[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1231110?lang=kk
25 мамырда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында керқұландардың (кертағының) бір тобы табиғатқа жіберілді.
Айғыр Галван Қазақстанға Прага қаласынан, ал төрт бие Венгриядағы Хортобадь ұлттық паркінен жеткізілген болатын. Бір жыл бойы жануарлар мамандар мен ветеринарлардың тұрақты бақылауымен реинтродукция орталығының кең қашаларында бейімделу кезеңінен өтті.
Осы уақыт ішінде керқұландар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп, қысты аман өткізіп, даладағы дербес тіршілікке дайындалды.
Табиғатқа жіберер алдында Галван айғырына GPS-қарғыбауы тағылды. Ол үйірдің қозғалысын бақылауға және жануарлардың табиғи ортадағы мінез-құлқы туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Табиғатқа жіберілгеннен кейін Галван бастаған төрт биеден тұратын үйір «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағын игере бастады. Мамандардың бақылауы бойынша жануарлардың жағдайы жақсы, олар жаңа жайылымдар мен суаттарды белсенді түрде зерттеуде.
Керқұландар табиғатқа жіберілгеннен кейін де резерваттың мемлекеттік инспекторларының тұрақты бақылауы мен қорғауында болады. Мамандар олардың қозғалысын және жабайы табиғатқа бейімделуін одан әрі қадағалайды.
Керқұландарды табиғатқа жіберу осы сирек түрді тарихи мекендеу ортасына қайтару бағдарламасын іске асырудағы маңызды кезең және Қазақстандағы табиғи популяциясын қалпына келтіру жолындағы кезекті қадам болды.
Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар түрлерін сақтау мен қалпына келтіру жобасын іске асыруға қатысып жатқан барлық серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1231110?lang=ru
25 мая на территории государственного природного резервата «Алтын Дала» состоялся выпуск в дикую природу группы лошадей Пржевальского.
Жеребец Галван прибыл в Казахстан из Праги, а четыре кобылы — из национального парка Хортобадь (Венгрия). В течение года животные проходили адаптацию в просторных загонах центра под постоянным наблюдением специалистов и ветеринаров.
За это время лошади успешно освоились в новых природно-климатических условиях, благополучно пережили зиму и подготовились к самостоятельной жизни в степи.
Перед выпуском на жеребца Галвана был установлен GPS-ошейник, который позволяет отслеживать перемещения группы и получать важную информацию о поведении животных в естественной среде обитания.
После выхода на волю Галван и его гарем из четырёх кобыл начали осваивать территорию государственного природного резервата «Алтын Дала». По наблюдениям специалистов, животные чувствуют себя хорошо, активно исследуют новые пастбища и водопои.
После выпуска лошади Пржевальского остаются под постоянным наблюдением и охраной государственных инспекторов резервата. Специалисты продолжают мониторинг их перемещений и адаптации в дикой природе.
Выпуск лошадей Пржевальского стал важным этапом реализации программы по возвращению этого редкого вида в его исторический ареал и очередным шагом в восстановлении его природной популяции в Казахстане.
Благодарим всех партнёров, принимающих участие в реализации проекта по сохранению и восстановлению редких и находящихся под угрозой исчезновения видов диких животных Казахстана.
