[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1275522?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология жіне табиғи ресурстар министрлігі аумақтық экология департаменттеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процедуралық ережелерді сақтау бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинарда негізгі заңды талаптар қарастырылды: әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін заңды негіздердің және жеткілікті негіздердің болуы, хаттамаларды дұрыс жасау, істерді қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау және іс жүргізуге қатысушылардың процедуралық құқықтарын қамтамасыз ету.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802 және 806-баптарын іс жүзінде қолдануға, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізуді дұрыс дайындауға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар аумақтық департаменттердің практикалық жұмысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. Семинар қорытындысы бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге, әкімшілік іс жүргізудің сапасын арттыруға және заңнамалық ережелердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу құқық қорғау тәжірибесін жақсартуға және мемлекеттік экологиялық инспекторлардың кәсіби дағдыларын арттыруға көмектеседі.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1275522?lang=ru
Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан провел обучающий семинар для территориальных департаментов экологии, посвященный вопросам соблюдения процессуальных норм при возбуждении и рассмотрении дел об административных правонарушениях.
В ходе семинара рассмотрены ключевые требования законодательства: наличие законных поводов и достаточных оснований для возбуждения административного производства, правильность составления протоколов, соблюдение установленных сроков рассмотрения дел, а также обеспечение процессуальных прав участников производства.
Особое внимание уделено практическому применению статей 802 и 806 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, а также надлежащему оформлению материалов административного производства.
Участники обсудили актуальные вопросы, возникающие в практической деятельности территориальных департаментов. По итогам семинара даны соответствующие разъяснения и рекомендации, направленные на соблюдение законности, повышение качества административного производства и обеспечение единообразного применения норм законодательства.
Проведение таких обучающих мероприятий способствует совершенствованию правоприменительной практики и повышению профессионального уровня государственных экологических инспекторов.
