мен атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау әдістерімен танысты.
Экскурсия барысында қонақтар «Қазгидромет» РМК мұражайын да аралап, онда Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің қалыптасу тарихы мен бақылау желісінің даму кезеңдері туралы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1256302?lang=ru
В рамках 9-го Совместного семинара экспертов и 13-го заседания Рабочей группы по мониторингу, анализу и оценке качества вод трансграничных рек Казахстанско-Китайской Комиссии по сотрудничеству в области охраны окружающей среды РГП «Казгидромет» провело ознакомительную экскурсию для делегации Китайской Народной Республики.
Во время визита гости познакомились с работой национальной гидрометеорологической службы Казахстана и посетили Гидрометцентр, где специалисты рассказали о процессе подготовки прогнозов погоды, круглосуточном мониторинге гидрометеорологической обстановки и современных технологиях, используемых при анализе погодных процессов.
Также делегация посетила лабораторию, где ознакомилась с современным лабораторным оборудованием, а также с методами отбора и анализа проб поверхностных вод и атмосферного воздуха.
Еще одним пунктом экскурсии стал музей РГП «Казгидромет», где участникам рассказали об истории становления гидрометеорологической службы Казахстана, развитии наблюдательной сети.
Подобные встречи способствуют укреплению партнерских отношений между Казахстаном и Китаем и создают основу для дальнейшего развития взаимодействия в сфере охраны окружающей среды.
