[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273643?lang=kk
12 тамызда, Каспий күніне орай, Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (ҚОҚАТО) қатысты.
6–12 тамыз аралығында өткен халықаралық апта Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген делегацияларды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сарапшыларды, волонтерлер мен жастарды біріктірді.
Апта бойы ҚОҚАТО Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға, экологиялық волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бағдарламаның негізгі іс-шараларына қатысты.
Апта сегіз мемлекеттің ұлттық мұрасы мен музыкалық дәстүрлерін біріктірген салтанатты мәдени бағдарламамен қорытындыланды. Алғаш рет «VOLUNTEERS OF THE WORLD» халықаралық волонтерлер гимні таныстырылды.
«Caspian Sea Action Week – 2026» аяқталғанымен, оның басты идеясы баршаға ортақ болып қала береді: бір Каспий — бір жауапкершілік, бір ынтымақтастық кеңістігі және бір ортақ болашақ.
Маңғыстау Каспий теңізін болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу жолындағы халықаралық диалогтың, жаңа бастамалардың және күш-жігерді біріктірудің маңызды алаңына айналды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273643?lang=ru
12 августа, в День Каспия, в городе Актау состоялась торжественная церемония закрытия международной волонтерской недели «Caspian Sea Action Week – 2026». В мероприятии принял участие РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (ИАЦООС).
Международная неделя, проходившая с 6 по 12 августа, объединила делегации восьми стран — Казахстана, Азербайджана, России, Ирана, Туркменистана, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана, а также представителей международных организаций, экспертов, волонтеров и молодежь.
В течение недели ИАЦООС принял участие в ключевых мероприятиях программы, направленных на сохранение экосистемы Каспийского моря, развитие экологического волонтерства, обмен опытом и укрепление международного сотрудничества.
Завершилась неделя торжественной культурной программой, объединившей национальное наследие и музыкальные традиции восьми государств. Впервые был представлен международный гимн волонтеров «VOLUNTEERS OF THE WORLD».
«Caspian Sea Action Week – 2026» завершилась, но ее главная идея остается общей для всех: один Каспий — одна ответственность, одно пространство сотрудничества и одно общее будущее.
Мангистау стал площадкой для международного диалога, новых инициатив и объединения усилий во имя сохранения Каспийского моря для будущих поколений.
