[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1242867?lang=kk
Жетісу Алатауының асқақ шыңдарына көз салсаңыз, аспанмен тілдескен мұзарт таулар мен әсем табиғат әлемі алдыңыздан шығады. Осы биіктік пен сұлулықтың жүрегінде табиғаттың қазынасын мәңгі сақтап келе жатқан ерекше мекен бар – ол Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 370 қаулысымен Сарқан, Лепсі және Үйгентас мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің Көкжар орманшылығын біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Парктің құрылуының негізгі себебі, бірегей жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтаудан басқа, шетелдік және қазақстандық ғалымдардың (А.Д. Жанғалиев) болжамы бойынша, әлемдегі көптеген мәдени алма сұрыптарының арғы тегі болып табылатын және осыған байланысты ерекше қорғауды қажет ететін Сиверс алмасының ауқымды орман алқаптарының болуы. Сиверс алмасы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген.
Парк Жетісу облысының шығысында орналасқан және үш ауданның – Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының аумағын қамтиды. Оның жалпы ауданы – 356 022 га. Бұл Қазақстанда көлемі бойынша екінші парк. Парк аумағын батыстан шығысқа қарай шамамен 300 км-ге созылып жатқан, теңіз деңгейінен 4000 метрге дейін көтерілетін, шыңдары мәңгі қар басқан Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) тау жүйесінің солтүстік жоталары алып жатыр. Мұнда ең биік шың – Семенов Тянь-Шань шыңы (4622 м) орналасқан. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын екі кластерлік учаске құрайды. Бірінші учаскенің оңтүстік шекарасы Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекарасының қорғау аймағы бойымен өтеді.
Батыс шекарасы – Үлкен Айдаусай өзенінің аңғары бойымен шектескен. Солтүстік шекарасы Желдіқарағай тауларының солтүстік етегімен Сарқан өзеніне дейін, одан әрі Марқатау тауларының етегімен Лепсіге дейін, содан кейін тау етектерімен Тентек және Кепелі өзендерінің қосылған жеріне дейін созылып жатыр. Әрі қарай Жұмақ тауларының суайрығымен, Безымянный Ключ өзенінің аңғарын қамти отырып, Екінші Тентек өзеніне дейін және одан әрі өзен аңғарымен Қытай Халық Республикасымен шекараға дейін созылады. Екінші кластерлік учаске бірінші учаскенің солтүстігінде орналасқан, онда солтүстік, оңтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс шекаралары Үйгентас мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі мен Көкжар орманшылығының шекарасымен сәйкес келеді.
Жоңғар немесе Жетісу Алатауы Қытай мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстан шекарасында орналасқан. Қазақстанда бұл үлкен тау жүйесінің тек бір бөлігі ғана. Оңтүстігінде ол Іле өзенімен, солтүстігінде және шығысында – Балқаш – Алакөл ойпатымен, оңтүстік-шығысында Қытайда орналасқан шөлдермен шектеседі. Бұл ұзындығы – 450 км, ені 50-ден 90 км-ге дейін, биіктігі 4622 м-ге дейін (Семенов Тянь-Шань шыңы) жететін тұтас тау жүйесі. Жоңғар Алатауы жүйесі бірнеше қатарлас биік таулы тізбектерден тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы, ең ұзыны – батыстан шығысқа қарай шамамен 300 км-ге созылып жатқан солтүстік жотасы. Негізгі тізбектің оңтүстігінде Қояндытау, Тоқсанбай және Тышқантау жоталары орналасқан, олар Қытайдың Борохоро жотасының сілемдерімен жалғасады. Солтүстік беткейлері көптеген мұздықтармен жабылған, Жоңғар Алатауы Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда мұз басу көлемі бойынша бірінші орында. Соның салдарынан кең өзен жүйесі қалыптасқан, мұнда көптеген өзендер бастау алады – ең ірі өзендері: Айдаусай (Ақсу өзенінің саласы), Сарқан, Басқан, Лепсі, Тентек және Тастау. Өзендерден басқа көптеген көлдер бар, олардың көпшілігі мореналық типті (Жоңғар Алатауындағы 200 көлдің шамамен жартысы парк аумағында орналасқан). Мореналық көлдерден басқа, орман белдеуінде орналасқан екі әдемі көл бар. Екі көл де Ағынықатты өзенінде орналасқан, Жоғарғы және Төменгі Жасылкөл көлдері. Екі көл де опырылудан пайда болған, бұл құбылыс Тянь-Шаньға да тән. Жоғарғы Жасылкөл көлі – 2262 м биіктікте орналасқан, ұзындығы – 3200 м, ені – 300 м, көл өте терең – 109 м құрайды. Төменде, 1630 м биіктікте, Төменгі Жасылкөл көлі орналасқан, ұзындығы – 1800 м, ені – 400 м, тереңдігі – 89 м, көлдердегі су өте суық, тіпті жаз мезгілінде де 10°С аспайды. Көлдер маңында 1000-нан астам өсімдік түрі өседі. Орманның басты көркі – дұрыс конус тәрізді пішінді, үлкен өлшемдерге жететін Тянь-Шань шыршасы. Қылқанды ормандар белдеуінен төмен қайыңдардан, көктеректерден және ең бастысы Сиверс алмаларынан тұратын жалпақ жапырақты ормандар орналасқан. Таулардың етектері мен беткейлері гүл кілемдерімен жабылған. Өсімдіктердің жалпы саны 2000 түрден асады, оның ішінде 95 түрі эндемиктер.
Парк аумағына 300 шақырымдық негізгі солтүстік жота кіреді. Көрікті табиғат көріністерінен басқа, бұл аймақтың өсімдіктер мен жануарлар әлемі де қызықты. Тауда сирек кездесетін эндемиктерден басқа, оңтүстік пен солтүстік түрлерге жататын жануар мен өсімдіктерді кездестіруге болады. Көлдерді қоршап тұрған ормандар мен аңғарларда көптеген жануар түрлері мекендейді: марал, елік, қабан, борсық, қоян, түлкі және қасқыр. Альпі шалғындарында аю мен суырды, ал одан да жоғары, жартастарда – арқар мен тауешкіні, таутекелерді көруге болады. Мұнда Тянь-Шаньның аңызға айналған жыртқышы – қар барысы да мекендейді. Көптеген жыртқыш құстар мекендейді.Сүтқоректілердің 50-ге жуық түрі, құстардың 171 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 7 түрі, қосмекенділердің – 4 түрі бар.
Жетісудің ежелгі және ортағасырлық көшпенділерінің мәдени-тарихи ескерткіштері «Үйгентас» қорымы, ортағасырлық қорғандар, «Әулиетас» киелі тасы, петроглифтер кездеседі.
Қазіргі уақытта парк аумағында 13 туристік маршрут, 2 экологиялық соқпақ орналасқан.
Парк қарамағында 54 гектарды құрайтын Сарқан және Лепсі орман тұқымбақтары бар. Тұқымбақта 20-дан астам түрлі 350 мың дана екпе көшеттері өсіріледі.
2018 жылы ұлттық парк өзінің бірегей рельефі, əсем табиғаты мен бай биоəртүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттардың ғаламдық желісіне қосылды. Бұл – қазақстандық табиғаттың әлемдік деңгейде мойындалған асыл қазынасы.
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі– асқақ шыңдар әуені, мөлдір көлдер жыры, орман мен даланың табиғи үндестігі. Ол – табиғаттың жүрегінен туған мәңгілік ән, халқымыздың болашаққа қалдырған аманаты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1242867?lang=ru
Если поднять взгляд к вершинам Жетысуского Алатау, перед вами откроется величественный мир – ледяные пики, стремительные реки и нетронутая природа.
В самом сердце этих гор раскинулся уникальный уголок дикой природы – Жонгар-Алатауский государственный национальный природный парк.
В соответствии с Постановлением Правительства РК от 30.04.2010 г. за № 370, путем слияния Саркандского, Лепсинского ГУ лесного хозяйства и Кокжарскоголесничества Уйгентасского ГУ лесного хозяйства был создан Жонгар-Алатауский государственный национальный природный парк Комитета лесного и охотничьего хозяйства РК. Основной причиной создания парка послужило, помимо сохранения уникального животного и растительного мира, наличие обширных лесов яблони Сиверса, которая, по предположению зарубежных и казахстанских ученых (А.Д. Джангалиев), является прародительницей многих культурных сортов яблонь мира и в связи с этим требует особой охраны. Яблоня Сиверса включена в Красную книгу Республики Казахстан и Красный список Международного союза охраны природы.
Парк расположен на востоке Жетысуской области и охватывает территорию трех районов – Аксуского, Сарканского и Алакольского. Его общая площадь составляет – 356 022 га. В Казахстане это второй парк по величине. Территорию парка занимают северные хребты горной системы Жетысуского Алатау (ДжунгарскогоАлатау), протянувшийся с запада на восток примерно на 300 км, возвышающиеся до 4000 метров над уровнем моря, вершины которых увенчаны вечными снегами. Здесь же находится высочайшая вершина – пик Семенова-Тян-Шанского – 4622 м над уровнем моря. Два кластерных участка образуют территорию Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка. Южная граница первого участка проходит по охранной зоне государственной границы Казахстана с Китайской Народной Республикой.
Западная – по долине реки Улькен Айдаусай. Северная граница пролегает по северному подножию гор Жельдыкарагай до реки Саркан, далее по предгорью гор Маркатау до Лепсинска, затем по предгорьям, до места слияния рек Тентек и Кепели. Далее по водоразделу гор Жумак, захватывая долину реки Безымянный Ключ до реки Екинши Тентек, и далее по долине реки до границы с Китайской Народной Республикой. Второй кластерный участок расположен к северу от первого участка, где северная, южная, западная и юго-восточная границы совпадают с границей Кокжарского лесничества Уйгентасского ГУ охраны лесов и животного мира. Таким образом, наш парк занимает большую часть и самую красивую часть Жонгарского Алатау.
Джунгарский (Жонгарский), или Жетысуский Алатау, расположен на границе Китая и Юго-Восточного Казахстана. В Казахстане находится только часть этой большой горной системы. На юге она ограничивается рекойИли, на севере и востоке – Балхаш-Алакольскойнизменностью, на юго-востоке пустынями, находящимися в Китае. Это целая горная система, протяженностью 450 км, ширина – от 50 до 90 км, высота – до 4622 м (пик СеменоваТян-Шанского). Система Джунгарского Алатау состоит из нескольких параллельных высокогорных цепей. Главная из них и самая длинная – северный хребет, протянувшийся с запада на восток примерно на 300 км. Южнее главной цепи расположены хребты Кояндытау, Токсанбай и Тышкантау, которые соединяются с отрогами китайского хребта Борохоро. Северные склоны покрыты большим количеством ледников. Джунгарский Алатау занимает первое место по размерам оледенения в Юго-Восточном Казахстане. Как следствие этого – наличие обширной речной сети. Здесь берут начало много рек. Наиболее значимыми реками являются Айдаусай (приток р. Аксу), Саркан, Баскан, Лепсы, Тентек и Тастау. Кроме рек имеется множество озер моренного типа (из 200 озер в Джунгарском Алатау примерно половина находится на территории парка). Помимо моренных озер имеются два красивейших озера, лежащих в лесном поясе. Оба расположены на реке Агыныкатты – Верхний и Нижний Жасылколь. Оба озера завального происхождения, впрочем, это явление весьма характерно и для Тянь-Шаня. Озеро Верхний Жасылколь расположено на высоте 2262 м, длина – 3200 м, ширина – 300 м, озеро очень глубокое – 109 м. Ниже, на высоте 1630 м, расположено озеро Нижний Жасылколь, длина – 1800 м, ширина – 400 м, глубина – 89 м, вода в озерах очень холодная, даже в летнее время не поднимается выше 10 градусов В окрестностях озер растет более 1000 видов растений. Главное украшение леса – тянь-шаньская ель, которая достигает огромных размеров, при этом имеет правильную конусовидную форму. Ниже пояса хвойных лесов – широколиственные леса, состоящие из берез, осин и, самое главное, дикоплодовые леса яблониСиверса. Опушки и склоны гор покрыты коврами цветов. Общее количество растений в Джунгарском Алатау превышает 2000 видов, из них 95 вида – эндемики.
В территорию парка входит 300-километровый основной северный хребет. Помимо красочных пейзажей интересен растительный и животный мир этого региона. Кроме редчайших эндемиков в горах можно встретить как южные, так и северные виды животных и растений. В лесах и долинах, окружающих озера, живет множество видов животных: маралы, косули, кабаны, барсуки, зайцы, лисы и волки. На альпийских лугах можно увидеть медведя и сурков, а еще выше, в скалах, – архаров и горных козлов – тэков. Здесь живет и легендарный хищник Тянь-Шаня – снежный барс. Обитает множество хищных птиц. Почти 50 видов млекопитающих, порядка 171 видов птиц, пресмыкающиеся представлены 8 видами, амфибии – 4 видами.
В культурно-исторических памятниках встречаются некрополь Уйгентас, курганы средневековья, святой камень Аулиетас, петроглифы.
В настоящее время действует 13 туристских маршрутов и 2 экологические тропы.
В парке находятся Сарканский и Лепсинский лесной питомник участки площадью 54 га. В лесном питомникевыращивается более 350 тыс. штук сеянцев более 20 видов.
В 2018 году Национальный парк был включен в глобальную сеть биосферных заповедников ЮНЕСКО за уникальный ландшафт, богатое биоразнообразие и научную ценность. Это международное признание подчёркивает его значение не только для Казахстана, но и для всего мира.
Жонгар-Алатауский государственный национальный природный парк — живое сердце природы, отражение величия гор, чистоты рек и глубины лесов. Он символизирует красоту, силу и гармонию, которую мы обязаны сохранить для будущих поколений.
