[:kz]Қазақстандағы климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы тартылуы мүмкін[:ru]Более $4 млн могут быть направлены на климатические проекты в Казахстане

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1290400?lang=kk

Қазақстанда жоспарланып отырған климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы бағытталуы мүмкін. Климаттық технологияларды енгізу және экологиялық жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) өкілдерімен Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында талқылады.

UNEP сарапшыларымен өткен кездесуде IGTIC-тің Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп іске асырып жатқан Технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA) жобасын іске асыру нәтижелері талқыланды. Қазіргі уақытта жобаның қорытынды компоненті – Технологиялар жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тараптар CCAC қаржыландыратын метан жобасын талқылады. Бұған дейін IGTIC Климаттың өзгеруі жөніндегі үйлестіру орталығымен бірлесіп, аграрлық сектордағы, атап айтқанда, мал шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаны гранттық қаржыландыруға өтінім берген болатын. Сонымен қатар Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Талқылаулар тараптардың серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін көрсетті.

ЮНИДО сарапшысы Томаш Павелецпен өткен кездесуде тараптар Жасыл климат қорының қолдауымен Readiness III бағдарламасы аясында ұлттық климаттық инвестициялық платформаны құру мәселесін талқылады. ЮНИДО платформаның практикалық жұмыс істеу тетіктерін дамытуда Орталыққа техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Readiness IV бағдарламасының келесі кезеңі аясында ынтымақтастық орнату перспективалары қарастырылды.

Платформаны құру климаттық инвестицияларды ұлттық деңгейде үйлестіруге мүмкіндік беріп, жасыл акселерация жөніндегі өңірлік хаб арқылы тәжірибені Орталық Азия елдеріне таратуға негіз қалайды. Бұл бастама IGTIC-тің ЮНИДО-мен бірлесіп соңғы үш жылда жүзеге асырып келе жатқан GCIP жобасының жалғасы болмақ.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1290400?lang=ru

Более $4 млн могут быть направлены на реализацию планируемых климатических проектов в Казахстане. Перспективы сотрудничества по внедрению климатических технологий и финансированию экологических проектов обсудил Председатель Правления НАО «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов» (IGTIC) Сакен Калкаманов с Программой ООН по окружающей среде (UNEP) и Организацией Объединённых наций по промышленному развитию (ЮНИДО) в рамках Бакинской недели климатических действий.

В ходе встречи с экспертами UNEP обсуждены результаты реализации проекта оценки технологических потребностей (TNA), который IGTIC реализует совместно с Азиатским банком инфраструктурных инвестиций. В настоящее время ведется работа над финальным компонентом проекта – Планом действий по технологиям.

Также стороны обсудили метановый проект, финансируемый CCAC. Ранее IGTIC совместно с Координационным центром по изменению климата подал заявку на грантовое финансирование проекта по снижению выбросов метана в аграрном секторе, в частности в животноводстве. Кроме того, обсуждались перспективы сотрудничества по реализации лесоклиматических проектов в рамках Статьи 6 Парижского соглашения. Дискуссии продемонстрировали взаимный интерес сторон к укреплению партнерства.

С экспертом ЮНИДО Томашем Павелецом стороны обсудили создание национальной климатической инвестиционной платформы при поддержке Зеленого климатического фонда в рамках программы Readiness III. ЮНИДО выразил готовность оказывать Центру техническую поддержку в развитии практического функционирования платформы, включая перспективу сотрудничества в следующем цикле программы Readiness IV.

Создание платформы позволит координировать климатические инвестиции на национальном уровне и создаст основу для трансфера опыта в страны Центральной Азии через региональный хаб по зеленой акселерации. Инициатива станет продолжением проекта GCIP, над которым IGTIC совместно с ЮНИДО работает в течение последних трех лет.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх