[:kz]Қазақстанға түрді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Кертағының (Пржевальский жылқысы) кезекті тобы жеткізілді[:ru]В Казахстан прибыла очередная партия лошадей Пржевальского в рамках международного проекта по восстановлению вида

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1232523?lang=kk

Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді.

Бұл – әлемде сақталған жалғыз жабайы жылқы түрінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған халықаралық жоба аясында әкелінген жануарлардың кезекті легі.

Арнайы әуе рейсімен жануарлар Чехиядан Қостанай қаласының халықаралық әуежайына жеткізілді. Одан әрі олар арнайы жабдықталған автокөлікпен Қостанай облысы Амангелді ауданындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына тасымалданады. Реинтродукция орталығында жануарлар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтіп, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберуге дайындалады.

Тарихи тұрғыдан кертағы Қазақстан аумағында мекендеген және Қазақстан далаларының табиғи мұрасының бір бөлігі болып табылады. Алайда XX ғасырдың ортасына қарай бұл түр жабайы табиғаттан жойылып кетті. Оны қалпына келтіру халықаралық сақтау және реинтродукция бағдарламаларының арқасында мүмкін болды.

Бүгінде Қазақстан осы бірегей түрді өзінің тарихи мекендеу ортасына қайтару бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда.

Жоба Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, «Тирпарк Берлин» хайуанаттар бағы, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы және басқа да халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Қазақстан мен Прага хайуанаттар бағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін Қазақстанға 40 кертағыны жеткізу жоспарланған. 2024 және 2025 жылдары «Алтын Дала» резерватына жануарлардың алғашқы екі тобы әкелінген болатын. Ал биылғы жылдың мамыр айында бұрын жеткізілген жануарлардың бір бөлігі алғаш рет жабайы табиғатқа жіберілді.

Жобаның негізгі мақсаты – Орталық Қазақстан далаларында кертағының тұрақты популяциясын қалыптастыру және дала экожүйелерін қалпына келтіру.

Жобаны іске асыру Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Ол биологиялық әртүрлілікті сақтауға, тарихи тұрғыдан жоғалған жануарлар түрлерін қалпына келтіруге, табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің дала экожүйелері мен сирек кездесетін жабайы жануарларды қорғау ісіндегі көшбасшы мемлекет ретіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1232523?lang=ru

В преддверии Дня эколога, 1 июня 2026 года, в Казахстан прибыла первая группа лошадей Пржевальского (кертағы) из Чешской Республики. Это очередная группа животных, доставленная в рамках международного проекта по восстановлению популяции единственного сохранившегося в мире вида дикой лошади.

Специальным авиарейсом животные были доставлены из Чехии в Международный аэропорт города Костаная. Далее на специализированном автотранспорте их перевезут в государственный природный резерват «Алтын Дала» в Амангельдинском районе Костанайской области. В центре реинтродукции животные пройдут период адаптации под наблюдением специалистов, после чего будут подготовлены к выпуску в естественную среду обитания.

Исторически лошадь Пржевальского обитала на территории Казахстана и является частью природного наследия казахстанских степей. Однако к середине XX века вид исчез из дикой природы. Его восстановление стало возможным благодаря международным программам сохранения и реинтродукции.

Сегодня Казахстан реализует масштабную программу по возвращению этого уникального вида в его исторический ареал.

Проект реализуется Комитетом лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан совместно с Пражским зоопарком, зоопарком «Тирпарк Берлин», Ассоциацией сохранения биоразнообразия Казахстана, Франкфуртское зоологическое общество другими международными партнёрами.

Согласно меморандуму о сотрудничестве между Казахстаном и Пражским зоопарком, до 2029 года планируется завезти 40 лошадей Пржевальского. В 2024 и 2025 годах в резерват «Алтын Дала» уже были доставлены первые две группы животных, а в мае текущего года часть ранее завезённых особей впервые выпущена в дикую природу.

Основная цель проекта ­ это формирование устойчивой популяции лошади Пржевальского в степях Центрального Казахстана и восстановление степных экосистем.

Реализация проекта имеет важное значение для Казахстана, поскольку способствует сохранению биологического разнообразия, восстановлению исторически утраченных видов животных, укреплению международного сотрудничества в природоохранной сфере и повышению авторитета страны как одного из лидеров в области сохранения степных экосистем и редких видов дикой природы.

 

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх