[:kz]Қазақстанға популяцияны қалпына келтіру үшін жеткізілген төрт жолбарысқа есім берілді[:ru]Четыре тигра, доставленные в Казахстан для восстановления популяции, получили имена

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1238186?lang=kk

Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді:

аталық жолбарыс — Амур;

аналық жолбарыс — Үміт;

еркек күшік — Тұран;

ұрғашы күшік — Уссури.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Жіберу алдында жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1238186?lang=ru

В рамках совместного решения казахстанской и российской сторон тиграм даны имена, символизирующие сотрудничество двух стран и историческую связь проекта с природой Центральной и Восточной Азии:

тигр — Амур;

тигрица — Үміт;

тигренок-самец — Тұран;

тигренок-самка — Уссури.

После прибытия в Казахстан тигры были размещены в специально подготовленных вольерах государственного природного резервата «Иле-Балхаш», где в настоящее время проходят этап адаптации под постоянным наблюдением специалистов и ветеринарных служб. Животные успешно осваиваются в новых природно-климатических условиях, их состояние оценивается как стабильное.

В дальнейшем после завершения периода адаптации и комплексной оценки состояния животных планируется их подготовка к выпуску в естественную среду обитания. Перед выпуском тигры будут оснащены спутниковыми ошейниками, что позволит осуществлять постоянный мониторинг их перемещений и обеспечит оперативное сопровождение специалистов.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх