[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1270314?lang=kk
«Сіздің дауысыңыз маңызды: ӘРПК мен Экологиялық кодекс азаматтарға өз өңірінің экологиясына ықпал ету құқығын қалай береді»
Заңнамалық негіз: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (2, 31-баптар) және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (13, 18-баптар).
Қоғамдық тыңдаулар – жай ғана рәсім емес, бұл сіздің құқығыңыз!
Елді мекеніңіздің маңында жаңа зауыттың, карьердің немесе ірі нысанның құрылысы жоспарланып жатыр ма? Заңға сәйкес, мемлекет пен инвесторлар құрылыс басталғанға дейін жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдауға міндетті.
ӘРПК мен Экологиялық кодекс қалай бірге жұмыс істейді?
* Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы: Әрбір азамат мемлекеттік органдардан қоршаған ортаның жай-күйі, атмосфераға шығарылатын шығарындылар және жоспарланып отырған жобалар туралы өзекті әрі шынайы ақпарат алуға құқылы.
* Қоғамдық тыңдауларға қатысу: Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) кезеңінде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Сіз сұрақтар қойып, өз келіспеушілігіңізді білдіруге және ұсыныстарыңызды енгізуге құқылысыз.
* ӘРПК бойынша құқықтарды қорғау: ӘРПК мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштері мен қоғамдық пікірлерін объективті әрі жан-жақты қарастыруға міндетті екенін кепілдендіреді. Тұрғындардың ешбір негізделген ескертуі жауапсыз қалмауы тиіс.
Қатысу не үшін маңызды?
Қоғамдық тыңдаулар барысында тұрғындардан түскен барлық ескертулер хаттамаға енгізіледі. Егер жоба экологиялық талаптарға сәйкес келмесе немесе адамдардың денсаулығына қауіп төндірсе, тыңдау қорытындылары экологтар мен сарапшылардың шешім қабылдауына тікелей ықпал етеді.
Еске саламыз: Өңірдің экологиялық қауіпсіздігі – әрқайсымыздың белсенді әрі бейжай қарамайтын ұстанымымыздан басталады. Қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруларды ресми ақпарат көздерінен бақылап отырыңыз![:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1270314?lang=ru
«Ваш голос имеет значение: как АППК и Экологический кодекс дают гражданам право влиять на экологию своего региона»
Закон: АППК РК (ст. 2, 31) и Экологический кодекс РК (ст. 13, 18).
Общественные слушания — это не формальность, а ваше право!
Планируется ли строительство нового завода, карьера или крупного объекта возле вашего населенного пункта? По закону государство и инвесторы обязаны услышать мнение жителей еще до начала строительства.
Как работают АППК и Экокодекс вместе?
* Право на экологическую информацию: Каждый гражданин имеет право получать от государственных органов актуальные и достоверные данные о состоянии окружающей среды, выбросах и планируемых проектах.
* Участие в общественных слушаниях: На этапе оценки воздействия на окружающую среду (ОВОС) проводятся слушания. Вы можете задавать вопросы, выражать несогласие и вносить свои предложения.
* Защита прав по АППК РК: АППК гарантирует, что госорганы обязаны объективно и всесторонне рассмотреть обращения и замечания общественности. Ни одно мотивированное замечание жителей не должно остаться без ответа.
Почему важно участвовать?
Все замечания, поступившие от жителей в ходе общественных слушаний, фиксируются в протоколе. Если проект не соответствует экологическим нормам или угрожает здоровью людей, результаты слушаний прямо влияют на принятие решений экологами и экспертами.
Напоминаем: Экологическая безопасность региона начинается с активной и неравнодушной позиции каждого из нас. Следите за анонсами общественных слушаний на официальных ресурсах!
