[:kz]ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Словак Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесуі[:ru]Встреча Министра экологии и природных ресурсов РК Е.Нысанбаева с Заместителем Премьер-министра – Министром окружающей среды Словацкой Республики Томашем Тарабой

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207432?lang=kk

ОЭС – 2026 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесті.

Екіжақты кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словак Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар климаттың өзгеруін, орман шаруашылығын дамытуды, биоәртүрлілікті сақтауды, сондай-ақ заманауи экологиялық технологияларды енгізуді және бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Министр словак тарапына орман қорының аумағын ұлғайту бойынша қабылданып жатқаншаралар туралы хабарлады.

Сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуді және жабық тамыр жүйесі бар орман питомниктерін дамытуды қоса алғанда, орман өсіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақстандық тарап тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ, көміртегі бірліктерін құқықтық реттеу және есептеу әдістемесі мәселелерін қоса алғанда, көміртегі жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Еуропалық Одақтың стандарттарын ескере отырып, қалдықтарды басқару саласында экологиялық қауіпсіз шешімдерді енгізу және дөңгелек экономика қағидаттарына көшу мәселелері жеке қаралды.

Өз кезегінде Томаш Тараба Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдіріп, словак тарапының тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайындығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады және өзекті экологиялық міндеттерді шешуде одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207432?lang=ru

На полях РЭС – 2026 состоялась встреча Министра экологии и природных ресурсов РК Е. Нысанбаева с Заместителем Премьер-министра–Министром окружающей среды Словацкой Республики Томашем Тарабой.

В рамках двусторонней встречи подписан Меморандум о взаимопонимании между Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Министерством окружающей среды Словацкой Республики.

Стороны обсудили актуальные вопросы охраны окружающей среды, включая изменение климата, развитие лесного хозяйства, сохранение биоразнообразия, а также внедрение современных экологических технологий и реализацию совместных проектов.

Министр проинформировал словацкую сторону о принимаемых мерах по увеличению площади лесного фонда.

Особое внимание было уделено вопросам лесоразведения, включая обеспечение качественным посадочным материалом и развитие лесных питомников с закрытой корневой системой. В этой связи казахстанская сторона выразила заинтересованность в обмене опытом и развитии совместных проектов.

Также обсуждены перспективы сотрудничества в сфере реализации углеродных проектов, включая вопросы правового регулирования и методик расчёта углеродных единиц.

Отдельно рассмотрены вопросы внедрения экологически безопасных решений в сфере управления отходами с учётом стандартов Европейского союза и перехода к принципам циркулярной экономики.

В свою очередь Томаш Тараба выразил заинтересованность в расширении сотрудничества с Казахстаном и отметил готовность словацкой стороны к обмену опытом и реализации совместных инициатив.

По итогам встречи стороны подтвердили намерение укреплять двустороннее сотрудничество и выразили готовность к дальнейшему взаимодействию в решении актуальных экологических задач.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх