Дереккөз – www.inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы маңындағы тауларда бірнеше қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Видеоны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Камерамызға жаңа көріністерді түсіріп алдық! Дана әлі күнге дейін балаларын мәпелеп жүр. Ал олар анасынан да үлкен болып өсіп кеткен. Өздері тамақ тауып жесе болады ғой. Күшіктердің жағдайы жақсы сияқты. Терісі жылтырап тұр, аш-арық емес. Бұл жақсы» деп жазды Ержан Еркінбаев.
Еске сала кетейік, Дана атты ұрғашы қар барысы жыл басында екі баласымен видеоға түсіп қалған еді.
Таяуда Алматы тауларында екі қабыланның күйек кезіндегі «әңгімесі» әлеуметтік желіде тараған болатын.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тарихында алғаш рет үш бірдей қар барысы 2018 жылдың желтоқсанында көзге түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:ru]Источник – www.tengrinews.kz
Фотоловушки в горах близ Алматы сняли неспешное передвижение самки снежного барса со своим выводком, передает Tengrinews.kz.
На кадрах – самка по кличке Дана с молодым поколением. Уже несколько раз с весны 2019 года ее с двумя котятами фиксировали фотоловушки.
Как отметил глава АО НК “Kazakh Tourism” Ержан Еркинбаев, дикие кошки выглядят хорошо. Об их состоянии можно судить по здоровому виду шкуры и отсутствию худобы.
“Очередное видео с наших камер! Дана все еще нянькается со своими детьми, хотя они уже больше ее самой! Пора уже самим добывать еду!” – написал в своем Instagram Ержан Еркинбаев.
