[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248480?lang=kk
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында және су нысандарын тазарту мен қорғауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы аумағындағы «Жұмабай» көлі маңында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, Ұлытау ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері қатысты.
Сенбілік барысында көл жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, су маңындағы табиғи аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, келушілер арасында қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарына ұқыпты қарау, табиғатты сақтау және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Экологиялық шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтарды сақтау, су нысандарының тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау құндылықтарын қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. «Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясындағы мұндай бастамалар еліміздің табиғи байлығын сақтауға, су айдындарының тазалығын қамтамасыз етуге және экологиялық мәдениетті дамытуға маңызды үлес қосады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248480?lang=ru
В рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» и акции «Мөлдір бұлақ», направленной на очистку и сохранение водных объектов, на территории озера «Жұмабай» в области Ұлытау состоялся экологический субботник.
В мероприятии приняли участие сотрудники Улытауского государственного национального природного парка, специалисты пожарной части №5 района Ұлытау, а также участники молодежного трудового отряда «Жасыл ел».
В ходе субботника проведена очистка береговой зоны озера от бытовых отходов, выполнены работы по улучшению санитарного состояния территории у водного объекта. Кроме того, среди посетителей проведена разъяснительная работа о необходимости бережного отношения к природе, сохранения чистоты водных ресурсов и соблюдения экологической культуры.
Основная цель мероприятия – сохранение природных территорий и водных объектов, повышение экологической ответственности граждан и формирование бережного отношения к окружающей среде.
Забота о природе – это вклад каждого человека в сохранение экологического благополучия. Реализация инициатив в рамках акций «Таза Қазақстан» и «Мөлдір бұлақ» способствует сохранению природного наследия страны, чистоте водных объектов и развитию экологической культуры населения.
