Дерек көз – gov.kz
Бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрліктері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы наурызында «Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде су айдындарында «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Бұдан басқа, табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді, сондай-ақ акцияға тартылған күштер мен техникалық құралдардың дислокациясы жасалды.
Акция барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (бұдан әрі – Инспекция) мемлекеттік инспекторлары құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп 2021 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық қорғау заңнамасын бұзудың 1262 фактісін анықтады, оның ішінде 952 – Атырау облысының аумағында, 137 – Маңғыстау облысында және 173 – Батыс Қазақстан облысында.
862 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 114 – і сот тәртібімен, 56 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 15,4 млн. теңге айыппұл салынды.
Заңсыз айналымнан 35 тоннадан астам балық алынды, оның 4,6 тоннасы – бекіре тұқымдас балық түрлері, 908 бірлік аулау құралдары, 95 бірлік жүзу және 23 бірлік көлік құралдары.
Жайық-Каспий бассейнінің су қоймаларынан негізінен синтетикалық моножіптен дайындалған заңсыз орнатылған 3035 аулау құралдары алынды.
Ең маңызды фактілердің ішінде мыналарды атап өтуге болады.
2021 жылғы 15 сәуірде Атырау облысының Исатай ауданында Жанбай ауылының маңында жалпы салмағы 100 кг бекіре тұқымдас балық тасымалдаған автокөлік ұсталды.
2021 жылғы 15 сәуірде Атырау қаласында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде жалпы салмағы 812 кг 247 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленген жергілікті тұрғын ұсталды.
2021 жылғы 17 сәуірде ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылатын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Каспий теңізінің «Нұрмұхан-Құлтық» ауданында инспекция қызметкерлері кәсіпшілік балық аулауға тыйым салынған жерде заңсыз балық аулауды жүзеге асырған 2 адамды ұстады.
Шағын көлемді кемені тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 2,2 тонна балық табылып, тәркіленді, ұсталған адамдарға тиесілі судан аулау құралы (вентер) алынды.
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында 2021 жылғы 26 сәуірде жалпы салмағы 148,55 кг бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлік ұсталды.
Батыс Қазақстан облысында акция барысында рұқсат құжаттарынсыз балық тасымалын жүзеге асырған 16 автокөлік ұсталды. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 15 тоннаға жуық балық тәркіленіп, 15 қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, акция кезінде Инспекция және құқық қорғау органдарының қызметкерлері базарлар мен мамандандырылған дүкендердің синтетикалық моножіптен жасалған балық аулау құралдарын заңсыз сату мәніне мониторинг жүргізді, нәтижесінде 2021 жылғы 29 сәуірде Атырау қаласында сауда базарларының бірінде 79 бірлік көлемінде тыйым салынған аулау құралдарын сату фактісі анықталды, тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 72,9 мың теңге сомасында айыппұл салынды.
Рейд жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың авиациясы мен су көлігі, оның ішінде шекаралық жылдам жүретін катерлер, сондай-ақ әуе жастықтары бар кемелер іске қосылғанын атап өту қажет.
2021 жылғы 30 мамырдағы ұшу барысында Жылыой ауданында қамыс қопасының арасынан ұзақ тұру үшін жабдықталған браконьерлік база (су және азық-түлік қоры, байланыс құралдары) табылды. Тексеру барысында тіркеу нөмірі жоқ тегіс ұңғылы мылтық, екі қолдан жасалған барлық жер үсті көлігі және үш жүзу құралы табылды, оларда балық аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынған 7 қап болды. Жиналған материалдар мен заттай дәлелдемелер құқық қорғау органдарына қатысы бар тұлғаларды анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.
Бүгінгі таңда құнды балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде браконьерлікпен күресті күшейтуге бағытталған «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы аяқталды.
[:ru]Источник – gov.kz
В целях сохранения осетровых и других видов рыб, а также обеспечения благоприятных условий для их нереста Министерствами экологии, геологии и природных ресурсов, внутренних дел и Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан в марте 2021 года был подписан Совместный приказ «О проведении широкомасштабной рыбоохранной акции «Бекіре» на водоемах Атырауской, Мангистауской и Западно-Казахстанской областей в период нереста осетровых и других видов рыб».
Кроме того, утвержден План совместных действий природоохранных и правоохранительных органов, а также составлена дислокация сил и технических средств, задействованных в акции.
В ходе акции государственными инспекторами Жайык-Каспийской межобластной бассейновой инспекции рыбного хозяйства (далее – Инспекция) совместно с правоохранительными и природоохранными органами в период с 1 апреля по 31 мая 2021 года выявлено 1262 нарушения рыбоохранного законодательства, из них 952 – на территории Атырауской области, 137 – Мангистауской и 173 – Западно-Казахстанской области.
К административной ответственности привлечено 862 нарушителя, из них 114 – в судебном порядке, возбуждено 56 уголовных дел. На нарушителей наложено штрафов на сумму 15,4 млн. тенге.
Из незаконного оборота изъято более 35 тонн рыбы, из них 4,6 тонн – осетровые виды, 908 единиц орудий лова, 95 единиц плавательных и 23 единицы транспортных средств.
Из водоемов Жайык-Каспийского бассейна извлечено 3035 единиц незаконно установленных орудий лова, изготовленных преимущественно из синтетических мононитей и моноволокна.
Из наиболее значимых фактов можно отметить следующие.
15 апреля 2021 года в Исатайском районе Атырауской области у села Жанбай задержана автомашина, осуществлявшая перевозку рыбы осетровых видов общим весом 100 кг.
15 апреля 2021 года при проведении рейдовых мероприятий в городе Атырау задержан местный житель, у которого изъята рыба осетровых видов в количестве 247 штук общим весом 812 кг.
17 апреля 2021 года на территории государственного природного резервата «Акжайык», являющегося особо охраняемой природной территорией, в районе «Нурмухан-Култук» Каспийского моря сотрудниками Инспекции задержаны 2 лица, которые осуществляли незаконный лов рыбы в запрещенном для промыслового рыболовства месте.
В результате досмотра маломерного судна обнаружена и изъята рыба частиковых видов общим весом 2,2 тонны, из воды изъято орудие лова (вентерь), принадлежавшее задержанным лицам.
В городе Форт-Шевченко Мангистауской области 26 апреля 2021 года задержана автомашина под управлением местного жителя, который незаконно перевозил рыбу осетровых видов общим весом 148,55 кг.
В Западно-Казахстанской области за период проведения акции задержано 16 автомашин, которые осуществляли перевозку рыбы без разрешительных документов. В результате данных мероприятий изъято порядка 15 тонн рыбы частиковых видов, возбуждено 15 уголовных дел.
Вместе с тем, в период акции сотрудниками Инспекции и правоохранительных органов осуществлялся мониторинг рынков и специализированных магазинов на предмет незаконной реализации орудий лова рыбы, изготовленных из синтетических мононитей и моноволокна, в результате 29 апреля 2021 года в г. Атырау на одном из торговых рынков выявлен факт реализации запрещенных орудий лова в количестве 79 единиц, на нарушителя наложен штраф на сумму 72,9 тыс. тенге по статье 196 КоАП РК.
Надо отметить, что при проведении рейдов были задействованы авиация и водный транспорт государственных органов, в том числе пограничные быстроходные катера, а также суда на воздушных подушках.
30 мая 2021 года в ходе облета в Жылыойском районе среди зарослей камыша обнаружена браконьерская база, оборудованная для длительного проживания (запасы воды и пищи, средства связи). В ходе досмотра обнаружено гладкоствольное ружье без регистрационного номера, два самодельных вездехода и три плавательных средства, в которых находились 7 мешков с запрещенными к использованию орудиями лова рыбы. Собранный материал и вещественные доказательства направлены в правоохранительные органы для установления причастных лиц и принятия процессуального решения.
На сегодня рыбоохранная акция «Бекіре-2021», направленная на усиление борьбы с браконьерством в период нереста ценных видов рыб, завершена.
