[:kz]Сеулде Қазақстан мен AFoCO-ның орман шаруашылығы және көміртегі жобалары саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды[:ru]В Сеуле обсудили расширение сотрудничества Казахстана и AFoCO в сфере лесного хозяйства и углеродных проектов

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292231?lang=kk

2026 жылғы 14 қыркүйек, Сеул қаласы, Корея Республикасы. Орман шаруашылығы мәселелері жөніндегі министрлік форумға қатысу аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.К. Шарбиев Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (AFoCO) атқарушы директоры Пак Чонхомен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ормандарды орнықты басқару, ормандарды қалпына келтіру, орман көміртегі жобаларын дамыту, инвестициялар тарту және орман шаруашылығына заманауи тәсілдерді енгізу салаларындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Қазақстанда көміртегі жобаларын практикалық іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен AFoCO арасында орнықты орман шаруашылығы және көміртегі жобалары саласындағы ынтымақтастық туралы Өзара түсіністік жөніндегі меморандум папкаларымен алмасу рәсімі өтті.

Меморандум бірлескен бастамаларды одан әрі пысықтауға негіз қалыптастырады. Атап айтқанда, құжат мүдделі ұйымдардың қатысуымен Қазақстанда көміртегі жобасын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуді көздейді. Жоба 100 мың гектардан астам орман қорғау белдеулері мен агроорман-мелиорациялық аумақтарды қамтуы мүмкін. Сондай-ақ тараптар әлеуетті қаржыландыру көздерін бірлесіп іздестіруді жоспарлап отыр.

Қол жеткізілген уағдаластықтар әлеуетті жобаларды нақты пысықтауға, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға және қаржыландыру тарту мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жекелеген жобалар бойынша нақты заңдық міндеттемелер алдағы уақытта тараптардың дербес келісімдерімен рәсімделуі мүмкін.

Сонымен қатар тараптар болашақ жобаларды Қазақстан ілгерілетіп отырған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасымен ұштастыру мүмкіндіктерін талқылады. Бастама орман экожүйелерін қалпына келтіру, жасыл аумақтарды ұлғайту және орман көміртегі жобаларын іске асыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Вице-министр Қазақстанның орман шаруашылығын дамыту үшін халықаралық тәжірибе, технологиялар мен инвестицияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ AFoCO-мен ынтымақтастық ел аумағында нақты практикалық жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға және Қазақстанда кейіннен іске асыру үшін перспективалы жобаларды айқындауға дайын екендерін растады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292231?lang=ru

14 сентября 2026 года, г. Сеул, Республика Корея. В рамках участия в Министерском форуме по вопросам лесного хозяйства вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Н.К. Шарбиев провел двустороннюю встречу с исполнительным директором Организации азиатского сотрудничества в лесном секторе (AFoCO) Пак Чонхо.

В ходе встречи стороны обсудили перспективы дальнейшего сотрудничества в области устойчивого управления лесами, лесовосстановления, развития лесных углеродных проектов, привлечения инвестиций и внедрения современных подходов в лесном хозяйстве.

Особое внимание было уделено практической реализации углеродных проектов в Казахстане. По итогам встречи состоялся обмен папками Меморандума о взаимопонимании между Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и AFoCO о сотрудничестве в области устойчивого лесного хозяйства и углеродных проектов. 2 AFOCO Каз.docx

Меморандум формирует основу для дальнейшей проработки совместных инициатив. В частности, документ предусматривает содействие разработке и реализации углеродного проекта в Казахстане с участием заинтересованных организаций, включая более 100 тыс. гектаров лесозащитных полос и агролесомелиоративных территорий, а также совместный поиск потенциальных источников финансирования. 2 AFOCO Каз.docx

Достигнутые договоренности позволят перейти к предметной проработке потенциальных проектов, определить механизмы их реализации и привлечения финансирования. При этом конкретные юридически обязательные договоренности по отдельным проектам в дальнейшем могут оформляться самостоятельными соглашениями сторон. 2 AFOCO Каз.docx

Отдельно стороны обсудили возможности сопряжения будущих проектов с продвигаемой Казахстаном региональной инициативой «Зеленый щит Центральной Азии», направленной на расширение международного сотрудничества в сфере восстановления лесных экосистем, увеличения зеленых территорий и реализации лесных углеродных проектов.

Вице-министр отметил заинтересованность Казахстана в привлечении международного опыта, технологий и инвестиций для развития лесного хозяйства и подчеркнул, что сотрудничество с AFoCO должно быть ориентировано на реализацию конкретных практических проектов на территории страны.

По итогам встречи стороны подтвердили готовность продолжить совместную работу и определить перспективные проекты для последующей реализации в Казахстане.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх