[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1282167?lang=kk
Бүгін Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев Павлодар облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті, оның барысында өзекті экологиялық мәселелер қаралып, азаматтардың өтініштері бойынша түсіндірмелер берілді.
Павлодар облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, оған 23 іс-шара енгізілген.
Сонымен қатар шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде АМЖ орнату талаптарына 15 кәсіпорын жатады, олардың 12-сінде жүйелер қазірдің өзінде орнатылған.
Қазіргі уақытта 8 кәсіпорынның деректері Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне берілуде.
2026 жылғы деректер бойынша облыстың мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 478,8 мың га құрайды, оның 312,1 мың гектары орманмен көмкерілген.
Ормандарды молықтыру мақсатында 2021 жылдан бері Павлодар облысында 101,3 млн көшет 19,7 мың га алқапқа отырғызылды.
Халықтың «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысуы маңызды рөл атқарады.
Бастама аясында облыста 24 экологиялық іс-шара өткізілді, 79 мың тоннадан астам қалдық жиналды, 23 мыңнан астам аумақ тазартылып, 32 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Экологиялық акцияларға 427 мыңнан астам адам қатысты.
Жыл басынан бері тек Павлодар облысында Telegram-чат-боты @TazaQazBot арқылы 524 өтінім келіп түсті: 492-сі орындалды, 23-і орындалу үстінде, 9 өтінімнің күші жойылды.
Жалпы, Павлодар облысындағы экологиялық ахуал бақылауда.
Өз сөзінде вице-министр айтып өткендей экологиялық жүктемені азайту, кәсіпорындарды жаңғырту және қоршаған ортаның сапасын жақсарту жұмыстары жүйелі негізде жалғасады.
Іс сапар барысында вице-министр азаматтардың жеке қабылдауын және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді және бір қатар өнеркәсіптік нысандарға барды, атап өткенде «Energy Solutions Center» ЖШС, Екібастұз ЖЭО және «Богатырь» көмір разрезі.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1282167?lang=ru
Сегодня в г.Экибастуз состоялась встреча вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ж.Алиева с жителями и представителями неправительственных организаций Павлодарской области, в ходе которой были рассмотрены актуальные экологические вопросы и даны разъяснения по обращениям граждан.
В Павлодарской области реализуется Дорожная карта по комплексному решению экологических проблем на 2025 – 2029 годы, включающая 23 мероприятия.
В области активно ведется работа по внедрению автоматизированной системы мониторинга выбросов. В регионе под требования по установке АСМ подпадают 15 предприятий, на 12 из них системы уже установлены.
В настоящее время данные от 8 предприятий передаются в Национальный банк данных о состоянии окружающей среды и природных ресурсов.
По данным за 2026 год общая площадь земель государственного лесного фонда области составляет 478,8 тыс. га, из них 312,1 тыс. га покрыты лесом.
В целях воспроизводства лесов с 2021 года в Павлодарской области высажено 101,3 млн сеянцев на площади 19,7 тыс. га.
Реализация мероприятий по увеличению лесных насаждений продолжается.
Важную роль играет участие населения в республиканской акции «Таза Қазақстан».
В рамках инициативы в области проведено 24 экологических мероприятия, собрано более 79 тыс. тонн отходов, очищено свыше 23 тыс. территорий и высажено порядка 32 тыс. деревьев.
В экологических акциях приняли участие более 427 тыс. человек.
Только по Павлодарской области с начала года через Telegram-чат-бот @TazaQazBot поступило 524 заявок: 492 выполнены, 23 находятся на исполнении, 9 отменены.
В целом экологическая ситуация в Павлодарской области находится под контролем.
Как отметил вице-министр, работа в Павлодарской области по снижению экологической нагрузки, модернизации предприятий и улучшению качества окружающей среды будет продолжена на системной основе.
В ходе поездки вице-министр провел личный прием граждан и брифинг для представителей региональных средств массовой информации и посетил ряд производственных объектов ТОО «Energy Solutions Center», Экибастузский ТЭЦ и разрез «Богатырь».
