[:kz]Қазақстан мен Финляндия экология, Каспий теңізін қорғау және орман ресурстарын қалпына келтіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда[:ru]Казахстан и Финляндия укрепляют сотрудничество в сфере экологии, охраны Каспия и восстановления лесных ресурсов

[:kz]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278144?lang=kk

Астанада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі мен Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннари арасында екіжақты кездесу өтті. Тараптар Қазақстан–Финляндия үкіметаралық комиссиясы аясындағы екіжақты әріптестіктің негізгі мәселелерін және Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бағдарламасы бойынша экологиялық бастамаларды іске асыруды талқылады.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап «Lamor Corporation» компаниясының Каспий теңізінің экологиялық тұрақтылығын арттыру жөніндегі Концепция жобасын ресми түрде түскеннен кейін жан-жақты қарастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстан жоба бағыттарының негізгі басымдықтарын — экологиялық мониторингті, мұнай төгінділерін жоюды және экожүйелерді қалпына келтіруді қолдайды, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының жетекшілігімен, фин серіктестерінің техникалық қатысуымен іске асыру тәсілін құптайды.

Кездесуде Орталық Азия елдері үшін Орман шаруашылығының өңірлік оқу орталығын құру бастамасына ерекше назар аударылды. БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп әзірленіп жатқан жобаны Астанадан 100 км қашықтықта, Ақкөл орман шаруашылығы базасында орналастыру жоспарлануда. Орталық жыл сайын орман пайдаланудың халықаралық стандарттары мен өрт қауіпсіздігі бойынша 1000-нан астам маманды даярлауға арналған. Жобаның алдын ала бюджеті 40 млн АҚШ доллары көлемінде бағалануда.

Қазақстандық тарап Финляндияның орман саласындағы жоғары беделін атап өтіп, фин серіктестеріне жобада инвестициялық және технологиялық тұрғыдан қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, кездесу аясында «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік жобасын іске асыру жоспарлары таныстырылды. Бұл жоба республикадағы негізгі автожолдар мен теміржолдар бойында (ұзындығы 50-ден 390 км-ге дейін) қорғаныш орман белдеулерін құруды көздейді. Қатысушылар сондай-ақ «Қазгидромет» пен Финляндияның метеорологиялық институты (FMI) арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, суды тазарту бойынша фин технологияларын енгізуге және Финляндияның Геологиялық қызметімен (GTK) өзара іс-қимылды нығайтуға қызығушылықтарын растады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278144?lang=ru

В Астане состоялась двусторонняя встреча Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан с Депутатом Парламента Финляндии Вилле Скиннари. Стороны обсудили ключевые вопросы двустороннего партнерства в рамках Казахстанско-Финской межправительственной комиссии и реализацию экологических инициатив по программе Европейского союза «Global Gateway».

В ходе переговоров казахстанская сторона выразила готовность детально рассмотреть проект Концепции компании «Lamor Corporation» по повышению экологической устойчивости Каспийского моря сразу после его официального поступления. Казахстан поддерживает ключевые направления проекта — экологический мониторинг, ликвидацию разливов нефти и восстановление экосистем — и приветствует подход к его реализации под руководством РК при техническом участии финских партнеров.

Особое внимание на встрече было уделено инициативе по созданию Регионального учебного центра лесного хозяйства стран Центральной Азии. Проект, разрабатываемый совместно с ПРООН, планируется разместить в 100 км от Астаны на базе Аккольского лесхоза. Центр рассчитан на ежегодную подготовку более 1 000 специалистов по международным стандартам лесопользования и противопожарной безопасности. Предварительный бюджет проекта оценивается в 40 млн долларов США.

Казахстанская сторона подчеркнула высокий авторитет Финляндии в лесной отрасли и предложила финским партнерам рассмотреть возможность инвестиционного и технологического участия в проекте.

Кроме того, в рамках встречи были представлены планы по реализации регионального проекта «Зелёный щит Центральной Азии», предусматривающего создание защитных лесополос вдоль ключевых автотрасс и железных дорог республики (протяженностью от 50 до 390 км). Участники также подтвердили заинтересованность в развитии сотрудничества «Казгидромета» с Финским метеорологическим институтом (FMI), внедрении финских технологий очистки воды и взаимодействии с Геологической службой Финляндии (GTK).

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх