[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1293007?lang=kk
Қыркүйектің бірінші және екінші онкүндігі ішінде Атырау қаласындағы атмосфералық ауа мониторингінің кейбір бекеттерінде ластаушы заттардың шоғырлануы туралы ақпарат тіркеледі.
Соңғы бірнеше жылда Атырау ауаның ластану деңгейі бойынша «көшбасшылар» қатарында. Қала үшін күкіртті сутегі әсіресе өзекті. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар және шығарындылар көздері болған кезде белгіленген шекті рұқсат етілген концентраттан (ШРК) едәуір асып кету жағдайлары тіркеледі.
Атырау қаласындағы ауаның күкіртті сутегімен (H₂S) ластануының жоғары деңгейі факторлардың жиынтығына байланысты. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК кәріз объектілері, «Квадрат» булану алаңы, жылыту қазандықтары мен ЖЭО негізгі көздері болып табылады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қосымша әсер етеді – желдің аздығы, түнгі уақыт және ластаушы заттардың таралу жылдамдығының төмендігі.
Орталық және жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдар атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында Атырау облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту, атап айтқанда, атмосфераға шығарындыларды азайту, инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық бақылауды күшейту бойынша бірқатар іс-шараларды іске асыруда.
Қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда, Атырау облысы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексерулерге бастамашылық жасайды.
Бұған дейін, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Экология министрлігі Атырау облысының Экология департаментімен Атырау қаласындағы атмосфералық ауаның сапасына қатысты жоспардан тыс тексерудің басталғаны туралы хабарлады.
Экологиялық кодекстің талаптары шеңберінде ірі табиғат пайдаланушылардың бірқатар кәсіпорындарында мониторингтің автоматтандырылған жүйелері орнатылған және деректер Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне беріледі.
Қол жетімді ең жақсы техниканы, кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу, қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауды еске салады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1293007?lang=ru
В течение первой и второй декады сентября на некоторых постах мониторинга атмосферного воздуха в г.Атырау фиксируется информация о концентрации загрязняющих веществ.
Последние несколько лет Атырау в числе «лидеров» по уровню загрязнения воздуха. Для города особенно актуален сероводород. При неблагоприятных метеорологических условиях и наличии источников выбросов фиксируются случаи значительного превышения установленной предельно допустимого концентрата (ПДК).
Высокий уровень загрязнения воздуха сероводородом (H₂S) в г. Атырау обусловлен совокупностью факторов. Основные источники: АНПЗ, канализационные объекты КГП «Атырау облысы Су Арнасы», испарительная площадка «Квадрат», отопительные котлы и ТЭЦ. Дополнительное влияние оказывают неблагоприятные метеоусловия – слабый ветер, ночное время и низкая скорость рассеивания загрязняющих веществ.
В целях снижения загрязнения атмосферного воздуха центральными и местными уполномоченными государственными органами реализуется ряд мероприятий по улучшению экологической ситуации в Атырауской области, в частности, сокращение выбросов в атмосферу, модернизация инфраструктуры, усиление экологического контроля.
В случаях выявления нарушений действующего законодательства, Департаментом экологии по Атырауской области инициируются внеплановые проверки.
Ранее, 8 сентября т.г. Министерство экологии сообщало о начале внеплановой проверки Департаментом экологии по Атырауской области касательно качества атмосферного воздуха в г.Атырау.
В рамках требований Экологического Кодекса, на ряде предприятий крупных природопользователей установлены автоматизированные системы мониторинга (АСМ), и данные передаются в Национальный банк данных о состоянии окружающей среды и природных ресурсов Республики Казахстан.
Внедрение наилучших доступных техник, автоматизированной системы мониторинга на предприятиях, соблюдение требований действующего законодательства позволит снизить уровень загрязнения атмосферного воздуха.
Министерство экологии и природных ресурсов, как уполномоченный орган в сфере защиты охраны окружающей среды, напоминает о неукоснительном соблюдении требований экологического законодательства Республики Казахстан.
