2021 жылғы 16 қыркүйекте онлайн режимде ҚР және АҚШ төрағалығымен климат мәселелері бойынша “C5+1” форматындағы министрлердің кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, АҚШ Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри, Қырғыз Республикасының Экология және климат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Динара Кутманова, Тәжікстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода, Түрікменстанның Ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрі Алланур Алтыев, Өзбекстан Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Жүсіпбек Қазбеков қатысты.
Кездесу барысында тараптар Париж келісімі бойынша жаһандық температураның индустриялық деңгейден 2°C-тан төмен деңгейге көтерілуін шектеу және температураның 1,5°C-қа дейін көтерілуін шектеу бойынша күш-жігерді жалғастыру мақсатында климаттық амбициялардың жоспарланған өсуін талқылады.
Министр Серікқали Брекешев өз сөзінде бүгінгі күні Қазақстанда басқа халықаралық алаңдармен квоталар саудасы жүйесін қосу мақсатында парниктік газдар шығарындыларын реттеуді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмысты аяқтауда.
«Алдын ала нәтижелер энергия тиімділігін арттыру, электрлендіру және ЖЭК үлесін 2020 жылғы 3% – бен салыстырғанда 2060 жылға қарай шамамен 82% – ға жеткізу қажеттілігін көрсетті. Көмір генерациясының үлесі қазіргі 69% деңгеймен салыстырғанда нөлге дейін азайтылуы тиіс. Қазақстан экономикасы энергия сыйымды екенін ескерсек, бұл біздің еліміз үшін өте күрделі, бірақ маңызды қадам», – деді Серікқали Брекешев.
Сондай-ақ, биылғы жылдың қазан айында энергетика және қоршаған орта жөніндегі жұмыс тобының алдағы отырысы барысында Қазақстан Орталық Азия елдерінің өкілдерімен Орталық Азия өңірлік хабының тұжырымдамасын таныстыруға және талқылауға ниетті. Министрдің айтуынша, хаб қызметі бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялар трансферті және халықаралық қаржы институттарының қолдауы арқылы аймақтағы «жасыл» экономикалық өсуді қамтамасыз етуде Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіруге бағытталады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар С5+1 институционалдық нығайту және ортақ өзекті мәселелерді шешу үшін осы платформаны пайдалану бойынша күш салуға келісті және бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Дерек көз – gov.kz[:ru]16 сентября 2021 года в онлайн режиме состоялась встреча министров в формате «C5+1» по вопросам климата под председательством РК и США.
В мероприятии приняли участие Министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Сериккали Брекешев, Специальный посланник Президента США по вопросам климата Джон Керри, Председатель Государственного комитета по экологии и климату Кыргызской Республики Динара Кутманова, Председатель Комитета по охране окружающей среды Республики Таджикистан Баходур Шерализода, Министр сельского хозяйства и охраны окружающей среды Туркменистана Алланур Алтыев, Заместитель Председателя Государственного комитета по экологии и охране окружающей среды Республики Узбекистан Жусипбек Казбеков.
В ходе встречи стороны обсудили запланированное повышение климатических амбиций в соответствии с целью Парижского соглашения по ограничению повышения глобальной температуры до уровня значительно ниже 2°C выше доиндустриального уровня и продолжить усилия по ограничению повышения температуры до 1,5°C.
В своем выступлении министр Сериккали Брекешев отметил, что на сегодня в Казахстане ведется работа по усовершенствованию системы регулирования выбросов парниковых газов с целью линкования системы торговли квотами с другими международными площадками. Также Казахстан завершает работу по разработке Концепции углеродной нейтральности до 2060 года.
«Предварительные результаты показали необходимость повышения энергоэффективности, электрификации и достижения доли ВИЭ порядка 82% к 2060 году по отношению к 3% 2020 года. Доля угольной генерации должна быть сведена к нулю в сравнении с текущим уровнем 69%. Учитывая, что экономика Казахстана является энергоемкой, это очень сложный, но важный шаг для нашей страны», – сказал Сериккали Брекешев.
Также в ходе предстоящего заседания Рабочей группы по энергетике и окружающей среде в октябре текущего года Казахстан намерен презентовать и обсудить с представителями Центрально-азиатских стран концепцию Регионального хаба Центральной Азии. По словам министра, деятельность Хаба будет направлена на объединение усилий стран Центральной Азии в обеспечении «зеленого» экономического роста в регионе посредством реализации совместных проектов, трансферт технологий, поддержку со стороны международных финансовых институтов.
По итогам мероприятия стороны договорились приложить усилия по институциональному укреплению С5+1 и использованию данной платформы для решения общих актуальных проблем, приняли Совместное заявление.
Источник – gov.kz
