[:kz]Астанада ТМД-да алғаш рет электромобильдерге арналған толық автономды күн энергиясымен жұмыс істейтін зарядтау станциясы таныстырылды: желіні ауқымды түрде кеңейту жоспарлануда[:ru]В Астане презентовали первую в СНГ полностью автономную солнечную зарядную станцию для электромобилей: планируется масштабное расширение сети

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1280343?lang=kk

Қазақстан green-tech шешімдерін бүкіл ел аумағында кең ауқымда енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ТМД-да алғаш рет электромобильдерге арналған толық автономды күн энергиясымен жұмыс істейтін зарядтау станциясының таныстырылымы барысында белгілі болды. Алдағы уақытта мұндай станциялар желісін ауқымды түрде кеңейту көзделіп отыр. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі электромобильдерге арналған автономды күн зарядтау станциясын еліміз бойынша green-tech шешімдерін кеңінен енгізудің жаңа серпінді бағыты ретінде қарастырады.

Астанада өткен жұмыс кеңесіне ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев төрағалық етті. Жиынға ҚР Көлік министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ өкілдері қатысты.

«Алатау» спорт кешенінің аумағында орналасқан жаңа жасыл хабты отандық «BOLASHAQ POWER» ЖШС әзірлеген. Нысан қалалық электр желісіне тәуелсіз (off-grid) жұмыс істейді. Ол қуаты 100 кВт күн электр станциясын және сыйымдылығы 645 кВт·сағ энергия жинақтау жүйесін біріктіреді. Сонымен қатар жоба Қазақстанның Жасыл таксономиясының барлық талаптарына толық сәйкес келеді.

Кездесуге қатысушылар осындай автономды станцияларды республикалық маңызы бар негізгі автожолдардың бойында, қалаларда, өнеркәсіп кәсіпорындары мен инфрақұрылым нысандарында кеңінен орналастыру мүмкіндігін қарастырды. Өз сөзінде ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев былай деп атап өтті: «Біз жекелеген жасыл нысандарды ғана емес, жаңартылатын энергетика, электр көлігі, инновациялық технологиялар мен көміртекті жобалар біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін төмен көміртекті экономиканың тұтас инфрақұрылымын қалыптастыруымыз керек. Күн энергиясын пайдаланып жұмыс істейтін зарядтау станциясы электр көлігіне қажетті инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, көміртек ізін азайтуға да жол ашады. Біздің міндетіміз – жекелеген демонстрациялық жобалардан олардың Қазақстан өңірлерінде кеңінен қолданылуына көшу. Бұл ретте инвесторлар үшін экономикалық тұрғыдан тартымды жағдайлар қалыптастыру қажет».

Осындай станциялар желісін дамыту Қазақстанға Париж келісімінің 6-бабы аясында сапалы климаттық жобалар портфелін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жеке инвестицияларды тартуға серпін беріп, көлік саласындағы парниктік газдар шығарындыларын жүйелі түрде азайтуға жол ашады.

 [:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1280343?lang=ru

Казахстан планирует масштабировать green-tech решения по всей стране. Об этом стало известно в ходе презентации первой в СНГ полностью автономной солнечной зарядной станции для электромобилей, где планируется масштабное расширение сети. Министерство экологии и природных ресурсов РК рассматривает автономную солнечную зарядную станцию для электромобилей как точку роста для масштабирования green-tech решений по всей стране.

В выездном рабочем совещании в Астане под председательством вице-министра экологии и природных ресурсов РК М. Ошурбаева приняли участие представители Министерства транспорта РК, Акимата г. Астаны, АО «НК «ҚазАвтоЖол» и НАО «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов».

Новый зеленый хаб, расположенный на площадке спортивного комплекса «Алатау», разработан отечественным предприятием ТОО «BOLASHAQ POWER». Он функционирует автономно от городских электросетей (off-grid), объединяя солнечную генерацию мощностью 100 кВт и накопители энергии емкостью 645 кВт·ч, а также полностью соответствует критериям Зеленой таксономии РК.

Участники встречи рассмотрели возможность развертывание аналогичных автономных станций вдоль ключевых республиканских автодорог, в городах, на промышленных предприятиях и объектах инфраструктуры. В своем выступлении вице-министр экологии и природных ресурсов РК Мансур Ошурбаев подчеркнул: «Мы должны создавать не отдельные зеленые объекты, а целую инфраструктуру низкоуглеродной экономики, где возобновляемая энергетика, электротранспорт, инновационные технологии и углеродные проекты работают как единая система. Зарядная станция, работающая с использованием солнечной энергии, позволяет одновременно развивать инфраструктуру для электротранспорта и снижать углеродный след от его эксплуатации. Наша задача – переходить от единичных демонстрационных решений к их широкому применению в регионах Казахстана, создавая экономически привлекательные условия для инвесторов».

Развитие сети подобных станций позволит Казахстану сформировать портфель качественных климатических проектов в рамках Статьи 6 Парижского соглашения, стимулируя привлечение частных инвестиций и системное снижение выбросов парниковых газов в транспортной отрасли.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх