[:kz]«Жасыл даму» АҚ «Семей орманы» резерватына 3,1 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады[:ru]АО «Жасыл даму» направило более 3,1 млрд тенге для резервата «Семей Орманы»

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1270286?lang=kk

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады.

Резерваттың материалдық-техникалық базасын жаңарту өрт қауіпті маусымға дайындықты күшейтуге, өрт ошақтарына жедел ден қою уақытын қысқартуға және орман қорын қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында мемлекеттік орман табиғи резерватына өрт ошақтарына жедел ден қою және өртке қарсы іс-шараларды тиімді жүргізуге қажетті 39 өрт сөндіру автоцистернасы, 10 трактор және 26 жол талғамайтын көлік сатып алынды.

Бүгінде барлық техника пайдалануға беріліп, күнделікті жұмыста қолданылуда. Соның арқасында мамандар орман өрттеріне жедел ден қойып, қажетті техника мен жабдықтарды өрт ошақтарына дер кезінде жеткізіп, орман аумақтарын қорғау жұмыстарын тиімді атқаруда.

Еске салайық, 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттік орман табиғи резерваттарына, қорықтарға және орман шаруашылығы мекемелеріне заманауи арнайы техника сатып алуға 33,1 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады.

Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға және оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер, тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті басқа да арнайы техника бар.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1270286?lang=ru

При поддержке Министерства экологии и природных ресурсов РК АО «Жасыл даму» за счет средств утилизационного платежа направило более 3,1 млрд тенге на приобретение современной специализированной техники для государственного лесного природного резервата «Семей Орманы» в области Абай.

Обновление материально-технической базы резервата направлено на повышение готовности к пожароопасному сезону, сокращение времени реагирования на возгорания и повышение эффективности защиты лесного фонда.

В рамках проекта лесной природный резерват получил 39 пожарных автоцистерн, 10 тракторов и 26 автомобилей повышенной проходимости, необходимых для оперативного реагирования на возгорания и выполнения противопожарных мероприятий.

Напомним, с 2024 года по настоящее время АО «Жасыл даму» направило свыше 33,1 млрд тенге средств утилизационного платежа на приобретение современной специализированной техники для государственных национальных природных парков, лесных природных резерватов, заповедников и лесохозяйственных учреждений страны.

За этот период для природоохранных организаций приобретено 1 006 единиц специализированной техники, предназначенной для предупреждения и оперативного тушения лесных и степных пожаров. В их числе пожарные автоцистерны, автомобили повышенной проходимости, тракторы и другая техника, необходимая для защиты лесного фонда и особо охраняемых природных территорий.

Реализация таких проектов способствует укреплению материально-технической базы природоохранных учреждений, повышению их готовности к пожароопасному сезону и сохранению уникальных лесных экосистем Казахстана.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх