Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ботаникалық бақта өткен жылы Қазақстан халқының бірлігі күні отырғызылған алма ағаштары тамыр жайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Еске салайық, атыраулық фермер Тамила Розметова Жастар жылының ашылу салтанатында елордада алма бағын отырғызуды ұсынды. Көп ұзамай, Елбасы тапсырмасы бойынша қала әкімдігі Ботаникалық баққа алма көшеттерін отырғызу үшін жер телімін анықтады.
«Алма ағаштары шынымен де суыққа төзімді болып шықты. Олар қыстан аман шығып, жақсы гүлдеді! Ағаштар сәтті бейімделіп, жерсінуі үшін тиісті күтім, уақытылы суару және қардан қорғауды қажет етті. Осындай күтім жағдайында ағаштар өсіп, алдағы жылдары жемісті алма бағына айналады деп сенеміз», – дейді елордалық Ботаникалық бақ мамандары.
Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков өткен жылы алма ағаштарын отырғызуға қатысқандардың бірі.
«Кеше отбасыммен серуендеп келіп, арнайы алма ағаштарын аралап, жеміс бергенін көріп бойымды ерекше бір қуаныш биледі. Еліміздің жастары да көп күттірмей осы ағаштар сияқты жеміс беріп, ел мүддесін бәрінен биік қойып, мемлекетімізді тек алға жетелесін деп тілек тіледім», – дейді Б.Жүнісбеков.
Қазіргі уақытта Ботаникалық бақта алма ағаштарының сегіз түрі өседі: беларусь синабы, таңқурай, алезия, имант, фридом, надзейны, сакавита және Қазақстан астанасы құрметіне аталған алманың жаңа сорты – Nur-Sultan.
Олардың барлығы аязға төзімді, өнімділігі жоғары және жемістері ұзақ сақталады. Ботаникалық бақта биіктігі 1,2-1,5 метр болатын барлығы 800 алма ағашы отырғызылды. Ағаштарға күтім жасау үшін заманауи тамшылатып суару жүйелері қолданылады. Жалпы, биыл елорданы көгалдандыру аясында 30 мың ағаш және 6 млн-ға жуық гүл отырғызылады.[:ru]Источник – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. КАЗИНФОРМ – В Ботаническом саду укоренились яблони, посаженные в прошлом году в День единства народа Казахстана. Об этом Казинформ называет акиматом города.
Напомним, что атырауский фермер Тамила Розметова предложила посадить яблоневый сад в столице на церемонии открытия Года молодежи. Вскоре от имени президента мэрия определила участок земли для посадки яблонь в Ботаническом саду.
«Яблони действительно оказались морозостойкими. Они пережили зиму и хорошо расцвели! Деревья нуждались в надлежащем уходе, своевременном поливе и защите от снега для адаптации и посадки. Мы надеемся, что в таких условиях деревья вырастут и в ближайшие годы станут плодоносящим яблоневым садом », – заявили специалисты столичного ботанического сада.
Бакытжан Жунусбеков, начальник отдела молодежной политики, был одним из участников посадки яблонь в прошлом году.
«Вчера я был очень счастлив прогуляться с семьей, посетить яблони и посмотреть, как они приносят плоды. Я надеюсь, что молодежь нашей страны скоро принесет плоды, подобные этим деревьям, поставит интересы страны превыше всего и выведет нашу страну вперед », – сказал Б.Жунусбеков.
В настоящее время в Ботаническом саду выращивают восемь видов яблонь: белорусская мята, малина, алезия, имант, фри, надзейна, сакавита и новый сорт яблони, названный в честь столицы Казахстана – Нур-Султан.
Все они – морозостойкие, высокоурожайные и долговечные плоды. Всего в Ботаническом саду было посажено 800 яблонь высотой 1,2-1,5 метра. Современные системы капельного орошения используются для ухода за деревьями. В целом в этом году в столице будет высажено 30 тысяч деревьев и около 6 миллионов цветов.
