[:kz]Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде әзірленіп жатқан Жаңа Су кодексі аясында мемлекеттік қадағалау мен су қорын пайдаланудың негізгі мәселелері талқыланды[:ru]Основные вопросы госнадзора и использования водного фонда в рамках разрабатываемого нового Водного кодекса обсудили в Минэкологии

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың қоғамдық талқылауы өтті. Мемлекеттік қадағалауды енгізу су заңнамасын бұзушылықтардың салдарын болдырмауды, анықтауды, жолын кесуді және жоюды, соның салдарынан су қатынастарының барлық субъектілері үшін әділ және тең сумен қамтамасыз етуге жағдай жасауды көздейді. Іс-шараның модераторы – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Темірбекұлы Аяшев, спикер – Су ресурстары комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Марат Уәлиханұлы Иманалиев, сондай-ақ ҚР Су саласының ардагерлері.

Сөз басында М.Иманалиев су – қоршаған табиғи ортаның негізгі элементі екенін, соның арқасында барлық экожүйелер өзінің өміршеңдігін сақтап, қоршаған ортаны қалыптастыруды және адам үшін өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететінін атап өтті. Су адамның экономикалық қызметінің барлық түрлерінде – тамақ өнімдері мен өнеркәсіптік өнімдерден бастап энергия өндірісіне дейін өте қажет, бұл суды өндіріс үшін экономикалық құндылық (ресурс) ретінде қарастыруға итермелейді. Қазақстанның су ресурстары – бірегей және осал жүйе, ол басқа елдерге қарағанда қауіпке көбірек ұшырайды.

Біріншіден, Қазақстанның су ресурстары жаһандық жылынудың салдарына тәуелді, мұздықтардың еруінің уақытша ұлғаюы су ресурстарының болашақ көлемдеріне әсер етеді. Егер 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағыны 120 км3 болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 км3 құрайды. 2030 жылға қарай өзен ағынын одан әрі 99,4 км3 дейін қысқаруы болжанып отыр. Бұл ретте қазіргі кезеңде су ресурстарының тапшылығы байқалады. Мәселен, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының экономика салалары, әсіресе ауыл шаруашылығы су ресурстарының тапшылығын бастан кешіруде. Осы облыстардың қолда бар су ресурстары халық пен экономика салаларының қажеттіліктерін өтемейді. Нәтижесінде су алу қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Екіншіден, Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келетін және жерүсті сулары ағынының 44%-ын құрайтын трансшекаралық суларға тәуелділік. Көрші елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуының жеделдеуіне байланысты трансшекаралық өзендер бойымен ағу азаюда. Ел халқының жартысынан көбі тұратын және олардың тіршілік ету жағдайлары сумен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді оңтүстік және Батыс өңірлер трансшекаралық ағынға барынша тәуелділікті сезінуде. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі үлесі шамамен 70%-ды құрайтынын атап өту қажет. 

Үшіншіден, өсіп келе жатқан ресурстар тапшылығы аясында үлкен шығындарға (су шаруашылығы инфрақұрылымының үлкен тозуына байланысты тасымалдау кезінде суармалы судың шамамен 40%-ы жоғалады) және экономика салаларында суды қажет ететін технологияларды пайдалануға байланысты су ресурстарын тиімсіз пайдалану байқалады.

Ел экономикасына Ресей немесе АҚШ-қа қарағанда жалпы ішкі өнімнің бір долларына 3 есе және Австралияға қарағанда 6 есе көп су қажет. Өнім бірлігін өндіруге 129 м3 су жұмсалады, ал АҚШ пен Ресей Федерациясында – 44 м3, Австралияда – 21 м3.

Сондай-ақ, спикер өнімсіз су ысыраптары туралы айтты. Осылайша, 2015 жылдан бастап суды пайдалану көлемінің шамалы ғана төмендеуімен (25,1 км3 – 23,1 км3) су пайдаланушылар санының әлдеқайда азаюы байқалады(2015 жылы 3866-дан 2021 жылы 2861-ге дейін).

М.Иманалиев барлық адамдар объективті себептер бойынша климаттық процестерге және трансшекаралық су бөлуге тәуелділікке біздің ықпал ету шектеулі екендігімен келісетіндігін атап өтті, демек, үшінші фактормен, атап айтқанда суды пайдаланудың тиімсіздігімен жұмыс істеу қажет.

Жоғарыда айтылғандай, судың негізгі шартты «бенефициарлары» – табиғат, халық, экономика немесе бизнес. Олардың арасында судың талаптары, оның мөлшері мен сапасы туралы қарым-қатынас қалыптасады, ал су тапшылығының аясында мемлекет осы қатынастардың ережелерін анықтауы керек. Осы мақсатта мемлекет заңнамалық талаптарды (су пайдалану лимиттерін, су тұтыну нормаларын, су сапасының стандарттарын және т.б.), мемлекеттік қолдау шараларын (субсидиялар, әкімшілік рәсімдерді оңайлату, салық преференциялары және т. б.) белгілейді және инфрақұрылымдық жағдайлар жасайды.

Екінші жағынан, мемлекет барлық бенефициарлардың мүдделерін сақтау үшін қабылданған ойын ережелерін бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеуге құқылы. 

Осылайша, енгізуге ұсынылатын мемлекеттік қадағалау табиғат, халық және адал кәсіпкерлердің мүдделерін жекелеген жосықсыз су пайдаланушылар тарапынан су заңнамасын бұзудың теріс салдарларынан қорғауға бағытталған. Бұл ретте су қорын қорғау және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдері қадағалау объектілері болып табылатынын атап өткен жөн.

Енгізілетін құралдың міндеті кәсіпкерлік субъектісін жазалау емес, су пайдаланушының өзінің де, басқа да бенефициарлардың мүддесі үшін ықтимал бұзушылықтардың уақтылы алдын алу, ал егер бұзушылық орын алған болса, табиғат пен халыққа келтірілген зиянды барынша азайту мақсатында заңсыз іс-әрекеттерді ден қою және тоқтату болып табылатынын атап өту қажет. 

Судың өзіндік ерекшелігін (су ресурстарының тапшылығы, осалдығы, келтірілген залалдың таралу ауқымы, субъектілердің белгісіз тобының бір субъектінің құқыққа қарсы әрекеттеріне тәуелділігі және т.б.) ескере отырып, уәкілетті орган барлық бенефициарлардың мүддесі үшін су ресурстарының қайтымсыз ысырабын, ластануын, қоқыстануын, сарқылуын болдырмау үшін бұзушылық фактілеріне ден қоюдың жеделдігін талап етеді.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты Су ресурстары комитетінің су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Су кодексінің жобасына су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалауды енгізу бөлігінде тиісті түзетулер енгізуді ұсынды. 

Сондай-ақ бақылау және қадағалау объектісіне бармай жүргізілетін тексерулер анықталатын болады, бұл қолданыстағы Су кодексінде жоқ. Тиісінше, олар мемлекеттік қадағалауға жатпайды.

Толығырақ  Су кодексінің өзі мен ілеспе заң жобасын жүргізу кезінде де талқыланады. 

Осылайша, Марат Уалиханұлы Иманалиев ҚР ЭГТРМ СРК мемлекеттік қадағалауды кәсіпкерлік субъектілерін қорқыту немесе оларға қысым жасау құралы ретінде пайдалану міндетін қоймайтынын тағы да атап өтті. 

«Бұл ұсыныстың мәні ұзақ мерзімді жоспарлау көкжиегінде біздің барлығымыз (мемлекет, қоғам, бизнес) еліміздің су қауіпсіздігі үшін болашақ ұрпақтың алдында моральдық және әлеуметтік жауапкершілікте болатындығында. Егер біз су ресурстарымызға салғырт қарауды жалғастыратын болсақ, онда бәрі жеңілетінін түсіну қажет. Біз су қатынастарының жекелеген жауапсыз қатысушыларына қайтымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік бере алмаймыз» – деп атап өтті Су ресурстары комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Марат Уәлиханұлы Иманалиев.

Өз сөзінің соңында Марат Уәлиханұлы су саласының ардагерлерімен бірге жиналған мүдделі тұлғалардың, қоғам қайраткерлері мен журналистердің сұрақтарына жауап берді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер тыңдалып, назарға алынды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

Сегодня состоялось общественное обсуждение анализа регуляторного воздействия по введению государственного надзора в области охраны и использования водного фонда. Введение государственного надзора предполагает предотвращение, выявление, пресечение и устранение последствий нарушений водного законодательства, и как следствие создание условий справедливого и равного водообеспечения для всех субъектов водных отношений. Модератором выступил заместитель председателя Комитета по водным ресурсам МЭГПР Аяшев М.Т., спикером – руководитель управления государственного контроля в области использования и охраны водного фонда Комитета по водным ресурсам Иманалиев М.У., а также ветераны водной отрасли РК.

В своем выступлении спикер отметил, что вода – это основополагающий элемент окружающей природной среды, благодаря которой все экосистемы сохраняют свою жизнеспособность, обеспечивают формирование среды и условия существования для человека. Вода абсолютно необходима во всех видах экономической деятельности человека – от производства пищевых продуктов и промышленной продукции до производства энергии, что побуждает рассматривать воду как экономическую ценность (ресурс) для производства. Водные ресурсы Казахстана – живая, уникальная и уязвимая система, которая подвержена рискам намного больше, чем в других странах.

Во-первых, водные ресурсы Казахстана подвергаются воздействию глобального потепления, временное увеличение таяния ледников скажется на будущих объемах водных ресурсов (наиболее подвержены риску реки на юге страны). Если в 2000-х годах среднемноголетний речной сток составлял 120 км3, то в настоящее время он составляет порядка 102 км3. К 2030 году прогнозируется дальнейшее сокращение речного стока до 99,4 км3. При этом уже на современном этапе наблюдается нехватка водных ресурсов. Так отрасли экономики, в особенности сельское хозяйство, Туркестанской, Кызылординской и Жамбылской областей уже начинают испытывать дефицит водных ресурсов. Имеющиеся водные ресурсы данных областей не покрывают потребности населения и отраслей экономики. В результате забор воды осуществляется в ущерб экологии.

Во-вторых, зависимость от трансграничных вод, поступающих из Китая, России, Узбекистана и Кыргызстана, и составляющих 44% притока поверхностных вод. Вследствие ускорения экономического и социального развития соседних стран приток по трансграничным рекам сокращается. Наибольшую зависимость от трансграничного стока испытывают южные и западные регионы, где проживают более половины населения страны и условия их жизнедеятельности напрямую зависят от водообеспеченности.

В-третьих, на фоне нарастающего дефицита ресурсов наблюдается неэффективное использование водных ресурсов.

Экономике страны требуется в 3 раза больше воды на доллар валового внутреннего продукта, чем в России или США, и в 6 раз больше, чем в Австралии. На производство единицы продукции тратится 129 м3 воды, тогда как в США и РФ – 44 м3, в Австралии – 21 м3. Это связанно, в первую очередь, с большими потерями (около 40% поливной воды теряется при транспортировке из-за большой изношенности водохозяйственной инфраструктуры) и использованием водозатратных технологий в отраслях экономики.

Также, спикер рассказал о непродуктивных потерях воды. Так с 2015 года наблюдается сокращение количества водопользователей (с 3866 в 2015 г. до 2861 в 2021 г.) при незначительном сокращении объема водопользования (с 25,1 км3 до 23,1 км3). При этом наблюдается тенденция на увеличение объема непродуктивных потерь (с 3,5 км3 до 3,7 км3).  Для страны, испытывающей дефицит воды, мы довольно бездумно относимся к ее использованию.

М.Иманалиев предположил, что все согласятся с тем, что по объективным причинам на климатические процессы и зависимость от трансграничного вододеления наше влияние ограничено, следовательно, необходимо работать с третьим фактором, а именно с неэффективностью водопользования.

Как было сказано ранее, основными условно «бенефициарами» воды являются природа, население, экономика или бизнес. Между ними складываются отношения по поводу притязаний на воду, ее количество и качество, и на фоне складывающегося дефицита воды государство должно определить правила этих отношений. В этих целях государство устанавливает законодательные требования (лимиты водопользования, нормы водопотребления, стандарты качества воды, различные разрешительные процедуры и т.п.), меры господдержки (субсидии, упрощение административных процедур, налоговые преференции и др.) и создает инфраструктурные условия (строительство и реконструкция каналов, водохранилищ, магистральных водоводов и др. гидротехнических сооружений).

С другой стороны, государство правомочно устанавливать юридическую ответственность за нарушение принятых правил игры, чтобы соблюсти интересы всех бенефициаров.

Таким образом, предлагаемый к введению государственный надзор направлен на защиту интересов природы, населения и добросовестных предпринимателей от негативных последствий нарушений водного законодательства со стороны отдельных недобросовестных водопользователей. При этом хочется подчеркнуть, что объектами надзора будут являться также действия и решения местных исполнительных органов в области охраны и использования водного фонда.

Необходимо отметить, что задачей вводимого инструмента является не наказание субъекта предпринимательства, а своевременное предупреждение возможных нарушений в интересах как самого водопользователя, так и других бенефициаров, а если нарушение уже произошло, то реагирование и прекращение неправомерных действий с целью минимизации причиненного вреда природе и населению.

Учитывая специфические свойства воды (дефицит водных ресурсов, уязвимость, масштабность распространения причиненного ущерба, зависимость неопределенного круга субъектов от противоправных действий одного субъекта и др.), от уполномоченного органа требуется оперативность реагирования на факты нарушений для предотвращения необратимых потерь, загрязнения, засорения, истощения водных ресурсов в интересах всех бенефициаров.

В связи с вышеизложенным, спикер предложил внести соответствующие поправки в Предпринимательский кодекс РК и проект Водного кодекса в части введения государственного надзора в области охраны и использования водного фонда.

Также было озвучено, что существующие объекты проверок в новом водном кодексе будут пересмотрены  в части исключение двухсмысленных толкований и изличных форм проверок. Планируется определить проверки, которые будут проводится без посещения объекта контроля и надзора, что отсутствует в действующем Водном кодексе. Соответственно, они не будут подпадать под государственный надзор.

Детали также будут обсуждаться при проведении АРВ самого Водного кодекса и сопутствующего законопроекта.

Таким образом, было отмечено, что Комитет по водным ресурсам МЭГПР РК не ставит перед собой задачу использовать государственный надзор, как инструмент устрашения или давления на субъектов предпринимательства.

«Суть данного предложения в горизонте долгосрочного планирования состоит в том, что мы все (государство, общество, бизнес) несем ответственность – моральную и социальную – перед будущим поколением за водную безопасность нашей страны. Необходимо понимать, что если мы продолжим безалаберно относиться к нашим водным ресурсам, то в проигрыше окажутся все. И мы не можем позволить отдельным недобросовестным участникам водных отношений совершать правонарушения, которые могут привести к необратимым последствиям» – отметил, М.Иманалиев.

В завершение своего выступления докладчик ответил на вопросы собравшихся заинтересованных лиц, общественных деятелей и журналистов. Все предложения и замечания были выслушаны и приняты к сведению.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх