[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1231116?lang=kk
2026 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы бірқатар табиғат қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарын аралады.
Жұмыс бағдарламасы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалынан басталды. Министрге орманды молықтыру, питомниктерді дамыту, жануарлар дүниесін сақтау және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту, туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтарды абаттандыру, «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» бағдарламалары аясындағы табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру мәселелері қаралды.
Автоматтандырылған бақылау-өткізу бекеттерінің жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың 5 айында келушілер саны 521,7 мың адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артқан, ал түсім көлемі 334,3 млн теңгеге жетіп, 2,3 есеге өскен.
Ерлан Нысанбаев сондай-ақ І типті орман өрт сөндіру станциясының қызметімен, бөлімшенің өрт қауіпті маусымға дайындығымен, қолда бар техникамен және орман өрттерінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында министрге Солтүстік Тянь-Шаньның табиғи кешендерін сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Қорық аумағында өсімдіктердің 960-тан астам түрі өседі, сүтқоректілердің 41 түрі мен құстардың 177 түрі мекендейді, олардың қатарында сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлері бар. Ерлан Нысанбаев күзет қызметінің, ғылыми және экологиялық ағарту бөлімдерінің жұмысымен танысып, мекеменің өрт қауіпті маусымға дайындығын бағалады. Сапар қорытындысы бойынша қорықтың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту және өртке қарсы инфрақұрылымын дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.
Есік мемлекеттік дендрологиялық паркінде министрге ағаш-бұта өсімдіктерін сақтау және молықтыру саласындағы еліміздің жетекші ғылыми-өндірістік мекемелерінің бірінің қызмет нәтижелері таныстырылды. Дендрологиялық парктің жалпы аумағы 365,4 гектарды құрайды. Оның аумағында питомник, жылыжай кешені және биотехнологиялық зертхана жұмыс істейді. Қорытындысында министр елді мекендерді сәндік көгалдандыруға арналған отырғызу материалымен қамтамасыз ету мәселесін ескере отырып, дендрологиялық паркті дамыту жоспарын әзірлеу бойынша тапсырмалар берді.
«Шелек орман шаруашылығы» КММ-де министрге орманды молықтыру және орман қоры аумағын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. 2021–2026 жылдар аралығында мекеме аумағында 161 гектар орман дақылдары отырғызылды. Ағымдағы жылы 17 гектар аумаққа 56 мыңнан астам өрік көшеті отырғызылып, сонымен қатар 78,8 гектар аумақта орман екпелерін толықтыру жұмыстары жүргізіліп, 76 мыңнан астам көшет егілді.
Сонымен қатар питомник шаруашылығын дамыту және орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш нормативтің 90 пайызына жетті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1231116?lang=ru
30 мая 2026 года Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев в рамках рабочей поездки посетил ряд природоохранных и лесохозяйственных организаций Алматинской области.
Рабочая программа началась в Талгарском филиале Иле-Алатауского государственного национального природного парка. Министру представили результаты работы по воспроизводству лесов, развитию питомников, сохранению животного мира и научно-исследовательской деятельности. Также рассмотрены вопросы развития экологического туризма, обустройства туристских маршрутов и экологических троп, реализации природоохранных мероприятий в рамках программ «Таза Қазақстан» и «Марш парков».
Отдельное внимание было уделено результатам работы автоматизированных контрольно-пропускных пунктов. За 5 месяцев 2026 года количество посетителей составило 521,7 тыс. человек, что в 2,1 раза больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года, а объем поступлений достиг 334,3 млн тенге, увеличившись в 2,3 раза.
Ерлан Нысанбаев также ознакомился с деятельностью лесопожарной станции I типа, готовностью подразделения к пожароопасному сезону, имеющейся техникой и принимаемыми мерами по предупреждению лесных пожаров.
В Алматинском государственном природном заповеднике Министру была представлена информация о проводимой работе по сохранению природных комплексов Северного Тянь-Шаня. На территории заповедника произрастают более 960 видов растений, обитают 41 вид млекопитающих и 177 видов птиц, включая редкие и находящиеся под охраной виды животных. Ерлан Нысанбаев ознакомился с работой службы охраны, научного и экопросветительского подразделений, оценил готовность учреждения к пожароопасному сезону. По итогам визита даны поручения по дальнейшему укреплению материально-технической базы и развитию противопожарной инфраструктуры заповедника.
В Иссыкском государственном дендрологическом парке Министру представили результаты деятельности одного из ведущих научно-производственных учреждений страны в области сохранения и воспроизводства древесно-кустарниковой растительности. Общая площадь дендрологического парка составляет 365,4 га, на его территории функционируют питомник, тепличный комплекс и биотехнологическая лаборатория. По итогам Министром даны поручения в части разработки плана развития дендропарка, с учетом обеспечения населенных пунктов посадочным материалом для их декоративного озеленения.
В КГУ «Шелекское лесное хозяйство» Министру доложили о проводимой работе по воспроизводству лесов и расширению площади лесного фонда. За период с 2021 по 2026 годы на территории учреждения создано 161 га лесных культур, в текущем году на площади 17 га высажено более 56 тыс. саженцев абрикоса, а также проведены работы по дополнению лесных насаждений на площади 78,8 га с высадкой свыше 76 тыс. саженцев. Наряду с этим продолжается развитие питомнического хозяйства и укрепление материально-технической базы лесного хозяйства, которое в текущем году достигло 90 процентов от нормативного.
