[:kz]ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысына қатысты[:ru]Министр экологии и природных ресурсов РК принял участие в выездном заседании Президиума Национальной академии наук

[:kz] 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1239063?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Жезқазған қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысына қатысты.

Іс-шара өңірлік ғылымды дамыту, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, сондай-ақ оларды индустрияның технологиялық міндеттері мен өңірлердің нақты қажеттіліктерін шешуге бағыттау мәселелеріне арналды. Отырыс барысында тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару, инновациялық технологияларды енгізу, өндірістік процестерді цифрландыру, минералдық-шикізат ресурстарын ұтымды пайдалану және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланды.

Министр өз сөзінде экологиялық әл-ауқат экономикалық өсімнің сапасымен және азаматтардың өмір сүру деңгейімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, табиғи ресурстарға түсетін жүктеме артып отырған қазіргі жағдайда ғылыми негізделген шешімдерге көшу практикалық қажеттілікке айналып отыр.

«Қуатты өңір – бұл тек жолдар, зауыттар мен жұмыс орындары ғана емес. Бұл сондай-ақ таза қоршаған орта, суды, жерді, орман мен жайылымдарды ұқыпты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау. Мұның бәрі үшін жергілікті жерде нақты ғылыми шешімдер қажет», – деді Ерлан Нысанбаев.

Отырыс барысында Ұлытау облысының экологиялық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр Қазақстанның әр өңірінің өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтті. Бір өңірде қалдықтар мәселесі өзекті болса, келесі бір аймақта су ресурстары, жердің тозуы, орман жағдайы, шаңды дауылдар немесе биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты өңірлік ғылым нақты аумақтардың проблемаларына барынша жақын болуы тиіс.

Мысал ретінде Ұлытау облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі айтылды. 2025 жылы өңірде 114 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық түзілген, алайда оларды сұрыптау және қайта өңдеу іс жүзінде жолға қойылмаған. Осыған орай заманауи қайта өңдеу технологияларын, цифрлық есепке алуды және ғылыми негізделген шешімдерді енгізудің маңызы зор.

Министр сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында цифрлық құралдарды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, цифрлық платформалар, шығарындылардың автоматтандырылған мониторингі және қоршаған ортаның жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі дамытылуда.

Сонымен қатар Ұлытау облысының өсімдіктер кадастрын қалыптастыру, орман шаруашылығын дамыту және ақбөкен популяциясын орнықты басқару бағытындағы ғылыми бағдарламалардың іске асырылып жатқаны атап өтілді. Министрдің айтуынша, мұндай зерттеулер өңірлік ғылымның басқарушылық шешімдер қабылдаудағы практикалық маңызын көрсетеді.

«Ғылым тек есептер мен ғылыми жарияланымдарда қалып қоймауы керек. Ол жергілікті жерде, өңірде, адамдардың өмірінде жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін ғалымдар, әкімдіктер, министрліктер мен бизнес өкілдері нақты міндеттерді бірлесіп шешу үшін жиі бас қосуы қажет», – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Министр өңірлік ғылымды дамыту аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің, халықтың өмір сүру сапасын арттырудың және заманауи экологиялық шешімдерді енгізудің маңызды құралы екенін жеткізді.

  • 16 маусым 2026

    Тарбағатай – табиғаттың аманаты, болашақтың байлығы!
  • 15 маусым 2026

    Шағын гранттар Қазақстанда жергілікті қоғамдастықтар мен тұрақты шешімдерді дамытуға қалай ықпал етеді
  • 15 маусым 2026

    «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
  • 15 маусым 2026

    Автокөлік шиналарының екінші өмірі
  • 13 маусым 2026

    Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

 

[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1239063?lang=ru

Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев принял участие в выездном заседании Президиума Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан на тему «Сильная региональная наука – сильный регион», проходившем в городе Жезказгане.

Мероприятие было посвящено актуальным вопросам развития региональной науки, повышению эффективности научных исследований, а также их ориентации на решение технологических задач индустрии и потребностей регионов. В рамках заседания обсуждены вопросы устойчивого развития, экологической безопасности, управления водными ресурсами, внедрения инновационных технологий, цифровизации производственных процессов, рационального использования минерально-сырьевых ресурсов и развития агропромышленного комплекса.

В своем приветственном слове Министр отметил, что экологическое благополучие напрямую связано с качеством экономического роста и уровнем жизни граждан. По его словам, в условиях возрастающей нагрузки на природные ресурсы переход к научно обоснованным решениям становится практической необходимостью.

«Сильный регион – это не только дороги, заводы и рабочие места. Это также чистая окружающая среда, бережное использование воды, земли, лесов и пастбищ, а также сохранение животного и растительного мира. Для этого необходимы конкретные научные решения на местах», – отметил Ерлан Нысанбаев.

Особое внимание было уделено экологическим вопросам области Ұлытау. Министр подчеркнул, что каждый регион Казахстана имеет свои особенности: в одних регионах актуальны вопросы отходов, в других – водные ресурсы, деградация земель, состояние лесов, пыльные бури или сохранение биоразнообразия. В этой связи региональная наука должна быть максимально приближена к реальным проблемам территорий.

В качестве одного из примеров была отмечена ситуация с твердыми бытовыми отходами в области Ұлытау. За 2025 год в регионе образовалось более 114 тысяч тонн ТБО, при этом сортировка и переработка отходов фактически отсутствуют. В этой связи важное значение имеет внедрение современных технологий переработки, цифрового учета и научно обоснованных решений.

Министр также рассказал о работе Министерства по развитию цифровых инструментов в сфере охраны окружающей среды. В частности, внедряются цифровые платформы, автоматизированный мониторинг выбросов, а также развивается Национальный банк данных о состоянии окружающей среды.

Кроме того, отмечена реализация научных программ, направленных на формирование кадастра растений области Ұлытау, развитие лесного хозяйства и устойчивое управление популяциями сайги. По словам Министра, такие исследования демонстрируют практическую значимость региональной науки для принятия управленческих решений.

«Наука не должна оставаться только в отчетах и научных публикациях. Она должна работать в поле, в регионе, в жизни людей. Для этого ученые, акиматы, министерства и бизнес должны чаще садиться за один стол и совместно решать конкретные задачи», – подчеркнул Ерлан Нысанбаев.

По итогам участия в заседании Министр отметил, что развитие региональной науки является важным инструментом устойчивого развития территорий, повышения качества жизни населения и внедрения современных экологических решений.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх