[:kz]Қарағанды облысында экологиялық сенбілік өтті[:ru]Экологические субботники прошли в Карагандинской области

Ақпарат көзі – www.inform.kz

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтар демалыс күндері су қоймаларының жағалауынан қоқыс жинап, ағаш отырғызды. Экологиялық сенбіліктер Дүниежүзілік тазалық күніне (World Clean Up day) орайластырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда акция Федоров су қоймасында өтті. Оған еріктілер, экологиялық белсенділер, қоғам қайраткерлері, кәсіпорын қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жағалау аймағында тал егілді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Сұрыпта, тапсыр, қайта өңде!» атты акция ұйымдастырылды. Оған қатысушылар Тихоновка орманында қоқыс жинап, оны бірден сұрыптады. Қапқа пластик, шыны, алюминий және аралас қалдықтар бөлек салынды. Содан кейін мұның бәрі қайта өңдеуге жіберілді.

Экологиялық сенбіліктер барлық қалалар мен аудандарда өтті. Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды.

Акция осы жылы өңірде жарияланған «Кеңгір – баршаның қамқорлығы» жобасының логикалық жалғасы болды. Жезқазғандықтар ортақ күш-жігермен жағалауды ретке келтіріп жатыр.[:ru]Источник – www.inform.kz

КАРАГАНДА. КАЗИНФОРМ – Карагандинцы в минувшие выходные собирали мусор на побережьях водохранилищ и сажали деревья. Экологические субботники были приурочены к Всемирному дню чистоты (World Clean Up day), передает корреспондент МИА «Казинформ».

В Караганде акция прошла на Фёдоровском водохранилище. В ней приняли участие волонтёры, экологические активисты, общественники, работники предприятий и государственные служащие. На прибрежной зоне высадили деревья.

По инициативе областного управления природных ресурсов и регулирования природопользования также состоялась акция «Разделяй, сдавай, перерабатывай!». Её участники собрали мусор в Тихоновской лесопосадке и сразу же его рассортировали. В мешки отдельно складывали пластик, стекло, алюминий и смешанные отходы. И всё это потом отправили на переработку.

Экологические субботники состоялись во всех городах и районах. В Жезказгане очистили от мусора побережье Кенгирского водохранилища. Акция стала логическим продолжением проекта «Кенгир – забота всех и каждого», объявленного в регионе в этом году. Общими усилиями жезказганцы наводят порядок на побережье.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх