[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1274855?lang=kk
«Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруда. Жаңа жүйе саланы басқаруды орталықтандыруды, процестерді цифрландыруды, қалдықтар нарығын дамытуды және қайта өңдеуді қолдау тетіктерін енгізуді көздейді.
Негізгі бағыттардың бірі – қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру. «Жасыл даму» АҚ-ға Қалдықтарды басқару ұлттық орталығы (ҚБҰО) мәртебесі берілді. Орталықтың міндеті – қалдықтар ағындарын үйлестіру, мемлекеттік органдар, өңірлер мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ саланың жұмыс істеуінің бірыңғай әрі ашық тетіктерін енгізу.
Жаңа жүйенің маңызды бағыттарының бірі – саланы цифрландыру. Қоғам қалдықтардың түзілуінен бастап қайта өңделуіне дейінгі барлық кезеңде олардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны енгізу мәселесін пысықтауда.
Платформа аясында қалдық түзушілердің цифрлық паспорттарын, қалдықтардың қозғалысын жоспарлау және мониторингтеу құралдарын, сондай-ақ қалдықтарды басқару инфрақұрылымы нысандарының бірыңғай дерекқорын біріктіру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қалдықтар нарығын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтармен электрондық сауда жасау құралдарын енгізу және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін бизнесті экономикалық ынталандыру тетіктерін дамыту көзделген.
Жұмыстың тағы бір бағыты – ауылдық жерлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қажетті инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ қалдықтарды шығаруды жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи тетіктерін қамтитын ҚТҚ-ны басқарудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр.
Өнеркәсіптік қалдықтар саласында қайта өңдеуді қолдау құралдарын енгізу, отандық және халықаралық инвестицияларды тарту, сондай-ақ қалдықтар түзілетін жерлерде қайта өңдеу қуаттарын құру көзделген.
Еске салайық, 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Құжатта алғаш рет қалдықтардың әртүрлі түрлерін басқарудың жүйелі тәсілдері айқындалып, айналмалы экономика қағидаттарына көшуге негіз қаланды.
Тұжырымдаманың негізгі міндеті – қалдықтарды тек кәдеге жарату нысаны ретінде емес, экономикалық айналымға қайта тартуға болатын ресурс ретінде қарастыратын кешенді әрі экономикалық тұрғыдан негізделген жүйе қалыптастыру.
Тұжырымдамада көзделген тәсілдерді іске асыра отырып, «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесінің институционалдық, цифрлық және экономикалық негізін қалыптастыруда. Жүйені дамыту саланың ашықтығын арттыруға, қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға және қалдықтарды экономикалық айналымға қайта тартуға бағытталған.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1274855?lang=ru
АО «Жасыл даму» ведет работу по формированию новой системы управления отходами в Казахстане, которая предусматривает централизацию управления отраслью, цифровизацию процессов, развитие рынка отходов и создание механизмов поддержки переработки.
Одним из ключевых направлений является создание централизованной системы управления отходами. АО «Жасыл даму» наделено статусом Национального центра управления отходами (НЦУО), который призван обеспечить координацию потоков отходов, взаимодействие государственных органов, регионов и бизнеса, а также внедрение единых и прозрачных механизмов функционирования отрасли.
Важным элементом новой системы станет цифровизация отрасли. Общество прорабатывает внедрение цифровой платформы, которая позволит обеспечить прослеживаемость отходов на всех этапах — от их образования до переработки.
Планируется, что платформа объединит цифровые паспорта образователей отходов, инструменты планирования и мониторинга перемещения отходов, а также единую базу данных объектов инфраструктуры по обращению с отходами.
Параллельно ведется работа по формированию рынка отходов. Предусматривается внедрение инструментов электронной торговли отходами и механизмов экономического стимулирования бизнеса, осуществляющего деятельность в сфере переработки.
Отдельное направление работы связано с организацией обращения с твердыми бытовыми отходами в сельской местности. Планируется внедрение цифровой модели управления ТБО, включающей развитие необходимой инфраструктуры, а также современные механизмы планирования и организации вывоза отходов.
В сфере промышленных отходов предусматривается внедрение инструментов поддержки переработки, привлечение национальных и международных инвестиций и создание перерабатывающих мощностей непосредственно в местах образования отходов.
Напомним, 31 декабря 2025 года постановлением Правительства РК была утверждена Концепция управления всеми видами отходов в РК на 2026–2030 годы. Документ впервые системно определил подходы к управлению различными видами отходов и заложил основу для перехода к принципам циркулярной экономики.
Ключевая задача Концепции — формирование комплексной и экономически обоснованной системы, при которой отходы рассматриваются не только как объект утилизации, но и как ресурс, который может быть возвращен в экономический оборот.
Реализуя предусмотренные Концепцией подходы, АО «Жасыл даму» формирует институциональную, цифровую и экономическую основу новой системы управления отходами. Ее развитие направлено на повышение прозрачности отрасли, расширение переработки и последовательное вовлечение отходов во вторичный экономический оборот.
