[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1251907?lang=kk
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының басты табиғи көрікті жерлерінің бірі әрі Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк.
Бұл ұлттық парк 1985 жылы құрылған. Ұлттық табиғи парк аумағы республикалық маңызы бар табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады. Ол биологиялық және ландшафтық алуантүрлілікті сақтау, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры (МТҚҚ) нысандарын табиғатты қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану үшін құрылған.
Қорықтың аумағы 68 452,8 гектар. Баянауыл таулы жотасы Қазақтың ұсақ шоқылы өңірінде орналасқан және жоғарғы палеозой дәуірінде қалыптасқан. Ұзақ геологиялық өзгерістер кезеңінен кейін оның биіктігі салыстырмалы түрде төмен күйінде сақталған – теңіз деңгейінен 400-ден 1027 метрге дейін.
Парк өзінің көлдерімен де әйгілі: Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр және Біржанкөл – ормандармен қоршалған, қайталанбас жартасты бедерлер мен өсімдіктердің алуан түрімен ерекшеленеді. Мысалы, Жасыбай көлі аты аңызға айналған батыр Жасыбайдың құрметіне қойылған, ол жаулармен шайқаста осы көлдің жағасында қаза тапқан; Сабындыкөл жұмсақ әрі «сабындай» суымен танымал; Торайғыр көлі – осы өңірде өскен ақын Торайғыров есімімен байланысты. Ең биік нүкте – Ақбет тауы, ол атауын аңыздағы Ақбет атты қыздан алған: ол мәжбүрлі некеден құтылу үшін шыңнан секірген екен.
Баянауыл паркі табиғи мұраны сақтап қана қоймай, мәдени туризмнің орталығына да айналды. Мұнда келушілерге Кемпіртас пен Көгершін жартастарын, Қоңыр-Әулие үңгірін, ботаникалық соқпақты, Кең Алаң алқабын және «Туристер жазуы» жартасын көруге мүмкіндік береді. Тарихи-мәдени мұра нысандары да ерекше орын алады: Жасыбай батырдың мазары, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бейіті, М. Ж. Көпеевтің кесенесі. Тауға өрмелеушілер үшін «Найзатас» тауы, Ержүректер шыңы және парктегі ең биік тау – Ақбет ерекше танымал. «Найзатас» шыңында алты көл орналасқан.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 552 өсімдік түрі өседі, олардың ішінде 5 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: көктемгі жанаргүл, ашық қындызшөп, қызғалдақ, қара қандыағаш және боз селеу. Флора келесі топтармен ұсынылған: дәрілік өсімдіктер шамамен 50 түрді, сәндік өсімдіктер – 40 түрді, тағамдық өсімдіктер – 30 түрді құрайды. Табиғи өсімдіктер жамылғысы дала және орман қауымдастықтарынан тұрады. Таулар арасындағы аңғарларда бұталы-бетегелі-қызылселеулі және қарағанды-киікоты-тырсылы далалар таралған. Мұнда спирея, қараған, итмұрын сияқты бұталар өседі; жыртылған жерлерде жусан, зығыршөп, качим Патрена кездеседі. Жоғарғы биоклиматтық белдеудегі ормандар қазак аршасы мен таңқурайдың сирек астыорманы бар қарағайлы алқаптармен сипатталады, шөптесін жамылғыны ксерофитті өсімдіктер мен қыналар түзеді. Төменгі белдеуде кәдімгі қарағай қайың және көктерекпен аралас өседі, астыорманында итмұрын, ұсақжапырақты жимолость және қаражемісті қараған таралған. Орман белдеуінің жалпы ауданы шамамен 40%-ды құрайды.
Фаунаның құрамына 45 сүтқоректілер түрі кіреді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген арқар бар. Герпетофауна 9 түрден тұрады, оның 2-еуі қосмекенділер, 7-еуі бауырымен жорғалаушылар. Орнитофауна 205 құс түрімен ұсынылған, олардың 11-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, соның ішінде бүркіт, қарақұс, бақалтақ қыран, ителгі, үкі, ақбас тырна, қыран қарабас шағала, қара дегелек, сұңқылдақ аққу, убақ және бұйра бірқазан. Ихтиофауна 13 балық түрін қамтиды, негізінен тұқы тұқымдастар. Омыртқасыздардан 87 жәндік түрі және 10 су моллюскаларының түрі тіркелген. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілгендер бар: әсемқыз инелігі, әмірші елік, торқанатты сұлу ызылдақ.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризм табиғатты қорғау міндеттерін рекреацияны дамытуымен ұштастыратын қызметтің маңызды бағыты болып табылады. Туристер флора мен фаунаның алуан түрлілігімен, сирек кездесетін ландшафттармен және мәдени мұрамен танысып, сондай-ақ бірегей тарихи ескерткіштерді тамашалау мүмкіндігіне ие.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1251907?lang=ru
Баянаульский государственный национальный природный парк — одна из главных природных достопримечательностей Павлодарской области и первый национальный парк Казахстана.
Национальный парк был основан в 1985 году. Его территория относится к особо охраняемым природным территориям, имеющим статус природоохранного и научного учреждения республиканского значения. Парк создан для сохранения биологического и ландшафтного разнообразия, охраны природных комплексов и объектов государственного природно-заповедного фонда (ГПЗФ), обладающих особой экологической, научной, историко-культурной и рекреационной ценностью, а также для их использования в природоохранных, эколого-просветительских, научных, туристических и рекреационных целях.
Площадь парка составляет 68 452,8 гектара. Баянаульский горный массив расположен в пределах Казахского мелкосопочника и сформировался в эпоху позднего палеозоя. После длительного периода геологических изменений его высота сохранилась относительно невысокой — от 400 до 1027 метров над уровнем моря.
Парк также знаменит своими озёрами: Сабындыколь, Жасыбай, Торайгыр и Биржанколь. Они окружены лесами и отличаются уникальным скальным рельефом и богатым разнообразием растительности. Озеро Жасыбай названо в честь легендарного батыра Жасыбая, погибшего на его берегу в сражении с врагами. Сабындыколь известен своей мягкой, «мыльной» водой. Озеро Торайгыр связано с именем поэта Султанмахмута Торайгырова, выросшего в этих местах. Самая высокая точка парка — гора Акбет, название которой связано с легендой о девушке Акбет, бросившейся со скалы, чтобы избежать вынужденного брака.
Баянаульский парк не только сохраняет природное наследие, но и является центром культурного туризма. Посетители могут увидеть скалы Кемпиртас и Когершин, пещеру Коныр-Аулие, ботаническую тропу, урочище Кен Алан и скалу «Надпись туристов». Особое место занимают историко-культурные объекты: мавзолей батыра Жасыбая, могила Султанмахмута Торайгырова и мавзолей М. Ж. Копеева. Среди любителей альпинизма особой популярностью пользуются гора Найзатас, пик Ержуректер и самая высокая вершина парка — Акбет. На вершине Найзатаса расположены шесть озёр.
На территории Баянаульского государственного национального природного парка произрастают 552 вида растений, из которых 5 занесены в Красную книгу Республики Казахстан: адонис весенний, остролодочник голый, тюльпан, прострел чернеющий и ковыль перистый. Флора представлена различными группами растений: около 50 видов лекарственных, 40 видов декоративных и 30 видов пищевых растений. Естественный растительный покров состоит из степных и лесных сообществ. В межгорных долинах распространены кустарниково-типчаково-ковыльные и караганово-чабрецово-тырсовые степи. Здесь произрастают спирея, карагана и шиповник; на нарушенных участках встречаются полынь, льнянка и качим Патрена. Леса верхнего биоклиматического пояса представлены сосновыми массивами с редким подлеском из казацкого можжевельника и малины, а травянистый покров образуют ксерофитные растения и лишайники. В нижнем поясе сосна обыкновенная произрастает совместно с берёзой и осиной, а в подлеске встречаются шиповник, жимолость мелколистная и карагана черноплодная. Лесной пояс занимает около 40 % территории парка.
Фауна парка включает 45 видов млекопитающих. Среди них архар, занесённый в Красную книгу Республики Казахстан. Герпетофауна представлена 9 видами, из которых 2 — земноводные и 7 — пресмыкающиеся. Орнитофауна насчитывает 205 видов птиц, 11 из которых занесены в Красную книгу Казахстана, включая беркута, чёрного грифа, могильника, балобана, филина, журавля-красавку, реликтовую чайку, чёрного аиста, лебедя-кликуна, дрофу и кудрявого пеликана. Ихтиофауна включает 13 видов рыб, преимущественно семейства карповых. Среди беспозвоночных зарегистрированы 87 видов насекомых и 10 видов пресноводных моллюсков. Некоторые из них также занесены в Красную книгу, в том числе красотка-девушка, жук-олень и сетчатокрылая стрекоза.
Экологический туризм в Баянаульском государственном национальном природном парке является одним из важнейших направлений деятельности, сочетающим охрану природы с развитием рекреации. Туристы имеют возможность познакомиться с богатым разнообразием флоры и фауны, уникальными ландшафтами, культурным наследием, а также посетить выдающиеся исторические памятники.
