[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1271501?lang=kk
Оны табиғатта көру — өте сирек бұйыратын сәт. Қар барысы биік таулардың ең құпия әрі айбынды жыртқыштарының бірі. Ол көзге көп түспейді, көбіне адам аяғы сирек жететін жартасты, биік таулы аумақтарды мекендейді.
Қар барысының ерекше қабілеттерінің бірі — бір секіргенде шамамен 15 метрге дейінгі қашықтықты еңсере алуы. Ал ұзын әрі қалың құйрығы жартастар арасында қозғалғанда тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Қақаған суықта оны денесіне орап, жылыну үшін де пайдаланады.
Тағы бір қызығы — қар барысы арыстан немесе жолбарыс секілді ақыра алмайды. Оның дыбыстары көбіне пырылдау, ырылдау және басқа бәсең үндерге ұқсайды.
Қазақстанда қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекет қорғауында. Оның мекен ету аумағының бір бөлігі еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орналасқан. Қар барысы Іле-Алатауы, Катонқарағай, Көлсай көлдері, Сайрам-Өгем және Жоңғар Алатауы, Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтарының таулы аумақтарында кездеседі.
Бұл аумақтарда сирек жыртқыштың мекен ету ортасын сақтау, фототұзақтар арқылы бақылау және ғылыми мониторинг жүргізу жұмыстары жүзеге асырылады.
Қар барысының Қазақстан тауларында мекендеуі — жай ғана сирек жануардың кездесуі емес. Бұл – таулы экожүйелердің табиғи тепе-теңдігі мен тұтастығын көрсететін маңызды белгі.
Табиғаттың көзге көрінбейтін иесін қорғау – тауларымыздың болашағын қорғау.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1271501?lang=ru
Увидеть его в дикой природе — большая редкость. Снежный барс — один из самых скрытных и величественных хищников высокогорья. Он редко попадается на глаза и предпочитает труднодоступные скалистые и высокогорные участки.
Одна из удивительных особенностей снежного барса — способность преодолевать в прыжке расстояние примерно до 15 метров. Длинный и густой хвост помогает ему сохранять равновесие при передвижении по скалам, а в сильные морозы служит дополнительной защитой от холода.
Еще один интересный факт — снежный барс не способен издавать такой мощный рёв, как лев или тигр. Для него характерны более тихие звуки — мурлыканье, ворчание и другие негромкие вокализации.
В Казахстане снежный барс занесен в Красную книгу и находится под охраной государства. Часть ареала редкого хищника расположена на особо охраняемых природных территориях страны. Снежный барс встречается в горных районах Иле-Алатауского, Катон-Карагайском, Кольсай көлдері, Сайрам-Угамского и Жонгар-Алатауского,и Алтын-Эмельского государственных национальных природных парков, а также Аксу-Жабаглинского и Алматинского государственных природных заповедников.
На этих территориях ведется работа по сохранению мест обитания редкого хищника, наблюдение с помощью фотоловушек и научный мониторинг.
Присутствие снежного барса в горах Казахстана — это не просто свидетельство обитания редкого животного. Это важный показатель сохранности, устойчивости и целостности горных экосистем.
Защищая невидимого хозяина гор, мы сохраняем будущее наших гор.
