Источник – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын болды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
«Бүгін Кіші Талдыкөл мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен сөйлестім. Біздің министрліктің пайымынша, көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін»,- деп жазды Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
«Алдағы уақытта ғалымдар мен эколог сарапшыларды тарта отырып, қала басшылығымен бірлесе осы мәселені толық зерттеуге келістік. Енді кез келген шешім жоғарыда аталған мамандардың қорытындысына сай шығарылатын болады»,-деді министр.[:ru]Источник – www.inform.kz
НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Экспертов и ученых привлекут к рассмотрению вопроса по осушению озера Малый Талдыколь в столице Казахстана. Об этом сообщил министр экологии геологии и природных ресурсов Казахстана Магзум Миразагалиев, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу ведомства.
«Обсудили сегодня с акимом Нур-Султана вопрос по о. Малый Талдыколь. Наше ведомство обеспокоено тем, что осушение озера может привести к нарушению экосистемы», – написал М. Мирзагалиев на своей странице в Twitter во вторник.
«Договорились с руководством города дополнительно изучить этот вопрос с привлечением экспертов, экологов и ученых. Дальнейшее решение будет приниматься с учетом мнения вышеназванных специалистов», – проинформировал глава Минэкологии.
