[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1235611?lang=kk
САМАРҚАНД, 2026 жылғы 4 маусым – Жаһандық экологиялық қордың (ГЭҚ) 8-ші Ассамблеясы аясында Министрлік өкілдері «Экологиялық дәліздерден жергілікті қауымдастықтарға дейін: Орталық Азиядағы жабайы табиғатты сақтау және орнықты ландшафттарды дамыту жөніндегі өңірлік көзқарас» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі қатар өткізілген іс-шараға қатысты.
Кездесудің негізгі нәтижесі ретінде өңір елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары бірлескен ресми құжатқа қол қойды:
«Қар барысын, негізгі трансшекаралық жабайы табиғат түрлері мен таулы ландшафттарды сақтауға бағытталған GEF-9 STAR бастамасын қолдау жөніндегі қызығушылық білдіру».
Құжат Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) қолдауымен Жаһандық экологиялық қордың 9-шы қаржыландыру кезеңі (GEF-9 STAR) шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растайды.
Тараптар таулы экожүйелер мен жабайы табиғаттың негізгі түрлерін, оның ішінде қар барысын, арқарды және ақбөкенді сақтауға, сондай-ақ өңір елдері арасындағы үйлестіруді күшейтуге және деректер алмасуды дамытуға күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1235611?lang=ru
САМАРКАНД, 4 июня 2026 года – В рамках 8-й Ассамблеи Глобального экологического фонда (ГЭФ) представители Министерства приняли участие в параллельном мероприятии высокого уровня «От экологических коридоров к сообществам: региональное видение сохранения дикой природы и устойчивых ландшафтов в Центральной Азии».
Ключевым итогом встречи стало подписание главами природоохранных ведомств стран региона совместного официального документа:
«Выражение заинтересованности: Поддержка GEF-9 STAR по сохранению снежного барса и ключевых трансграничных видов дикой природы и горных ландшафтов».
Документ подтверждает готовность Казахстана, Кыргызстана, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана к укреплению регионального сотрудничества в рамках 9-го цикла финансирования ГЭФ (GEF-9 STAR) при поддержке ПРООН.
Стороны договорились сосредоточить усилия на сохранении горных экосистем и ключевых видов дикой природы, включая снежного барса, архара и сайгака, а также на усилении координации и обмене данными между странами региона.
