Дереккөз – www.gov.kz
Бұл технология қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясына айналдыруды қамтамасыз етеді. Министрлік келесі жылы осындай зауыттарды салу үшін аукциондар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады бүгін Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтандағы брифингте.
«Мемлекет басшысының «Waste to energy» технологиясын заң жүзінде енгізу туралы тапсырмасына келетін болсақ, министрлік тиісті заң жобасын дайындап, оны Мәжіліс мақұлдады. Ол күзде Парламент Сенатында қаралады, – деді министр. – Мен бірнеше рет атап өткенімдей, бізде орта есеппен, бүкіл республика бойынша қалдықтарды қайта өңдеу үлесі өте төмен. Барлығы 15%. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 2 есе жоғары – орташа есеппен 30%. Жасыл экономика тұжырымдамасы бойынша біз 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ке жеткізуіміз керек».
Алайда, министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы қоқыс шығару тарифі төмен әрі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен жою шығындары ескерілмеген. Сондықтан бұл салаға жеке инвесторлар келе қоймайды.
Осы ретте «Waste to energy» технологиясы жеке инвесторларды қызықтыруы мүмкін. Себебі, қалдықтарды жағу нәтижесінде электр қуаты өндіріліп, жалпы электр жүйесіне сатылады. Келесі жылы біз осындай зауыттар салу үшін инвесторлар арасында алғашқы аукциондар өткізуді жоспарлап отырмыз. Кім электр қуатының ең төмен бағасын ұсынса, сол аукционның жеңімпазы болады», – деді министр.
Сонымен қатар, заң жобасында бұл қоқыс өртейтін зауыттардың «Өнеркәсіптік қалдықтар туралы» Еуропалық директивасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуі көзделіп отыр. М.Мырзағалиевтің айтуынша, Еуропада мұндай зауыттардағы қалдықтардың көрсеткіші төмен. Мәселен, Венада Шпиттелау қоқыс өртеу зауытында диоксиннің қалдықтарыжылына 1 грамм ғана.
«Біз осындай зауыттарды республиканың 6 пилоттық қаласында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент қалалары. Болашақ инвесторлармен жұмыс басталып та кетті. Қазіргі уақытта біздің министрлік бұл мәселені әкімдіктермен жер учаскелері, инфрақұрылым және қалдықтарды кепілді тиеу бойынша пысықтауда», – деді Мағзұм Мырзағалиев.[:ru]Источник – www.gov.kz
Эта технология предусматривает переработку мусора в электроэнергию путем его сжигания. Аукционы по строительству таких заводов министерство намерено провести уже в следующем году, сообщил сегодня на брифинге в Нур-Султане министр экологии Магзум Мирзагалиев.
«Что касается поручения Главы государства по законодательному внедрению технологии «Waste to energy», то министерством подготовлен соответствующий законопроект, который уже одобрен Мажилисом. Осенью ожидается его рассмотрение в Сенате Парламента, – сказал министр. – Как я уже не раз отмечал, у нас в среднем по стране очень низкая доля переработки отходов. Всего 15%. Тогда как в европейских странах этот показатель в 2 раза больше – в среднем 30%. Согласно концепции зеленой экономики, мы должны довести этот показатель до 40% к 2030 году».
Однако, по словам министра, сегодня тарифы на вывоз мусора в Казахстане низкие и не учитывают затраты на переработку и утилизацию твердо-бытовых отходов. Поэтому частным инвесторам идти в эту отрасль не выгодно.
«Технология «Waste to energy» как раз-таки может заинтересовать частных инвесторов. Потому что в результате сжигания мусора производится электроэнергия и продается в общую электрическую сеть. Уже в следующем году мы планируем провести первые аукционы среди инвесторов на строительство такого завода. Кто представит наименьшую стоимость электроэнергии, тот и станет победителем аукциона», – сообщил министр.
Кроме того, законопроектом предусмотрено, что данные мусоросжигающие заводы будут работать, в соответствии с требованиями, эквивалентными Европейской Директиве «О промышленных выбросах». Сегодня, отметил М.Мирзагалиев, в Европе на таких заводах – минимальные показатели по выбросам. К примеру, в Вене на мусоросжигающем заводе Шпиттелау выбросы диоксинов составляют всего до 1 грамма в год.
«Мы планируем запустить такие заводы в 6 пилотных городах республики. Это Актобе, Алматы, Атырау, Нур-Султан, Тараз и Шымкент. Работа с потенциальными инвесторами уже начата. Также наше министерство сейчас активно прорабатывает этот вопрос с акиматами по наличию земельных участков, инфраструктуры и гарантированной загрузки отходами», – сообщил Магзум Мирзагалиев.
