[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1290928?lang=kk
2026 жылғы 14 қыркүйекте Сеул қаласында орман шаруашылығы және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі «Корея Республикасы – Орталық Азия» министрлік форумы өтті.
Форум жұмысына Орталық Азия елдерінің бейінді мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері, Корея орман қызметінің, Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO), сондай-ақ БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының (UNCCD) өкілдері қатысты.
Форумда Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.К. Шарбиев таныстырды.
Іс-шара барысында ормандарды орнықты басқару, тозған жерлерді қалпына келтіру, климаттың өзгеруіне бейімделу, орман шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, көміртегі тетіктерін дамыту және өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне баса назар аударылды.
«Жасыл жол: шекарасыз ынтымақтастық» атты бірінші сессия аясында қатысушылар Корея Республикасының ормандардағы төтенше жағдайларға ден қоюда спутниктік технологияларды пайдалану тәжірибесін, ормандардың көміртегі активтерін дамыту мәселелерін, сондай-ақ жерлерді қалпына келтіру және климаттың өзгеруінің салдарына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен тәсілдерді қарастырды.
Форумның негізгі бөлігінің бірі Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағыттарына арналған министрлік диалог болды. Талқылау барысында тараптар ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру, жердің тозуы мен шөлейттенудің алдын алу, цифрлық технологияларды енгізу және климаттық жобаларды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Вице-министр Н.К. Шарбиев қатысушыларды Қазақстанда ел аумағының ормандылығын арттыру, ауқымды орман қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, Арал теңізінің құрғаған табанында орман екпелерін құру, орман питомниктерін дамыту және ормандарды қорғау жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Орман көміртегі жобаларын іске асыру және ормандарды қалпына келтіру мен жаңадан орман өсіруге бюджеттен тыс инвестициялар тарту перспективаларына ерекше назар аударылды. Қазақстанда осындай жобаларды іске асыруға және көміртегі тетіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін заңнамалық негіз қалыптастырылған.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1290928?lang=ru
14 сентября 2026 года в городе Сеул состоялся Министерский форум «Республика Корея – Центральная Азия» по вопросам лесного хозяйства и борьбы с изменением климата.
В работе форума приняли участие руководители и представители профильных государственных органов стран Центральной Азии, Корейской лесной службы, Азиатской организации лесного сотрудничества (AFoCO), а также Конвенции ООН по борьбе с опустыниванием (UNCCD).
Казахстанскую делегацию на форуме представил вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Н.К. Шарбиев.
Основное внимание в ходе мероприятия было уделено вопросам устойчивого управления лесами, восстановления деградированных земель, адаптации к изменению климата, применения современных технологий в лесном хозяйстве, развития углеродных механизмов и укрепления регионального сотрудничества.
В рамках первой сессии «Зелёная дорога: сотрудничество без границ» участники рассмотрели опыт Республики Корея по использованию спутниковых технологий для реагирования на чрезвычайные ситуации в лесах, вопросы развития углеродных активов лесов, а также совместные подходы к восстановлению земель и противодействию последствиям изменения климата.
Ключевой частью форума стал министерский диалог, посвящённый дальнейшим направлениям сотрудничества Республики Корея и государств Центральной Азии в сфере лесного хозяйства. В ходе обсуждения стороны обменялись мнениями по вопросам лесовосстановления и лесоразведения, предотвращения деградации земель и опустынивания, внедрения цифровых технологий и развития климатических проектов.
Вице-министр Н.К. Шарбиев проинформировал участников о проводимой в Казахстане работе по увеличению лесистости территории страны, масштабному лесовосстановлению, созданию лесных насаждений на осушенном дне Аральского моря, развитию лесных питомников и совершенствованию системы охраны лесов.
Отдельное внимание уделено перспективам реализации лесных углеродных проектов и привлечения внебюджетных инвестиций в восстановление и создание лесов. Казахстаном сформирована законодательная основа, позволяющая реализовывать такие проекты и использовать углеродные механизмы для достижения климатических целей страны.
По итогам форума стороны подтвердили заинтересованность в дальнейшем развитии практического сотрудничества, обмене технологиями и опытом, а также реализации совместных проектов в области лесовосстановления, борьбы с опустыниванием и адаптации лесных экосистем к изменению климата.
Участие Казахстана в форуме направлено на укрепление взаимодействия с Республикой Корея и государствами Центральной Азии и продвижение совместных инициатив по сохранению и восстановлению лесных экосистем региона.
