[:kz]Р. Скляр неміс компанияларымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады[:ru]Р. Скляр обсудил с немецкими компаниями совместные проекты в области охраны окружающей сред

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр неміс компанияларының басшыларымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы екіжақты экономикалық жобалар болды.

Неміс тарапынан Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес және Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бергер Мигель қатысты.

Онлайн-кездесуге Siemens, BASF, Henkel AG & Co. KgaA, WILO SE, LLP C. Spaarmann, Becker Mining Europe GmbH, Svevind Energy GmbH, Robert Bosch сияқты 100-ге жуық жетекші неміс компаниялары қатысты.

Өз сөзінде Роман Скляр өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, энергетика, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріндегі табысты ынтымақтастықты атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тараптың экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға дайын екендігін білдірді.

Неміс компаниялары климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қалдықтарды жою, Арал теңізінің құрғауына байланысты экологиялық апатпен күресу, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырылды.

Кездесу соңында пікірталас өтті, онда қатысушылар аталған мәселелерді іске асыру шараларын талқылады.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/r-sklyar-nemis-kompaniyalarymen-korshagan-ortany-korgau-salasyndagy-birlesken-zhobalardy-talkylady-3175720[:ru]31 августа т.г. заместитель Премьер-Министра РК Роман Скляр провел очередную онлайн-встречу с руководителями германских компаний. Темой встречи стали двусторонние экономические проекты в области охраны окружающей среды и водных ресурсов.

Германскую сторону представили Оливер Гермес — председатель Восточного комитета германской экономики и Бергер Мигель — государственный секретарь Министерства иностранных дел ФРГ.

В онлайн-встрече приняли участие порядка 100 ведущих германских компаний, среди которых «Siemens», «BASF», «Henkel AG & Co. KgaA», «WILO SE», «LLP C.Spaarmann», «Becker Mining Europe GmbH», «Svevind Energy GmbH», «Robert Bosch».

В своем выступлении Роман Скляр отметил успешное сотрудничество в вопросах реализации совместных проектов в сферах промышленного производства, машиностроения, энергетики, возобновляемых источников энергии и др., а также выразил готовность казахстанской стороны в налаживании сотрудничества по вопросам экологии и природных ресурсов.

Германские компании были приглашены к сотрудничеству в таких отраслях как борьба с изменением климата, утилизация отходов, борьба с экологической катастрофой, связанной с осушением Аральского моря, а также по вопросам питьевого водоснабжения.

В завершение встречи состоялась дискуссия, во время которой участники обсудили меры по реализации данных вопросов.

Источник: https://primeminister.kz/ru/news/r-sklyar-obsudil-s-nemeckimi-kompaniyami-sovmestnye-proekty-v-oblasti-ohrany-okruzhayushchey-sredy-3174220

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх