[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1275773?lang=kk
Адам аяғы сирек жететін құз-жартастар. Ұшы-қиыры жоқ тау жоталары. Сол биіктің үнсіз иесі бар — арқар.
Арқар — Қазақстан табиғатының ең айбынды жануарларының бірі. Ірі денесі, шиыршықтала иілген алып мүйізі мен асқақ таудағы еркін жүрісі бір көргеннен-ақ таңғалдырады.
Арқардың мекені — кең тау бөктерлері мен жартасты өңірлер. Табиғат оған осындай күрделі ортада тіршілік етуге бейім шапшаңдық пен төзімділік берген. Қауіпті сезген сәтте тау бедерін шебер пайдаланып, биікке қарай жылдам қозғалады.
Алайда осындай қуатты жануардың өзі қорғауға мұқтаж. Арқар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында. Оның популяциясын сақтау үшін мекен ету ортасын қорғау, заңсыз аулауға жол бермеу және тұрақты мониторинг жүргізу маңызды.
Арқар жүрген тау — тірі тау.
Оның табиғатта еркін жүруі — жабайы табиғаттың тұтастығы мен таулы экожүйелердің сақталуының маңызды белгісі.
Биіктің сәні, таудың айбыны — арқарды бірге қорғайық![:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1275773?lang=ru
Недоступные скалы. Бескрайние горные хребты. И среди этих высот живет их величественный обитатель — архар.
Архар — одно из самых впечатляющих животных природы Казахстана. Мощное телосложение, массивные закрученные рога и уверенное движение среди горных склонов делают его по-настоящему узнаваемым.
Его стихия — горные склоны и скалистые территории. Архар прекрасно приспособлен к жизни в сложном горном рельефе, отличается выносливостью и ловкостью.
Но даже этому сильному животному необходима защита. Архар занесен в Красную книгу Казахстана и находится под охраной государства. Сохранение мест его обитания, предотвращение незаконной охоты и постоянный мониторинг имеют важное значение для сохранения популяции.
Горы, где обитает архар, — это горы, где продолжается жизнь.
Его свободное существование в дикой природе — один из важных признаков сохранности горных экосистем.
Архар — гордость и величие наших гор. Сохраним его для будущих поколений!
