[:kz]Қазақстанның орман қоры 5 жыл ішінде 2 млрд ағашпен толығады[:ru]В течение 5 лет лесной фонд Казахстана будет пополнен на 2 млрд. деревьев

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Мемлекет Басшысының қыркүйек айындағы Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 5 жыл ішінде – 2021-2025 жылдар аралығында орман алқабында 2 млрд. ағаш отырғызуға қатысты шаралар қабылдап жатыр.
Аталған бағыттағы жұмыстарды министр Мағзұм Мырзағалиев бүгін Үкімет отырысында баяндады. Оның сөзінше, Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемін анықтаған.
«Елдің орман алқабын ұлғайтуда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін кешенді шаралар қабылданып, әкімдіктермен,мемлекеттік органдармен жұмыс алгоритмі жасалды. Мәселен, әкімдіктердің табиғат қорғау және орман қорғау мекемелерінің күшімен 464 мың гектар аумақта 1,1 млрд. ағаш отырғызылатын болады. Көбі Түркістан , Қызылорда және Жамбыл облыстарында жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған мөлшердің негізгі үлесі сексеуіл егу арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігінде де осы жұмыстар атқарылады»,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Республиканың орталық өңірлерінде негізінен қарағай, шырша, қайың сияқты негізгі орман құраушы тұқымдарға жататын ағаштар отырғызылмақ. Бұдан бөлек, ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың гектар алқапта шамамен 200 млн. ағаш отырғызылады. Ал компенсация мен халықаралық гранттар есебінен 182 гектар алқапқа 700 млн. ағаш отырғызу жоспарлануда.
«Кешенді шаралар 2030 жылға қарай ормандылық аумағын 5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деп айтты министр.
Министр заңсыз ағаш кесуге қатысты заңнаманы күшейту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

«Соңғы кездері елді мекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері орын алғаны белгілі. Осыған байланысты Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тәртіп бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараларды пысықтады»,- деді М.Мырзағалиев өз баяндамасында
Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларына толықтыру енгізген. Оған сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде ОТЫЗ ЕСЕ мөлшерде компенсациялық ағаш отырғызу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желекті екпелерді жойғаны үшін ОН ЕСЕ мөлшерде ағаш отырғызу көзделетін болады. Бұрын бұл нормалар осы Қағидаларда болмаған.
«Орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Үкімет қаулысының тиісті жобасы осы аптада қабылданды. Оған сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды»,- деді министр.
Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге де өзгерістер енгізілуде.
«Құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 айлық есептік көрсеткіштен 450 айлық есептік көрсеткішке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіштен 600 айлық есептік көрсеткішке дейін және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіштен 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Қылмыстық кодекстегі өзгерістер бойынша, заңсыз кескендер 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 40 күнге қамауға алынуы мүмкін»,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Ақпарат үшін:
Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттер қатарына жатады. Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі отыз млн. гектарды құрайды және республикамыздың 11% пайызын алып жатыр. 13 млн. гектар жерде орман өсіп жатыр. Ормандылық көрсеткіш 4,8% құрайды. Ең көп орманды алқаптар Қызылорда, Жамбыл облыстарында орналасқан. Ол жерлерде негізінен сексеуіл өседі. Сонымен қатар, балқарағай, майқарағай, самырсын және шырша сияқты аса құнды ағаш түрлерінің қорлары шоғырланған Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарын да айта кету қажет.
[:ru]
Источник – www.gov.kz

В целях реализации задач по масштабному озеленению страны, поставленных Главой государства в нынешнем Послании, Министерством экологии, геологии и природных ресурсов РК принимаются меры по посадке 2 млрд. деревьев в лесном фонде страны в течение пяти лет.

О проводимой работе в данном направлении проинформировал сегодня министр Магзум Мирзагалиев в ходе заседания Правительства по вопросам воспроизводства и охраны леса.
Так, по словам министра, совместно с акиматами областей определены объемы посадки деревьев в разрезе регионов.
«В целях достижения эффективных показателей по увеличению лесистости страны, министерством принимается ряд комплексных мер. Выработан алгоритм работы с госорганами и акиматами. Силами природоохранных и лесоохранных учреждений акиматов будет произведена посадка 1,1 млрд. деревьев на территории 464 тыс. га, наибольшие объемы посадок леса предполагаются в Туркестанской, Кызылординской, Жамбылской областях. Основная доля этих объемов будет осуществлена за счет посева саксаула, в том числе на высохшем дне Аральского моря», – отметил Магзум Мирзагалиев.
В центральных регионах республики посадка леса будет проводиться основными лесообразующими породами, такие как сосна, ель, береза. Помимо этого, на территории национальных парков и резерватов будет высажено порядка 200 млн. деревьев на площади 62,5 тыс. га. За счет компенсационных посадок и международных грантов планируется посадить 700 млн. деревьев на площади 182 тыс. га.
Вместе с тем, министр озвучил и меры по ужесточению наказания за незаконную вырубку деревьев.
«Как известно, в последнее время имели место факты незаконных порубок, уничтожения и повреждения деревьев и кустарников в населенных пунктах. В этой связи, министерством совместно с заинтересованными госорганами проработан ряд мер, направленных на ужесточение наказания», – добавил Магзум Мирзагалиев.
Так, после внесения МИИР РК дополнений в Типовые правила содержания и защиты зеленых насаждений, будет предусмотрена компенсационная посадка деревьев в тридцатикратном размере при незаконной вырубке, уничтожении, повреждении деревьев, занесенных в Красную книгу Казахстана, а также десятикратная посадка за гибель зеленых насаждений на прилегающей территории физических и юридических и лиц. Ранее данных норм в указанных Правилах не было.

Кроме того, будет увеличен штраф за нанесение ущерба краснокнижным деревьям с 4 до 500 МРП, а за их вырубку – с 6 до 1000 МРП.

По сообщению министра, предусмотрено внесение изменений и в Административный кодекс по увеличению санкций к правонарушителям. Так, максимальная сумма штрафа будет достигать для физических лиц 150 МРП, малого бизнеса – 450 МРП, среднего – 600 МРП, крупного бизнеса – 1500 МРП
Согласно изменениям в Уголовный кодекс за незаконную вырубку деревьев нарушители будут привлечены к общественным работам на 160 часов или взяты под арест до 40 суток.
«Таким образом, масштабные меры по воспроизводству лесов и лесоразведению увеличат площади лесных насаждений и позволят достичь цели по увеличению лесистости страны до 5% к 2030 году», – резюмировал Магзум Мирзагалиев.
Справочно:
Казахстан относится к малолесным государствам, общая площадь земель лесного фонда составляет 30 млн. га и занимает 11% территории страны. Покрытые лесом угодья занимают 13 млн. га. Лесистость страны равна 4,8%. Наибольшие площади лесов находятся в Кызылординской, Жамбылской областях. Это в основном саксауловые насаждения. И в Восточно-Казахстанской и Алматинской областях, где сконцентрированы преимущественно запасы наиболее ценных древесных пород, такие как пихта, кедр, лиственница и ель.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх