[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1284637?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «38. Последняя точка» көркем фильмінің алдын ала көрсетіліміне қатысты.
Фильмде орманшылардың жұмысы, олардың қызмет барысында кездесетін қиындықтары мен қауіп-қатерлері көрсетілген. Картина қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына арналған.
Көрсетілім алдында Ерлан Нысанбаев сөз сөйлеп, орманшылардың еңбегі туралы айтты.
«Бүгінгі «38. Последняя точк» фильмі біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі мұнда орманшылардың жұмысы, олардың күнделікті кездесетін қиындықтары мен қауіп-қатері көрсетілген. Орман өртінде алдыңғы шепте жүретін – осы сала мамандары. Олар табиғатты ғана емес, елді мекендер мен адамдардың өмірін қорғау үшін еңбек етеді. Өкінішке қарай, өз міндетін атқару кезінде өмірден өткен әріптестеріміз де бар. Бұл фильм – сол жандардың рухына тағзым, олардың еңбегіне деген құрмет», – деді министр.
Бүгінде еліміздің орман шаруашылығы жүйесінде мыңнан астам адам еңбек етеді. Орманшылар орманды күзету және қорғау, өрттің алдын алу және оны сөндіру жұмыстарын атқарады. Өрт шыққан жағдайда олар алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жетіп, тілсіз жаумен күреседі.
Ерлан Нысанбаев фильмде орманшылардың жұмысы ғана емес, олардың отбасы мен жақындары алдындағы жауапкершілігі, қиын сәтте қабылдайтын шешімдері мен әріптестер арасындағы достық та көрсетілгенін айтты.
Министр Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына, режиссер Төребек Бейсебаев бастаған шығармашылық топқа және фильмнің жарыққа шығуына атсалысқан барша азаматқа алғыс білдірді.
Сондай-ақ шығармашылық топқа табыс тілеп, фильм көрерменнің ықыласына ие болатынына сенім білдірді.
«38. Соңғы нүкте» фильмінің оқиғасы табиғи апатпен бетпе-бет келген орманшылардың айналасында өрбиді. Фильмде олардың қауіпті жағдайда атқаратын жұмысы, достық, отбасы және қызметтік борыш мәселелері қамтылған.
Фильмнің режиссері – Төребек Бейсебаев, продюсері – Нұржігіт Хайдар. Басты рөлдерді Асан Мәжит, Арман Уахитов, Алтыншаш Шаяхметова, Төлепберген Байсақалов, Асылбек Әйтіш, Мақсат Сабитов және Алмат Сақатов сомдайды.
Кинокартина Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен түсірілді.
3 қыркүйектен бастап «38. Соңғы нүкте» көркем фильмі кең прокатқа шығады.
[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1284637?lang=ru
Сегодня Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев принял участие в предпремьерном показе художественного фильма «38. Соңғы нүкте».
Картина рассказывает о работе лесников и тех рисках, с которыми они сталкиваются при исполнении служебного долга. Фильм посвящен памяти тех, кто погиб, выполняя свою работу.
Перед показом Ерлан Нысанбаев обратился к зрителям и поблагодарил создателей фильма.
«Для нас этот фильм имеет особое значение. В нем показана работа лесников, трудности и риски, с которыми они сталкиваются каждый день. Во время лесных пожаров именно специалисты этой сферы находятся на передовой. Они защищают не только природу, но и населенные пункты, жизни людей. К сожалению, среди наших коллег есть те, кто погиб при исполнении служебного долга. Этот фильм – дань их памяти и уважения к их труду»,сказал Ерлан Нысанбаев.
Сегодня в системе лесного хозяйства страны работают более тысячи человек. Они охраняют и защищают леса, занимаются профилактикой и тушением пожаров. При возникновении лесного пожара специалисты одними из первых прибывают на место и приступают к тушению.
Министр поблагодарил Министерство культуры и информации Республики Казахстан, Государственный центр поддержки национального кино, режиссера Торебека Бейсебаева, актеров и всю съемочную группу, работавшую над фильмом.
Сюжет «38. Последняя точка» разворачивается вокруг лесников, оказавшихся в эпицентре стихийного бедствия. Помимо их работы, в фильме показаны отношения с родными и близкими, дружба и выбор, который приходится делать в критической ситуации.
Режиссер картины – Торебек Бейсебаев, продюсер – Нуржигит Хайдар. Главные роли исполнили Асан Мажит, Арман Уахитов, Алтыншаш Шаяхметова, Толепберген Байсакалов, Асылбек Айтиш, Максат Сабитов и Алмат Сакатов.
Фильм снят по заказу Министерства культуры и информации Республики Казахстан при поддержке Государственного центра поддержки национального кино и Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.
С 3 сентября «38. Последняя точка» выходит в широкий прокат.
