[:kz]Қазақстан көміртегі жобаларын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады[:ru]Казахстан открывает новые возможности развития углеродных проектов

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273973?lang=kk

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған екі күндік іс-шара өтуде. Оған мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, бизнестің өкілдері, жобаларды әзірлеушілер мен сарапшылар қатысады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырды.

Қазақстан заманауи климаттық жобаларды дамытуға және халықаралық инвестицияларды тартуға жағдай жасайды. Бұл парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе көміртекті сіңіруді арттыруға мүмкіндік беретін жобалар, соның ішінде орман өсіру және басқа да табиғи шешімдер.

Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстанда көміртегі жобаларын іске асырудың жаңа ережелері ұсынылды, сондай-ақ Париж келісімінің 6-бабынасәйкес мұндай жобалардың халықаралық көміртегі нарығына қалай қатыса алатыны туралы айтылды.

Жобаларға қойылатын талаптарға, оларды мемлекеттік авторизациялауға, нәтижелерді есепке алуға, мониторингке және тәуелсіз тексеруге ерекше назар аударылды. Бұл көміртегі жобаларының мөлдір, сенімді және халықаралық талаптарға сай болуы үшін қажет.

Париж келісімінің нарықтық тетіктеріне қатысу ел үшін климаттық жобаларға инвестициялар тарту және ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев.

Іс-шара барысында сондай-ақ климаттық жобаларды іске асырудың халықаралық тәжірибесі және жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) және BIOFIN бастамасының қолдауымен Қазақстанда БҰҰДБ іске асыратын жобалардың мысалдары ұсынылды.

Бағдарламаның практикалық бөлігі топтарда жұмыс істеуді және мемлекеттің, инвесторлардың және климаттық жобаларды әзірлеушілердің өзара іс-қимылының нақты мысалдарын талдауды қамтыды.

Негізгі оқиғалардың бірі көміртегі жобаларын жүзеге асыру үшін әлеуетті орман учаскелерінің тұсаукесері болды. Қатысушылар сондай-ақ көміртекті сіңіруді арттыру, қалалық ортаның сапасын жақсарту және экожүйелердің тұрақтылығын арттыру үшін орман өсіру тәжірибесін көрсететін Астананың жасыл белдеуіне барды.

2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне түзетулер қабылдау және қажетті заңға тәуелді актілерді әзірлеу маңызды кезең болды. Жаңа ережелер көміртегі жобаларын жүзеге асыру және шығарындыларды азайту нәтижелерін (ITMO) халықаралық беру үшін нақты жағдайлар жасайды.

Осылайша, Қазақстан көміртегі нарығын дамыту, климаттық қаржыландыруды тарту және халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа экологиялық жобаларды іске асыру үшін негіз қалыптастырады.

[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273973?lang=ru

В Астане проходит двухдневное мероприятие, посвященное развитию углеродных проектов в Казахстане в рамках Парижского соглашения. В нем принимают участие представители государственных органов, международных организаций, финансовых институтов, бизнеса, разработчики проектов и эксперты.

Мероприятие организовано Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Программой развития ООН в Казахстане (ПРООН)

Казахстан создает условия для развития современных климатических проектов и привлечения международных инвестиций. Речь идет о проектах, которые позволяют сокращать выбросы парниковых газов или увеличивать поглощение углерода, в том числе за счет лесоразведения и других природных решений.

В рамках мероприятия участникам представили новые правила реализации углеродных проектов в Казахстане, а также рассказали о том, как такие проекты могут участвовать в международном углеродном рынке в соответствии со статьей 6 Парижского соглашения

Отдельное внимание уделено требованиям к проектам, их государственной авторизации, учету результатов, мониторингу и независимой проверке. Это необходимо для того, чтобы углеродные проекты были прозрачными, надежными и соответствовали международным требованиям.

Участие в рыночных механизмах Парижского соглашения открывает для страны новые возможности по привлечению инвестиций в климатические проекты и достижению национальных климатических целей», – отметил Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е Нысанбаев.

В ходе мероприятия также был представлен международный опыт реализации климатических проектов и примеры проектов, реализуемых ПРООН в Казахстане при поддержке Глобального экологического фонда (ГЭФ) и инициативы BIOFIN.

Практическая часть программы включала работу в группах и разбор конкретных примеров взаимодействия государства, инвесторов и разработчиков климатических проектов.

Одним из ключевых событий стала презентация потенциальных лесных участков для реализации углеродных проектов. Участники также посетили Зеленый пояс Астаны, который демонстрирует имеющийся опыт лесоразведения для увеличения поглощения углерода, улучшения качества городской среды и повышения устойчивости экосистем.

Важным этапом стало принятие 8 июля 2026 года поправок в Экологический кодекс Республики Казахстан и разработка необходимых подзаконных актов. Новые правила создают понятные условия для реализации углеродных проектов и международной передачи результатов сокращения выбросов (ITMO).

Таким образом, Казахстан формирует основу для развития углеродного рынка, привлечения климатического финансирования и реализации новых экологических проектов в соответствии с международными стандартами.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх